Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Либидо дегеніміз не?
Фрейд бойынша психжыныстық стадияларды сипатта.
Фрейд бойынша тұлға құрылымы.
Фрейд бойынша топографиялық моделдің компоненті.
Психоаналитикалық терапияға қатысты қазіргі тұрғылар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Л.Хьелл, Д.Зиглер Теории личности СПб 2005 г.
2.Елисеев О.П. Практикум по психологии личности СПб 2005.
3.Б.В.Зейгарник Психология личности: норма и патология М.2003
4.К.Холл Г.Линдсей Теории личности М 2000 г.
№ 5 Дәріс
Тақырып: Альфред Адлердің тұлғалық индивидуалды теориясы.
Мазмұны:
1. А.Адлердің өмір жолы.
2. Индивидуалды психологияның негізгі концепциялары және принциптері.
Дәріс мақсаты: Тұлғаның индивидуалды теориясының негізгі ережелерін сипаттау, Адлердің принциптері мен концепцияларын талдау.
Негізгі ұғымдар: толымсыздық сезімі және компенсация; басымдылыққа ұмтылыс; өмір стилі; әлеуметтік қызығушылық; шығармашылық Мен; туылу реті; фикционды финализм.
Альфред Адлер 1870 жылы 7 ақпанда Австрияда дүниеге келген. Балалық шақтан ол дәрігер болуды армандаған. Альфред орташа еврей отбасындағы алты баланың үшіншісі болды. Ол кішкене кезінен өзінің физикалық әлсіздігімен күресті. Балалық шағында бірнеше рет өлімге жақын болды. 3 жасында оның кіші інісі бірге Адлермен жатқан жерінде көз жұмады. Сонымен қатар ол екі рет көше оқиғаларынан аман қалады, ал 5 жасында ауыр пневмонияны басынан өткереді. Отбасылық дәрігер оны нәтижесіз деп санағанымен, бірақ басқа дәрігер оны құтқарып қалды. Бұл оқиғадан кейін Адлер дәрігер болуды шешеді.
Жас кезінде Адлер көп оқығанды ұнатты. 18 жасында ол Вена университетіне медицина бөліміне оқуға түседі. Универсиетте социализм идеясына көңіл бөліп, бірнеше политикалық жиналыстарға қатысады. Жиналыстардың бірінде өзінің болашақ жары орыс студенті Раиса Эпштейнді кездестіреді.
1895жылы Адлер медициналық дәрежеге жетеді Адлер невролог, психиатор, маманы болып шықты.1901жылы Адлер жас дәрігер болып Фрейдтің жаңа жазылып жатқан “Толкование и сновидения” кітабын қорғады. Бірінші дүние жүзілік соғыстың алғашқы екі жылында Адлер соғыста дәрігер болып 1916 жылы Венаға оралды. 1919 жылы Австрияның қолдауымен алғашқы балалар клиникасын ашады. Бірнеше жылдан кейін Венада осындай клиникада Адлердің шәкірттері жұмыс істейді. Мұндай клиникалар Тосландияда, Германияда, АҚШта пайда бола бастайды. 1926 жылы Адлердің Нью-Йорктегі Колумбиялық университетке профессорлыққа жұмысқа алдырылады. 1928жылы АҚШтағы жаңа мектепте дәріс оқыды. Бұл мектеп Колумбия университетінің серіктесі болатын. 1933 жылы Адлер ең соңғы рет АҚШқа көшуге бел буады. 1937 жылы 28 мамырда Аберидинге дәріс оқуда күтпеген жерден жүрек ұстамасынан 67 жасында көз жұмады.
Адлер өте белсенді және жемісті еңбек еткен жазушы. (300ден астам кітаптары мен мақалалары бар). Оның жеке тұлға теориясына кіріспе ретіндегі қомақты еңбегі “Практика и теория индивидуальной психологии”; сондай-ақ, “Невротическая консультация”, “Смысл жизни”, “Образ жизни” және т.б. ғылыми еңбектері бар. Бірнеше жылдан кейін Венада осындай клиникада Адлердің шәкірттері жұмыс істейді. Мұндай клиникалар Тосландияда, Германияда, АҚШта пайда болды.1926 жылы Адлердің Нью-Иорктегі Колумбиялық университетке профессорлыққа жұмысқа алдырылады. 1928 жылы АҚШтағы жаңа мектепте дәріс оқыды. Бұл мектеп Колумбия университетінің серіктесі болатын. 1933 жылы Адлер ең соңғы рет АҚШқа көшуге бел буады. 1937 жылы 28 мамырда Аберидинге дәріс оқуына барғанда күтпеген жерден жүрек ұстамасынан 67 жасында көз жұмады.
Фикционды финализм Адлер Ганс Вейгингердің философиялық ықпалымен адамдар шын мәнінде шындыққа сәйкес келмейтін фиктивті көріністермен өмір сүреді деген идеяны дамытты. Адлер біздің негізгі мақсаттарымыз өз алдына фиктивті мақсатты көрсетеді деді. Кейбір адамдар тапжылмай еңбек ету адамның мақсатына жетуге сәтті көмек етеді деген қағидамен өмір сүреді. Адлердің көзқарасы бойынша, бұл бекітілім – фикция, өйткені тапжылмай еңбек ететіндердің көпшілігі өздеріне тиесілі нәрселерді ала-алмайтын жағдайлар жиі кездесіп отырады. Басқа да мысал келтірсек, "Шыншылдық-ең жақсы саясат", «Барлық адамдар тең болып жаратылған», «Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда жоғары тұрады» деген фиктивті сенімдерді айтуға болады.
Индивидуум біртұтас және өзара келісімге келген тұтастық адам біртұтас өзара келісімге келген ағза деген көрініс адлер психологиясының алғышартын құрайды. Адлер өз теориясына «индивидуалды психология» деген атау берді, өйткені латын тілінен"individuum" «бөлінбейтін» - яғни, бөлуге болмайтын мәнге ие деген мағына білдіреді. Индивидуум өз алдына ми мен дене арасындағы сондай-ақ психикалық өмірге қатысты өзара байланысты бөлінбейтін тұтастық болып табылады.
Адам өмірі жетістікке белсенді ұмтылыс ретінде адам жетістікке ұмтылатындығын ескере отырып, Адлер адамдар сыртқы немесе ішкі себептерден бастау алмайды, керісінше тұлғалық мәнге ие өмірлік мақсаттарға деген қозғалыста болады. Адамдар өз алдарына қойған мақсаттары және оған жетудегі индивидуалды жолы олардың өз өміріне мән беруін түсінуге қол жеткізумен түсіндіріледі. Адлердің пікірінше, бұл өмірлік мақсаттар айтарлықтай деңгейде индивидуалды таңдалады ізінше, адамдар жетістікке жету жолында өз әрекеттерін әрдайым жоспарлап, өз тағдырларын анықтауы керек. Көздеген мақсаттарына жеткеннен кейін олар өзіндік бағаларын арттырп қана қоймай, сондай-ақ өз өмірлік орындарын да табады.
Индивидуум шығармашылық және өзіндік анықталған тұтастық ретінде. Адамдар өз өмірін басқаруға мүмкіндік беретін шығармашылық күшке ие болады. Бұл шығармашылық күш адамның кез-келген тәжірибесінің шегіне ықпалын тигізеді: қабылдау, ес, қиял, фантазия, арман. Ол әрбір адамды өзіндік анықталған индивидуум, өзіндік өмірінің сәулетшісі етеді.
Индивидуумның әлеуметтік жағдайы Адлер теориясындағы жетекші қағида бойынша адамның мінез-құлқы әлеуметтік контекстіде жүзеге асады, және адам табиғатының мәніне әлеуметтік қатынастарды түсіну арқылы қол жеткізуге болады. Кез-келген адамда табиғи қоғамдық сезмі немесе әлеуметтік қызығушылығы –өзара әлеуметтік ынтымақтастық қатынасына туа пайда болған ұмтылыс сезімі болады.
Индивидуалды субьективтілік Адлер көрсеткендей, адамдар олардың мінез-құлқын реттейтін қазіргі және өткен оқиғалар туралы жеке пікірін көрсететін- фиктивті мақсатпен мотивацияланады. Адлердің пікірінше, адамдар өздерін осы жеке сенімдеріне сәйкесті ұстайды.
Негізгі концепциялар және принциптер: 1) толымсыздық сезімі және компенсация; 2) басымдыққа ұмтылыс; 3) өмір стилі; 4) әлеуметтік қызығушылық; 5) шығармашылық-Мен; 6) туылу реті; 7) фикционды финализм.
Толымсыздық сезімі және компенсация. Адлер өз еңбегінің бастамасында "Исследование неполноценности органа и ее психической компенсации" атты монография шығарды. Мұнда адам үшін бір ауру екіншісіне қарағанда не себептен басымдық танытады дененің бір бөлшегін екіншісіне қарағанда ауру тез алатындығы туралы теорияны дамытты. Оның болжамы бойынша кез-келген индивидуумда бір мүшелері екіншісіне қарағанда әлсіз болады, ал ол болса, осы мүшенің ауруға шалдығуына бейімділігімен сипатталады. Сондай-ақ; кез-келген адам дамуы әлсіз мүшесі ауруға тез шалдығады, туғаннан қызметі нашар бір сөзбен айтқанда «толымсыз» болады. Балалық шақта бастан кешірген қиындықтардың кейіннен толымсыздыққа әкелген себептеріне байланысты Адлер үш қиындық түрін көрсетті: мүшелердің толымсыздығы, шектен тыс қамқорлық көрсету, ата-аналар тарапынан жылылық көрмеу.
Басымдыққа ұмтылыс Адлер көрсеткендей олымсыздық сезімі адамның өзіндік дамуы, өсуі және құзыреттілігіне ұмтылыстарының бастауы болып табылады. өзінің бастапқы еңбектерінде адамның мінез-құлқын басқаратын қозғаушы күш-агрессивтілік болып табылады. Мұнда әлсіздік фемининдікке ал күш маскулиндікке теңестірілді. Осылайша, адам өмірінің ақырғы мақсаты туралы ойларында үш этапты көрсетті: агрессивтіболу, кұшті болу, қол жетпестей болу.
Тұлға типтері: өмір стилімен байланысты ұстанымдары. Кез-келген адам басты мынадай үш мәселемен міндетті түрде кездеседі: жұмыс, достық және махаббат, белсенділік және әлеуметтік қызығушылық.
Достарыңызбен бөлісу: |