Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде



бет27/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47
1. Позитивті қабылдау. К.Роджерс бойынша әмбебап және өзіндік «менінің» пайда болуы, «мен» тұжырымдамасының дамуы осыған байланысты. Позитивті қабылдау қажеттігі туа берілген, оның негізгі 2 жағы бар: біріншіден, өзінің позитивті қабылдануы; екіншіден, өзінің басқаларды позитивті қабылдауы.
2. Құндылық шарты. Позитивті қабылдау қажеттігі қанағаттанғаннан кейінгі негізгі шарт – тұлғаның құндылық бағаларының қалыптасуы.
3. Шартсыз, бағалаусыз позитивті қабылдау.
К.Роджерс бойынша, толық мәнде өмір сүретін тұлғаларға тән сипаттар:
1) түрлі бастан кешірулерге деген ашықтық. Бұл – қорғансыздыққа деген қарым-қатынас қасиеті;

  1. экзистенциалды өмір сүру бейнесі. Адамның өз өмірін дұрыс пайдалануы;

  2. эмперикалық бостандық;

  3. креативтілік.

Күнделікті өмір жағдайында белгілі бір шығармашылықты қолдану. К.Роджерс бойынша, шығармашылық – өмір бейнесі, толыққанды өмір сүрудің негізгі көрсеткіші болып табылады. Мұндай адамдар, әдетте, өз мәдениетінде конструктивті, адаптивті өмір сүреді, сонымен қатар басқа өмір жағдайына тез бейімделеді.

  1. өзіне және сыртқы ортаға деген сенім.

К.Роджерс бойынша, тұлғалық дамудың негізгі әдісі өзін-өзі түзету және өзін-өзі күшейту болып табылады. К.Роджерс өзін-өзі танытудың «санамен ұғыну», «барабарлық», «белсенділік» сияқты маңызды сапалық сипаттамаларын анықтай отырып, оны адамды түрлі деңгейлерге ұмтылуға мәжбүрлейтін күш-қуат деді. К.Роджерс өзін-өзі танытуды жетілдіруді өз мүмкіндіктерінің барлағын ашып көрсетудегі ағзалық ағым ретінде қарастырады және адам өз табиғатынан осы үшін бүкіл қажетті біліктілікпен қамтылған деп есептейді. Өзінің зерттеулерінде ол «толыққанды қызметтегі адамды» қалыптастыруға ықпал ететін шарттарға (өзін және өзгелерді сөзсіз қабылдау, конгруэнттілік, эмпатия) ерекше көңіл бөледі.
Гуманистік психологиядағы тұлғаның мәні, өзін-өзі таңытуы туралы пікірталастар «қажеттіліктер» рөлін түсіну айналасында шоғырландырады. К.Роджерс өзін-өзі танытуға ұмтылуды «түрткі беру» деп атауға болатын «барлығының субстраты» ретінде қарастырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет