Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі


Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар



бет7/51
Дата31.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#46559
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Байланысты:
УМКД ЭТНОЛОГИЯ каз

Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Алдыңғы Азияның ежелгі өркениеттерін атаңыз.

  2. Аймақтың қай этностары көшпенді мал шаруашылығымен айналысады?

  3. Аймақ халықтарының стационарлы және жылжымалы үйлерінің айырмашылықтары қандай?

  4. Семит-хамит тілдер семьясына жататын халықтардың орналасу картасын құрыңыз.

Оңтүстік Азия халықтары
Оңтүстік Азия мемлекеттері: Үндістан, Бангладеш, Пәкістан, Шри-Ланка, Непал, Бутан, Мальдива.
Этногенезі және этникалық тарихы: Оңтүстік Азияның адамның қазіргі заманғы қалыптасу ареалына енуі. Кейінгі палеолиттің және тас ғасырының дәуірлерінде көптеген мәдениеттердің болуы. Ведтар мен андамандықтар аймақтың көне халықтарының ұрпақтары. Онтүстік Азияға б.з.д. III-II мыңжылдықтарда дравид және мунда тілдерінде сөйлейтін тайпалардың енуі. Б.з.д. III мыңжылдықтың ортасында Инд алқабындағы Хараппа және Мохенджо-Даро көне өркениеті. Дравидоид нәсіл тобының қалыптасуы. Б.з.д. II мыңжылдықта Солтүстік Үндістанға индоарий тілінде сөйлейтін европоидтық ария тайпаларының бұзып кіруі. Ариялықтардың тілдік-таптық бөлінулеріне байланысты бірнеше ерте таптық мемлекеттердің негізін қалауы. Үндістан түбегінің солтүстік-шығысында тибет-бирма тілдерінің семьясында сөйлейтін, антропологиялық типі бойынша монголоидтық тайпалар мен халықтардың қалыптасуы. Шри-Ланка аралындағы күрделі этникалық үрдістер. Б.з.д I мың жылдықтың ортасында аралға үндіеуропалық тілдік семьясына қатысты қазіргі сингалдардың ата-бабаларының, сонымен қатар болашақ тамил халқының негізін құраған дравидтердің қоныстануы. Аймақтың солтүстігіндегі үрдістерге монғол шапқыншылығының сонымен қатар Орта Азиядағы феодал элитасының ықпалы. XVI-XVII ғғ Оңтүстік Азияға португалдықтардың, голландықтардың және ағылшындардың еуропалық отарлауы және ұлт-азаттық қозғалыс. XX-шы 100 жылдықтың аймақ елдерінің саяси тәуелсіздікке ие болуы. Суперэтникалық интеграция (үндістер, пәкістандықтар және т.б.).
Халықтың этнотілдік және анторопологиялық құрамы. Оңтүстік Азия аймағында үндіеуропалық тіл семьясының үндіирандық тармағы тілінің, сонымен дравид, австро-азият және қытай тіл семьяларының басымдылығы. Үндіариялық тілдерінің топтары – хинди, урду, пенджаби, синдхи, гуджарати, маратхи, бихари, бенгали, сингал, непали. Иран тілдерінің топтары – пушту, балочи және т.б. Дард тілдерінің топтары – кашмир халқының басым копшілігі. Дравид семьясы – брахуи, телугу, малаялам, каннада тамил, гонди, ораон және т.б. Австро-азиат семьясына қатыстылар: санталдар, хо, корку, мунда, кхаси, никобарлар, ал қытай-тибетке қатыстылар: дзонгкэ, нага және гаро.
Үш антропологиялық тип өкілдерінің болуы: аймақтың солтүстігіндегі еуропоидтық халықтар; солтүстік-шығыстағы монголидтар; австролоидтық ведтар; дравидтердің оңтүстік еуропоидтық және австролоидтық келбеттернің өзіндік үйлесімділігі.
Шаруашылығы. Үнді-Ганг өзені аралығындағы, Үндістанның оңтүстік облыстарындағы және Шри-Ланкадағы өндірілетін жер және мал шаруашылығы. Көшпенді және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Аймақтың кейбір тропикалық ормандарында және таулы жерлерінде өндірілетін шаруашылықтың элементтерімен үйлесім табатын артта қалған, меншікті шаруашылық түрлерінің сақталуы. Аталған шаруашылық түрлерін еуропалық отарлаушылардың жасанды тоқтатып қоюы. Қолымен жер игеру шаруашылығы. Дәстүрлі кесу-отау шаруашылығы. Жер суландыру құрылыстары. Оңтүстік Үндістан тодтарының ұжымдық мал шаруашылығы. «Ведтардың тілсіз айырбастары». Қолөнер және үй кәсіптері.
Материалдық мәдениеті. Үнді-Ганг жазығы жер иелерінің елді-мекендері. Пәкістанның синдхтарының ірі елді-мекендері. Бенгалияның ірі елді мекендері. Ассамның елді мекендері мен тұрғын үйлері. Көшпенді тұрғын үйлері. Өрілген жұпыны үйлер. Орта Азия халықтарының киімдері мен әшекей бұйымдары. Мұсылман ер адамдарының ұзындықтары әр түрлі, жамбас байламдары (дхоти). Әйел адамдардың тігілмеген киімдері (сари). Тамақтары және аспаптары. Дәстүрлі көлік құралдары. Кілем тоқымашылығы.
Отбасы және отбасылық қарым-қатынастар. Үндістер мен мұсылмандардың патриархалды отбасылары. Көшпенділердің бөлінбейтін отбасылары. Отбасы-неке рәсімдеріндегі дәстүрлер. Нага, курумба, ценчу тау бөліктеріндегі жұптық отбасылар. Аймақтың кейбір халықтар арасындағы отбасы-неке қарым-қатынастарында аналық-туысқан ұйымдарының сақталуы. Әлеуметтік құрылым және қоғамдық ұйым. Үнді қауымының түрлері. Каста жүйесі. Брахмандар, кшатриилар, вайщья, щудра. Нагтардың, кхаксилардың және т.б. алғашқы қауымдық қарым-қатынастарының қалдықтары.
Рухани мәдениеті. Ария мәдениеті. «Махабхарата» және «Рамаяна» эпостары. Катакхалидың театралды көріністері. Қуыршақ театры. Музыка мен музыкалық аспаптардың көп түрлері. Бейнелеу өнері мен архитектураның жоғары дәрежеде дамуы (кескіндеме суреттер, мүсіншілік, миниатюр). Агра-Тадж-Махал, Форт Агра кешендері. Халық медицинасы, бейнелеу өнері және т.б.
Оңтүстік Азия халықтарының діні. Индуизм. Ведтардың киелі кітаптары және оған берілетін көптеген түсініктемелер. Вишна мен Шиваға табыну. Б.з.д. VI ғ буддизмнің пайда болуы. Будда монастырлары мен монахтық өмір. Джайнизм. Сикхизм. Аймақтың солтүстік бөлігіндегі исламның кеңінен таралуы. Мәсіхшіліктің жолын ұстанушылар мен маздеизмнің көптеген түрлері (отқа табыну). Тайпалардың діндерінің көптеген түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет