Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде



бет5/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Тұлға теориясы Дәрістер

3.Тұлға теориясының компоненттері.
1.Тұлға құрылымы.Кез-келген тұлға теориясының негізгі белгісі адамдардың әртүрлі уақытта әртүрлі жағдайда көрініс беретін өзгермейтін ерекшеліктеріне қатысты болатын құрылымдық концепциясы болып табылады. Бұл тұрақты ерекшеліктер адам психикасының негізгі құрылымдық блогы рөлін атқарады. Олар табиғи ғылымдардағы атомдар және жасушалар сияқты ұғымдармен ұқсас болады. Адамдар дегеніміз кім деген сұраққа жауап беру үшін персонологтар концепциялардан құрастырылған мозаиканы ұсынады.
2.Мотивация.Тұлғаның тұтастық теориясы адамдардың қандай да бір ситуацияда өздерін не себептен солай ұстайтындығын түсіндіруі керек.Мотивация концепциясы басқаша айтқанда, индивидтің қызмет етуінің процессуалды аспектілері мінез-құлықтың өзгермелі, динамикалық ерекшеліктеріне негізделеді.
3.Тұлға дамуы.Егер тұлғаны тұрақты ұзақ уақыт әрекет ететін ерекшеліктер жиынтығы ретінде қарасақ, олардың дамуы, жаңаны игеруі жөнінде мәліметке ие боламыз. Даму концепциясы тұлғаның қызмет етуінің мотивациялық аспектілері қалайша нәрсетелік шақтан ересектікке дейін кейіннен қартттық шаққа дейін өзгеретіндігі туралы мәселеге көңіл бөледі. Мұндай өзгерістерді түсіндурі тұлға теориясының негізгі компоненті болып табылады. Тұлғалық даму адамда өмір бойы жүреді.
4. Психопатология. Тұлға теориясының алдында тұратын тағы бір мәселе кейбір адамдар не себептен қоғамға бейімделе алмайды және онда тиімді түрде қызметін атқаруға қауқары болмайтындығының себебін түсіндіру болып табылады. Шын мәнінде, әрбір персонолог не себептен кейбір адамдар күнделікті өмірде патологиялық немесе адекватты емес мінез-құлық стилін көрсететіндігіне ерекше мән береді. Патологиялық мінез-құлықтың көрініс алу себебін түсіндіру қажеттілігі көптеген зерттеу тұрғыларының туындауына әкелді. Мысалы, психодинамикалық бағдарды ұстанатын теоретиктер, балалық шақта шешімін таппаған конфликтілер ересек жаста патологиялық мінез-құлық көрсетуге әкелетіндігіне сенім білдіреді. Бұл конфликтілер жыныстық қатынас және агрессияға қатысты қалаулардың қарама-қайшы болуынан туындайды. Конфликтілер ауыр симптомдардың дамуына әкеледі. Одан әрі, бұл конфликтілер саналы түрде айқын болмағандықтан, адам оның туындауына не себеп болғандығын түсіне алмай, бұл мәселе одан әрі ушыға береді.
5.Психикалық денсаулық. Адамның мінез-құлқы аспектілерін ескере отырып, тұлғаның сенімді теориясы дені сау тұлғаны бағалаудың критериін ұғыну керек. Салауатты өмір салтына не кіретіндігін анықтап алайық. Тұлға теоретиктерінің есептеуінше, бұл жалпы концептуалды модельдің маңызды компоненті болып табылады. Мысалы, Фрейд бойынша, ересек дені сау тұлға өнімді еңбек ету және қанағаттанарлық деңгейдегі тұлғааралық қарым-қатынасты орната алатын қабілетпен ерекшеленеді деген. 6. Терапиялық ықпалдар арқылы тұлғаның бойына өзгерістер енгізу. Тұлға теориясы психопатологияның себептерін түсіну үшін белгілі-бір ақпарат беретіндіктен, олар мінез-құлық нормасындағы ауытқушылықтарды да түзету жолдарын ұсынады. Бұл мәселе адамдарға өз құзыреттілігін қалай арттырып, адекватты мінез-құлық көріністерін қалайша бәсеңдетуге болатындығы, тұлғалық позитивті өзгерістерге қалай қол жеткізуге болатындығына көмек береді. Тұлғаның көптгене теорияларында клиникалық, кеңес беру аспектілері өз орнын тапты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет