1. Юнг тұлға құрлымын үш компонентпен қарастырды: Эго-сана, индивидуалды бейсаналылық және ұжымдық бейсаналылық. Тұлға немесе психика тұтастай алғанда, бірнеше диференцирленген бірақ өзара бір-бірімен байланысты жүйелердентұрады. Олардың ішінде маңыздысы: Мен, тұлғалық бейсаналылық және оның комплекстері, ұжымдық бейсаналылық және оның архетиптері, маска, анима, анимус, көлеңке. Бұл өзара байланысқан жүйеден басқа, интроверсия және экстроверсия ұстанымдар және қызметтер-ойлау, сезім, түйсік және интуиция болады. Сондай-ақ, өздік-тұлғаның нағыз орталық мәселесі болады.
Тұлғалық бейсаналылық мазмұны санаға қол жетерлік болады;тұлғалық бейсаналалық пен Мен арасында күшті «екі жақты қозғалыс» болады.
Комплекстер. Комплекс – бұл тұлғалық бейсаналылықта болатын сезімдер ойлар, перцепцияның жиынтығы немесе ұйымдасқан тобы. Оның алуан түрлі күйзелістерді өзіне тартатын магнит секілді әрекет ететін ядросы болады.
Ұжымдық бейсаналылық.Ұжымдық немесе тұлғаға дейінгі бейсаналылық ұғымы –Юнгтің тұлғалық теориясындағы түпнұсқалы және әлі шешімін таба алмаған мәселе болады. Ұжымдық бейсаналылық- ата-анадан тұқым қуалайтын жасырын естердің сақтайтын орны; бұл тұқым қуалайтын өткен жағдай адамдардың нәсілдік тарихын ендіріп қана қоймай сонымен қатар адамдардың өмір сүруіне дейінгі тәжірибесін көрсетеді. Ұжымдық бейсаналылық адам эволюциялық дамуының, тұқым қуалауының ұзақ уақыт бойы туындайтын тарихын көрсетеді. Юнг ұжымдық бейсаналылықтың әмбебаптығын барлық нәсіл өкілдерінің ми құрылымының бірдей болатындығымен, эволюцияның қоғамдық болуымен түсіндіріледі.
2.Архетиптер. ұжымдық бейсаналылықтың құрылымдық компоненті әртүрліше аталады: архетиптер, доминанта, бастапқы образдар, имаго, мифологиялық образдар, мінез-құлықтық стереотиптер. Архетип – бұл эмоционалды мәнді элементтен құрайтын, әмбебап ойлау формасы. Архетиптерді бір-бірінен оқшауландыру міндетті емес өйткені олар бір-бірімен тығыз байланысты және араласқан.
Ұжымдық бейсаналылықта көптеген архетиптер болады. Олардың ішінде танымалдары- туу, өлім, билік, сиқырлық, тұтастық, батыр, бала, Құдай, ақылды қария, жер-ана, жануар архетиптер.
Маска (persona) – бұл ішкі архетиптік қажеттіліктерге жауап ретінде әлеуметтік шарттар және дәстүрлерге жауап ретінде киетін бетперде. Бұл- қоғамның адамға міндеттеген рөлі, қоғамдық талаптарға орай орындауы тиіс қызметі болып табылады. Масканың мақсаты- басқаларға жақсы әсер қалдыру және олкөп жағдайда адамның шынайы табиғатын жасырады. Маска немесе бетперде-бұл өпшілікке көрініс беретін тұлға. Мен маскамен сәйкестене отырып, индивид өзінің шынайы сезімдері емес керісінше ойнайтын рөлін саналы түрде таниды.