Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. XX ғ. негізгі үш бағыттың- психоанализ, бихевиоризм, гуманистік психология қайсысы сіздің тұлға мінез-құлқы туралы көзқарасыңызға сәйкес келеді? Не себептен? Сіз адам табиғатына қатысты сыртқы теоретикалық қалаулар мен негізгі қағидалар арасындағы байланысты қалай түсінесіз? Түсіндіріңіз
2.Гуманистік психологияның негізгі принциптерінің бірі адамды түсіну үшін жануарларға зерттеу жүргізудің ақылға сыймсыздығы. Сіз бұл идеямен келісесіз бе? Не себептен? Егер олай болмаса, жануарлардың қылықтарын бақылау арқылы адам мінез-құлқы туралы не білдіңіз?
3.Маслоудың мотивациялық иерархия теориясын қалай бағлар едіңіз?Өзіңіздің және өзгелердің мінез-құлықтарын түсінуде адам мотивациясы тұрғысынан қарау маңызды болып келеді ме? Мысал келтіріңіз
4.Маслоу өзін-өзі сылай қажеттілігін түсіндіруден екі топ бөлініп шығады: өзін-өзі құрметтеу, және өзге адамдарды құрметтеу. Психикалық денсаулықты сақтау үшін қажеттіліктердің қай тобы маңызды болады деп ойлайсыз? Түсіндіріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. К.Холл Г.Линдсей Теории личности М 2000 г.
2.Л.Хьелл, Д.Зиглер Теории личности СПб 2005 г.
3.Б.В.Зейгарник Психология личности: норма и патология М.2003
№ 17 дәріс
Тақырып: Карл Рэнсом Роджерстың феноменологиялық тұлға теориясы
Мазмұны:
К.Роджерстың өмірбаяны және «Мен» тұжырымдамасы.
К.Роджерстың феноменологиялық позициясы.
Дәріс мақсаты: Феноменологиялық бағытқа сипаттама беру, өзектендіру тенденциясын қарастыру.
Негізгі ұғымдар: феноменологиялық бағыт, өзектендіруге деген тенденция, мотивациялық конструкт, ағзалық бағалау процесі.
Гуманистік психологияның, жеке тұлға психологиясының көрнекті өкілдерінің бірі - Карл Рэнсом Роджерс 1902 жылы 8 қаңтарда Иллинойс штатында дүниеге келген. Ол алты баланың ішіндегі төртінші ұл. Оның әкесі инженер болған, бұл отбасы еш мұқтаждық көрмеген. Ол 12 жасқа толған кезде, отбасы Чикагоның батысындағы фермаға көшіп барады, оның жастық шағы сол селода өтеді. Роджерс көп уақытын жалғыздықпен өткізді, ол бос уақытында кітап оқумен айналысқан. Мектеп кезіңде де Роджерс әлеуметтік ортадан оқшауланып, жалғыз жүрген. Ол үш түрлі мектепте оқып, әр біреуін кемдегенде 2 жыл көлемінде оқыған. Оның көп уақыты жолмен өткен, сондықтанда ол басқа оқушылармен сыныптан тыс іс-шараларға қатыса алмаған. Бірақта, Роджерстің үлгерімі мектепте жақсы болған. Айтарлықтай ол барлық пәндерден жоғары баға алған, соның ішінде ағылшын тілімен ғылыми саладағы пәндерден ерекше көрініп, жоғары бағалар алып отырған. Роджерс жазғы демалысын фермада өткізген, ол фермада ақтық демі жеткенше жұмыс істеген. Жастық шағында оның табиғатқа деген қызығушылығы ерекше көрінген. Ол жануарлармен өсімдіктерге өз бақылауын жүргізе отырып, нақты жазбалар жасаған. Сонымен бірге қосымша әкесі әкелген ауыл шаруашылығы туралы кітаптарды да оқыған.
Мектеп бітірісімен Роджерс фермер болуға ниеттенеді. 1919 жылы ол Висконсинс университетіне оқуға түседі, ол ғылыми егін шаруашылығы мамандығын таңдайды. 1922 жылы оның өмірінде үлкен өзгеріс болды. Колледжде 10 американ студенттерінің ішінен, Пекиндегі християнның федерациялық әлемдік студенттер конференциясына жолдама алады. Ол шетелде 6 айдан астам уақыт аралығында болды, Роджерс онда діни және мәдени қатынастарды бақылады. Шығыстағы саяхаты, оның өмірге деген көзқарасын тек либералды түрде емес, сонымен бірге Иисус құдайға деген күмәндарын туғызды.
1924 жылы Шығысқа саяхатынаң кейін Роджерс Висконсинге оралып, бакалавр дәрежесін алады. Ол сырттай бөлімі бойынша психологияны 1 курс оқып шығады. Университетті бітірісімен Роджерс Висконсинсте бірге оқыған Хелен Элиотке үйленеді, онымен бала кезден бері таныс болған. Жаңа отбасы жаз айында Нью-Йоркке «Форд-Т» деген автомобилмен теологиялық біріктірілген семинарға барады. Роджерс Нью-Йоркте өзін құштарландыратын ойландыратын өмірін тапқандай болды. Ол екінші оқу жылының аяғында, Колумбия университетінде мұғалімдер колледжндегі семинарларды, клиникалық және педагогикалық психология білімін алу үшін өзгертті. 1928 жылы Роджерс магистр дәрежесін алады және 1931 жылы клиникалық психологтың докторлық дәрежесін алады. 1931 жылы Огай штатындағы университетте, Роджерс психология кафедрасына профессор міндетін атқаруға ұсыныс білдіреді.
1940 өзінің жаңа карерасын бастау үшін Колумбия университіне қайтып оралады. 1942 жылы «Консультирование и психотерапия» еңбегі жарық көрді. 1945 жылы Роджерс университеттін кеңес беру орталығында профессор психолог және директор қызметін атқару үшін Чикаго университетіне келеді. Бұл жағдай жоғарғы курс студенттеріне арналған кеңес беру орталығын жетілдіруге мүмкіндік берді. 1945-1957 жылдары оның Чигагогадағы шығармашылығында табысты жылдар болды. Осы жылдары ол өзінің басты жұмысы «Центрированная на клиенте терапия: ее современная практика, значение и теория» (1951) атты кітабын аяқтады. 1957 жылы Роджерс Висконс университетіндегі психология және психиатрия бөліміне қайта оралады. 1987 жылы жүрек ұстамасынаң қайтыс болады.
К.Роджерс тұлғаның өзіндік сана-сезімін, «мен» тұжырымдамасын қалыптастыруға негізгі мән берді, өзіндік сана құрлымында идеалды және реалды «мен» бейнесін толық көрсеткен. «Мен» бейнесінің дифференсациялануын, субъективті мәнділігінің артуын тұлға дамуының негізгі көрсеткіші ретінде қарастырады. К.Роджерс бойынша, идеалды «мен» бейнесі тұлға дамуын, тұлға жетілуін әрдайым итермелеп отырады. Идеалды «мен» мен реалды «менінің» арақатынасы өзіндік бағалау деңгейін көрсетеді. Реалды «мен» мен идеалды «мен» бір-біріне жақын болса, өзін-өзі бағалау жоғары.
Невроздың негізгі себебі – идеалды «мен» мен реалды «мен» арасында үлкен алшақтықтың болуы. К.Роджерс бойынша, «мен» тұжырымдамасының дамуы үшін қажетті шарттар мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: |