Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде



бет4/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Тұлға теориясы Дәрістер

Бақылауға арналған сұрақтар: 1. Тұлға анықтамасы қандай? 2. Тұлға құрылымы және оның құраушылары? 3. Тұлғаның психологиялық қорғанысы? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Л.Хьелл,Д.Зиглер Теории личности СПб 2005г. 2.Психология Под ред.В.Н.Дружинина СПб 2003г 3.Клонингер С.Терия Познание человека М-СПб 2003 4.Орлов А.Б.Психология личности и сущности человека:Парадигмы,проекции,практики М.2002 5.Елисеев О.П. Практикум по психологии личности СПб 2005 6.Б.В.Зейгарник Психология личности: норма и патология М.2003 7.К.Холл Г.Линдеей Теории личности М2000г.

2 Дәріс


Тақырып: Тұлға психологиясына кіріспе.
Дәріс мазмұны:

  1. Тұлға теориясының мақсаты.

  2. Тұлға теориясының қызметтері.

  3. Тұлға теориясының компоненттері.



Дәріс мақсаты: тұлға психологиясының мақсатын қарастыру, тұлға теориясы компоненттеріне сипаттама беру.
Негізгі ұғымдар: теория қызметтері, құрылымдық концепциялар, тұлға қасиеттері концепциясы, психикалық денсаулық, тұға теориясы компоненттері.


1.Тұлға психологиясының мақсаты. Психология бастауын ежелгі римдіктерден көруге болады. Бұдан екі мың жыл бұрын философтар қазіргі кездегі психологтарды мазалайтын мәселелер тұсында дискуссия жүргізді. Бірақ психологияның дербес ғылым ретінде ресми туындауы 1879 ж.сәйкес келеді. Бұл жылы Лейпцигте (Германия) Вильгельм Вундт психикалық құбылыстарды эксперименталды зерттеу бойынша алғашқы лабораторияны салды. Одан кейінгі жылдары психологияның дамуы қарқынды болды. Қазіргі тұлға психологиясының негізгі мақсаты – ғылыми тұрғыдан адамдар не себептен олай ұстайтындығын түсіндіру. Ғылыми психология қарапайым, нақты эмпирикалық тексеруге болатын концепциялармен жұмыстануды қолдайды. Қазіргі тұлға теориясы, ғылыми пән бола отырып, интуицию, фольклорға сүйенетін емес, эксперименталды түрде дәлелденетін ақыл-ойға қонымды пікірлерге аударады. Мысалы, не себептен жеткіншектер ішімдікке салынады, үйлерінен безетіндігін зерттеушілер жеткіншек кезеңнің психологиясы және жасөспірімдерде өтірік айтудың тұлғалық механизміне сүйене отырып көрініс беруі керек. Адам тұлғасының мәселелерін зерттеумен персонология айналысады.Бұл терминді Генри Мюррей (Murray, 1938)тұлға психологиясы аймағындағы экспериментатор мен теоретиктерді анықтау үшін ұсынды. Тұлға психологиясының тағы бір мақсаты- адамдарға өмірден қанағат сезімін толық деңгейде алуына көмектесу. Эксперименталды зерттеуді және теорияны дамыта отырып, көптеген персонологтар өмірлік қиындықтарды жеңудің тиімді әрі өнімді стратегияларын іздеумен және дамытумен айналысады. Мұндағы жетістіктерге психотерапияның жаңа жетістіктерін, адамдардың өз бойындағы жақсы қасиеттерін ашуға мүмкіндік беретін психоәлеуметтік ортадағы өзгерістер мен оқыту бағдарламаларын жатқызуға болады. 2.Тұлға теориясының қызметтері. Қазіргі таңда адам мінез-құлқының негізгі аспектілерін түсіндіру үшін персонологтар қандай тұрғыларды қолдану керектігі тұсында жалпы ортақ қабылданған пікір жоқтың қасы. Персонология дамуының бұл стадиясында көптеген альтернативті теориялар бар, олар адамдар арасындағы айырмашылықтарды түсіндіретін тұлғаны интегративтелген тұтастық ретінде қарастырады. Теория –бұл негізгі мақсаты шынайылықты арнайы бақылаудан туындаған нәрселерді түсіндіретін туындаған өзара байланысты идея, құрылым, принциптер жүйесі болып табылады. Тұлға теориясы – адамдардың өздерін қандай да бір ситуацияда ұстауы, өз алдына қандай көрініс беретіндігі туралы ой қорыту немесе болжамды көрсетеді. Теориялар негізгі екі функцияны көрсетеді: олар мінез-құлықты түсіндіреді және алдын-ала болжайды. Тұлға теориясы түсіндірмелі болып келеді, өйткені ол мінез-құлықты белгілі бір деңгейде ұйымдасқан түрде көрсететіндіктен түсінікті болады. Басқаша айтқанда, теория бізге мәлім ақпараттардың барлығын интерпретациялауға және жеңіл болуына мүмкіндік беретін мағыналық қаңқасын немесе сызбасын қамтамасыз етеді. Мысалы, бес жастағы бала өз анасына не себептен романтикалық сезімі орнап, ал керісінше әкесіне деген тітіркенгіштік сезімі туындайды.Егер біз басқа да балалар осындай сезімді бастарынан өткеретіндігін білетін болсақ бұл мәселенің шешімі табылады.Тұлға дамуындағы белгілі-бір стадияға осындай сезімдерді сәйкес келтіретін теориямен қаруланғаннан кейін біз бұл баланы жақын түсінетін боламыз. Біз дұрыс немесе бұрыс қабылдауымыз мүмкін, бірақ солай болғанымен балалардың бойындағы сезімдері жөнінде ортақ мәселеге келетін боламыз. Теорияның түсіндірмелі қызметі мінез-құлықпен байланысты бақылаулар мен фактілердің көп мөлшерімен жұмыстанған кезде ерекше мәнге ие болады.Тұлға теориясы жақсы болса, адам мінез-құлқын суреттеу және интерпретациялаудың мәнді болуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет