Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі


Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар



бет10/51
Дата31.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#46559
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Ежелгі және орта ғасырдағы қытай халқының этногенезіндегі басты кезеңдерді атаңыз.

  2. Айн этникалық тарихының қандай ерекше белгілері бар?

  3. Қытай, кәріс және жапон иероглифтік жазуларының ерекшеліктері.

  4. Монғол халқының мал шаруашылығы.

  5. Кәріс халқының материалды жіктелуін құрастырыңыз.



Солтүстік Африка халықтары
Аймақ елдері: Алжир, Мысыр, Батыс Сахара, Ливия, Мавритания, Марокко, судан және Тунис, Шығыс Арабиясы, Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің араб елдері, сонымен қатар Мысыр және Судан. Батыс Арабиясы (Магриб) – Ливиядан Мавританияға дейінгі қалған Солтүстік Африкалық елдер.
Этнолингвистикалық сипаттамасы және нәсілдік түрі. Тілдік қатынаста аймақ халықтарының негізгі бөлігі үлкен афразиялық тілдік қауымдастығына жатады. Оның құрамына осы елдердің барлығының негізгі тілдерінің енуі – семит тобына жататын араб халықтары, сонымен қатар бербер халықтары (туареги, кабил, шильх және т.б.). Қала тұрғындарының шағын бөлігінің арасында үндіеуропа тілінің таралуы (француздар, итальяндар, еврейлер және т.б.). Халықтың көптеген бөлігінің еуропеоидтық нәсілдің жерортатеңіздік тарамының құрамына кіруі. Аймақтың оңтүстігінде және Сахараның далаларында негроидты халықтар мен харатиндердің – негр-құлдардың өмір сүруі.
Шаруашылығы. Шаруашылықтың өндірілетін және кешенді түрлері. Солтүстік және батыс аймағындағы халықтардың негізгі кәсіптері. Атластың таулы аудандары мен Магриб елдері тұрғындарының отырықшы егін шаруашылығы мен отарлық жайылым мал шаруашылығы. Тау етегі мен жазық жерлердегі суландырылатын егін шаруашылығы және мал шаруашылығы. Оңтүстік пен жартылай шөл дала тұрғындарының шаруашылық өмірі: көгалды жерлерде суармалы дақылдар өсіру және көшпелі мал шаруашылығының дамуы. Мысыр халықтарының жоғары дамыған дәстүрлі шаруашылығы. Мысырлықтардың қазіргі заманғы егін шаруашылығының ежелгі жасанды жер суландыру жүйесімен байланысы. Керуенді сауда.
Материалдық мәдениеті. Қалалар, архитектуралық стиль. Магрибтің ішкі аудандарында ортағасырлық архитектуралық ерекшеліктері бар қалалардың сақталуы. Қазіргі заманғы еуропалық түрдегі Примор қалалары. Егін және мал шаруашылығымен айналысатын халықтардың дәстүрлі қоныстануы мен үйлері. Тұрақты және уақытша тұратын үйлері. Араб типіндегі үйлер: саз балшықтан жасалған, тік төртбұрышты, көбінесе бір қабатты болады және жалпақ шатыры бар. Магриб отырықшы халықтарының көне үйлері. Дала көшпенділері киетін түйе жүнінен немесе қой жүнінен тігілген цатрлары (фелидж). Жалпы арабтық типтегі ер және әйел киімдері («джеллаб», бурнус және т.б.). Араб және бербер халықтарының тамақтану жүйесіндегі ортақтықтар мен айырмашылықтар. Отырықшы тұрғындардың тамақтарында әр түрлі нан тағамдарының; ал көшпенділерде финики, ет және сүт тағамдарының басым болуы.
Рухани мәдениеті. Халық ауыз шығармашылығының керемет дамуы. Араб әдебиеті және поэзия. Фольклорлы ансамбльдер. Дәстүрлі музыка мен билер. Ежелден келе жатқан музыкалық аспаптар. Қазіргі заманғы кәсіби өнер. Дәстүрлі араб этикасы. Халықтық қолданбалы өнерде жергілікті бербер мен араб дәстүрлерінің қосылуы. Ағаштан ойып жасалған бейнелер, керамикалық таспалардан жасалған мозаикалар, түрлі каллиграфикалық стилде орындалған Құран сүрелері. Металлдан ойып жасалған чеканкалар, теріге сурет салу, зергерлік және қару бұйымдары, кілем тоқу.
Отбасылық және діни қарым-қатынастары. Дәстүрлі және қазіргі заманғы араб отбасыларының түрлері, формалары және құрылымы. Ішкі отбасылық қатынастардағы ортақтықтар мен айырмашылықтар. Жартылай патрихалды, тайпалық және қауымдық институттарға әсері. Қанды кек алу дәстүрлері. Сахараның туареги халықтарында туысқандықты анасы жағынан санау қалдығының, матрилокалды некенің сақталып қалуы және отбасылық, қоғамдық өмірде әйел адамның тең дәрежедегі құқықтығы. Баланың туылуы мен тәрбиесіне байланысты рәсімдер, жерлеу рәсімдері.
Араб және бербер халықтарының қоғамдық-саяси, әлеуметтік өмірлеріндегі исламның үстемдігі. Маликит және ханифит мазбахтарының суннизмі. Дервишество мен суфия орденінің таралуы. Христианствоның болуы. Исламға дейінгі сенімдер мен түсініктердің, аймақтың жергілікті сенімдерінің сақталуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет