Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі


Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар



бет11/51
Дата31.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#46559
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Байланысты:
УМКД ЭТНОЛОГИЯ каз

Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Тунис аумағындағы ежелгі өркениетті атаңыз.

  2. Солтүстік Африкадағы арабтар мен берберлер арасындағы айырмашылықтарды түсіндіріңіз.

  3. Араб ұлтының бөліну мәселесінің мәні неде?

  4. Аймақтың қай халықтарында қанды кек алу рәсімі сақталған?



Шығыс Африка халықтары
Аумақ елдері: Бурунди, Джибути, Замбия, Зимбабве, Кения, Комор аралдары, Мадагаскар, Малави, Мозамбик, Руанды, Сейшель аралдары, Сомали, Танзания, Уганда эәне Эфиопия халықтары.
Этнолингвистикалық және антропологиялық жіктелуі. Аймақтың солтүстік-шығыс облысының халықтары афроазиялық (семит-хамит) тілдер семьясына жатады, оның ішінде семит – амхара, тигре және тиграи; кушит – оромо, сомали, данакиль, сидамо. Аймақтың шығыс бөлігінің халықтары нило-сахар семьясы халықтарына қатысты, оның ішінде шығыс-судан тобына (динка, нуэр, луо, масаи, барни). Аймақтың оңтүстікке жақын экваторлық бөлігінде нигер-кордофан семьясына қатысты банту халықтарының болуы (ньяруанд, кикуйю, суахили). Аймақ халықтарының едәуір бөлігінде негроидтық нәсілдің басым болуы, ал аз бөлігі эфиопалық, бушмендік және пигмеялық (негрилдік) нәсіл топтарына қатыстылар. Малагасийлердің этногенезіне Африка халықтарының материктік елшілерінің және кейіннен Индонезиядан келген оңтүстік азиаттық монғолоидтардың әсері.
Шаруашылығы. Климаттың әр түрлі болуы және басқа да факторлардың аймақ халықтарының шаруашылығына ықпалы. Егін және мал шаруашылығы - негізгі дәстүрлі кәсіптері. Дәстүрлі егін шаруашылығындағы дәнді дақылдар, тропикалық және субтропикалық мәдениеттердің рөлі. Эфиопия – ең көне егін шаруашылығының орталығы және бірқатар дәнді дақылдар мен кофенің отаны. Тропикалық кетпенді егін шаруашылығы, аймақтың оңтүстік облыстарының кейбір халықтарында жасанды жер суландырудың болуы. Еуропалық отарлаушылардың плантациялық мәдениетті енгізуі: мақта, кофе, шәй, табак, сизаль. Мал шаруашылығының көшпенді және жартылай көшпенділік және отарлы-жайылымды немесе үйде тұрақты мал ұстау түрінің таралуы. Жергілікті малдардың түрлері. Балықшылықтың, аңшылықтың және терімшіліктің көмекшілік түрлері.
Материалдық мәдениеті. Дәстүрлі елді мекендері мен баспаналарының түрлері. Амхарларлың түйдектелген ауылдары, бантулардың шығыңқы баспаналары, конеолардың қалалық баспаналары. Номад көшпенділерінің белгілі бір баспаналарының жоқ болуы. Дәстүрлі ауылдық баспаналар – эфиоптар мен бантуларда «тукуль», көшпенділерде «аггал». Отырықшы егіншілер мен малшылардың тамақтану жүйесінің ерекшеліктері. Дәстүрлі сусындар. Ер және әйел адамдар киімдеріндегі ортақтақтар. Дәстүрлі әшекей бұйымдары. Араб мәдениетінің ықпалы.
Бантулардың ұсталық қолөнері. Үй өндірісі мен еңбекті қоғамдық бөлудің таралуы. Тоқымашылық, саздан ыдыс өндіру. Асқабақтан жасалған тұрмыс ыдыстары.
Әлеуметтік құрылымы және отбасылық қарым-қатынастар. Көшпенді номадтардың тайпалық ұйымдарындағы патриархалды-генеалогиялық байланыстар жүйесі. Аймақ елдерінің әлеуметтік және қоғамдық-саяси өмірлеріне әсер ететін архаикалық әлеуметтік институттар мен жас аралық таптар жүйесінің болуы.
Аймақтың отырықшы және көшпенді, жартылай көшпенді халықтарының арасындағы отбасылық және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастардың ерекшеліктері. Аймақта моногамды және полигамды отбасыларының таралуы. Моногамды отбасылардың басымдылығы. Әкесі қайтыс болғаннан кейін ұлдардың үй шаруашылықтарының бөлініп шығуы. Көшпенді малшылардың (нуэр, динк, дассанеч) тұрақты бөлінбейтін отбасылары. Джиэлардың бауырлар отбасылары. Жартылай көшпенді халықтардың «ави» қарапайым отбасылары (туркан, боран және габра). Туыстық, көршілік және жолдастық байланыстар.
Рухани мәдениеті мен діні. Аймақ халықтарының мәдени өмірінің бай мұрасы. Жазбаша және жазылмаған мәдениеті. Халық ауыз шығармашылығының керемет үлгілері. Музыкалық, бишілік және әншілік шығармашылығы. Халық білімі мен ұғымдары. Дәстүрді мерекелері, халық ойын-сауықтары.
Аймақ жағалауында исламның кеңінен таралуы. Ішкі облыстарындағы христианство (католичество және протестанство). Эфиопиядағы христиан-монофизиттер. Халықтың жартысынан көбі ұстанатын жергілікті дәстүрлі діни ұғымдардың кеңінен таралуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет