Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет25/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
Байланысты:
Тұлға теориясы Дәрістер

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Когнитивті теорияның негіздері

  2. Келлидің когнитивті позициясының орталық принциптері.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Хьелл, Д.Зиглер. Теории личности. СПб., 2005 г.
2.Елисеев О.П. Практикум по психологии личности. СПб., 2005.
3. Зейгарник Б.В. Психология личности: норма и патология М.2003
4. Холл К,. Линдсей Г.Теории личности .М ., 2000 г.

16 дәріс


Тақырыбы: Абрахам Маслоудың гуманистік тұлға теориясы.
Мазмұны:

  1. Ғалымның өмірбаяны және теориясы туралы түсінік.

  2. Мотивация: қажеттіліктер иерархиясы.



Дәріс мақсаты: А.Маслоудың гуманистік теориясының негізгі қағидаларына сипаттама беру, қажеттіліктер иерархиясын қарастыру.
Негізгі ұғымдар: гуманистік психология, қажеттіліктер иерархиясы, физиологиялық қажеттіліктер, сүйіспеншілікке деген қажеттілік, қауіпсіздік қажетілігі, сыйластық қажеттілігі, өзін-өзі көрсетуге деген қажеттіліктер.

Абрахам Харольд Маслоу 1908 жылы Нью-Йорктің Бруклин деген жерінде дүниеге келген.Ол Россияға қоныс аударған,оқымаған еврей отбасының баласы болған.Ата-анасы оның жеті баланың үлкені болғандықтан білім алғанын қалады.Бірақ ол өзінің балалық шағында жалғыз және бақытсыз болғандығын айтады.Ол өзінің балалық шағын еске түсіре отырып,өзінің психозбен ауырмағанына таң қалады.Ол өзге ұлттар арасындағы кішкентай еврей баласы болды.Бұл ақ адамдарға арналған мектебі балалардың негр баланың баруымен бірдей болды. Ол бақытсыз және жалғыз болды және ол кітапханамен кітаптар арасында достарсыз өсті.Содан кейін ол өмірдің түрлі қырларын өздерінің отбасына тиесілі бочек шығаратын компанияда жазда жұмыс істей отырып түсінді.


Маслоудың анасына қарым-қатынасы жауласушылық көзқараста болды.Маслоу өзінің 1988 жылы жарық көрген өмірбаянында анасына деген жеккөрушілік сезімі соңғы сәтіне дейін жалғасқандығын айтады.Анасы өте діндар адам болған және баласының кішкене қателігіне бола "сені құдай жазалайды" деп қорқытқан.Осының нәтижесінде Маслоуда дінге деген жеккөрушілік және Құдайға деген сенімсіздік пайда болады.Маслоу тіпті анасының жерлеу рәсіміне барудан бас тартқан.Ол өзінің анасы Розаны жау, қатал, аяусыз, жеккөрушілік сезімі барысында сипаттаған.Ол өзінің балаларын жақсы көрмегені соншалық оларды жан күйзелісіне дейін жеткізген. Ол өзінің анасы туралы бір сөзінде онда жылулық пен махаббаттың тамшысыда жоқ деп сипаттады.Бірақ осы кезде оның анасы тірі болатын.
Маслоудың әкесі "ішімдікті, әйелдерді және төбелесетін адамдарды" ұнататын. Нью-Йорктегі Сети колледждегі өткізген 2 аптасында оны ешқашан адвокат бола алмайсын деп сендірген. Сондықтан ол Карнельдік университет курстарына қатысады. Жасөспірімдік шағында Маслоу Висконсин университетіне түседі.Сол жерде ол ресми-академиялық курсты аяқтайды,1930 жылы психология бойынша Бакалавр атағын алып шығады.
1931 жылы Гуманитарлық ғылымның магистрі атанады,1934 жылы доктор атанады.Висконсинда оқып жүрген кезінде ол белгілі психолог Гарри Харлоумен жұмыс жасайды.
Гарри Харлоу сол кезінде мінез-құлықтың Макак ресурсын зерттеуге арналған прематтар лабораториясын ұйымдастырған. Маслоудың докторлық диссертациясы маймылдардың жыныстық және доминантты зерттеуге арналған.
Висконсинға кетпестен бұрын Маслоу өзінің мектептегі ғашығы Берта Гудманға үйленеді.Оның ата-анасы осы некеге қарсы болады, себебі Маслоу мен Берта бір-біріне бөле болды және оларда генетикалық ақаулығы бар балалар дүниеге келеді деп қорықты.Соған қарамастан Висконсондағы оқуымен Бертамен некесі Маслоу өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Бірде ол былай деген: "Менің өмірім үйленіп Висконсонға кеткенше басталмағандай болды" дейді. Докторлық атағын алғаннан кейін Маслоу Нью-Йоркке белгілі теоретик Э.Л.Торндайкпен жұмыс істеу үшін Колумбиялық университетіне келеді. Содан соң, ол Бруклин дін колледжіне ауысты және онда 14 жыл жұмыс істеді.Маслоу Нью-Йоркте 1930 жылдың аяғы мен 1940 жылдың басына дейін уақыттағы дүниежүзілік психологиялық орталығы деп сипаттады. Дәл осы жерде ол Гитлерден қорғану үшін европалық интеллектуалдармен танысты. Адамның мінез-құлқын зерттеуге деген ұмтылысымен Маслоу Эрих Фромм, Альфред Адлер, Карен Хорни, Рут Бенедикт, Макс Вертгеймер сияқты ғалымдардан көмек сұрады. Осындай белгілі ғалымдармен қарым-қатынас Маслоудың интеллектуалдық негізіне көмектесіп, оның гуманистік қалыптасуына көмектесті. Осы кезеңде ол психоанализбен айналысты.
1951 жылы Маслоу Брандин университетінің психология кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды және ол осы орында 1961 жылға дейін отырды.Содан соң ол сол жерде психологияның профессоры болды.
1969 жылы ол Брандейстан кетіп, У.П.Логлина, Менлоу-парк, Калифорния қайырымдылық қорында жұмыс жасады. Бұл оған философиялық, демократиялық, саяси, экономикалық, этикалық қызығушылықтарына мүмкіндік берді. Бірақ 1970 жылы Маслоу 62 жасында асқынған жүрек ауруы салдарынан қайтыс болады.
Маслоу профессорды кәсіби және құрметті қоғам мүшесі болды.Американдық психологтың ассоциациясында әлеуметтік және психология және жеке тұлға бөлімінің президенті болды.Сондай-ақ эстетикалық бөлімінің және де осы ассоциацияның 1967 жылдан 1968 жылға дейін президенті болды. Ол гуманистік психология журналының негізін салушы, редакторы болды. (трансперсоналды, психология журналы)
Маслоуды жас ерекшелік психологиясы қызықтырды және ол өмірінің соңғы кезінде Калифорниядағы Исален институтын және де басқа да тұлғаны зерттеген топтарды қолдады. Маслоудың кітаптарының көп бөлігі өмірінің соңғы 10 жылында жазылған. Олар «По направлению к психологии бытия» (1968); «Религия, ценности и вершинные переживания» (1964); «Эупсихея:дневник» (1965); «Психология науки:рекогносцировка» (1966); «Мотивация и личность» (1987) и «Новые измерения человеческой природы» (1971), 1972 жылы оның әйелінің қатысуымен А.Маслоудың естеліктері деген кітабы жарық көрді.
Мотивациялық қанағаттандыру қажеттіліктері жоғары иерархиялық мүмкіншілік қажеттіліктерін ұғынуды жоғары орналастыру. Сонымен қатар физиологиялық қажеттілік қауіпсіздік қажеттілігінің көрінуінің алдын - ала қанағаттандыру дәрежесі жеткілікті болуынан көрінеді. Физиологиялық қажеттіліктер мен қауіпсіздік қажеттілігі және қанағаттандыру қорғанышы бірнеше дәрежеде алдын - ала көрінуі қанағаттандыру қажеттілігіне жатады. Маслоудың реттілік орналастыру негізгі иерархияның маңызды принципі болады деді. Яғни, адамның мотивациясы және негізгі ағзасы жатады. Ол осы иерархияның қажеттілігінен шығуды былай түсіндіреді: барлық адамдар жоғарыға көтерілу одан әрі үлкен индивидуалдық адамның санасы мен денсаулығын иерархиялық қажеттілігін көрсетеді. Маслоу иерархиялық мотивін шығып орналастыру қалуын реттейді. Ол мойындады. Шығармашылығын адам дамып жетілуіне және өзінің дарындылықтарына, әлеуметтік жағына қарамастан күресуде. Сонымен қатар құндылықтарына арман мұраттарына соншалықты керекті болғанымен аштықтан өлімнен бас тартуға дайын. Мысалы: қатынастық және саяси белсенділікті Оңтүстік Африка, Балтикалық мәдениет және Шығыс елдері физикалық емделуіне қауіптеріне қарамастан олар өзінің күресін түрмелік жазалауларына қарамастан жалғастыруда. Маслоу орташа деңгейде адамның осы қажеттіліктерде адамдарды қанағаттандыру деңгейінде былай көрсетеді:
1. Физиологиялық қажеттілік - 85 %
2. Қауіпсіздікке және қорғанысқа қажеттілік - 70%
3. Сүйіспеншілік және мейірімділікке қажеттілік - 50%
4. Өзін-өзі сыйлауға қажеттілігі - 40%
5. Өзін - өзі жетілдіруге қажеттілігі - 10%
Иерархиялық қажеттілік бірте - бірте пайда болып шығады. Адам жай 1 ғана
қанағаттандыру басқа уақытта деп қанағаттандырады. Маслоу категориясының
қажеттілігі былай түсіндіріледі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет