Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі


Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар



бет8/51
Дата31.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#46559
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Оңтүстік Азияның ірі көне өркениеттерін атаңыз.

  2. Үндістан аумағында қандай халықтар ең көнелері болып табылады?

  3. Оңтүстік Азияның елді мекендерінің неғұрлым кең таралған жүйелерін атап көрсетіңіз.

  4. Аймақтың негізгі діндерінің жіктеу таблицасын құрыңыз.

Оңтүстік Шығыс Азия халықтары
Оңтүстік Азия мемлекеттері: Бирма, Тайланд, Лаос, Вьетнам, Кампучия, Малайзия, Бруней, Сингапур, Индонезия, Шығыс Тимор, Филиппин.
Этногенезі және этникалық тарихы: Аймақ антропогенез облыстарының бірі. Явтан ежелгі «тік жүретін адам-маймыл» - питекантроп қаңқасының табылуы. Ежелгі және орта ғасырлық кезеңдегі халықтың антропологиялық құрамы. Үндіқытай түбегі елдеріндегі көптеген мыңжылдықтарға созылған күрделі этникалық үрдістер. Мьянма, Тайландтың ежелгі халықтары. Лаостың, Вьетнамның, Кампучияның этникалық тарихтары. Индонезия, Филиппин, Малай архипелагы және Малайзия халықтарының этникалық тарихтарының ерекшеліктері. Аймақ халықтарының антропологиялық құрамы мен тілдік жіктеуінің күрделілігі.
Шаруашылығы. Кезбе аңшылар мен терімшілер. Аймақтың аңшы, терімші халықтарының еңбек құралдары. Балық аулаушылық. Қолмен жер игеру шаруашылығы. Суландырудың кесу-отау нысандары. Соқамен жер игеру. Жер шаруашылығының суарылатын және суарылмайтын нысандары. Басты азық-түлік мәдениеті. Плантациялық шаруашылық. Негізгі жер игеру құралдары. Бау-бақша өсіру. Мал шаруашылығы. Сүт өнімдерін беретін және жұмысқа тартылатын малдарды көбейту. Еңбек құралдары.
Материалдық және рухани мәдениеті. Оңтүстік Шығыс Азия халықтарының елді мекендері мен тұрғын үйлеріндегі ортақтықтар мен ерекшеліктер. Өзен, көл, теңіз жағалауларындағы жер шаруашылығымен айналысатын елді мекендер. Сал мен қайықтардағы жүзіп жүретін ауылдар. Таулы елді мекендер. Тіреулі және жерге орнатылған үйлер. Құмды кірпіштермен немесе қабырғалары өріліп толтырылған жер үйлер. Бамбук пен шөптерден жасалған жеңіл үйлер, кезбе аңшылар мен терімшілердің таудағы жунглида кездесетін желді тосқауылдары. Шаруашылық құрылыстары. Киімдерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтары. Бас киімдері мен аяқ киімдері. Жунглидағы аңшылар мен терімшілер киімдерінің ерекшеліктері. Қоректену жүйесі мен үй аспаптары.
Рухани мәдениеті. Рухани мәдениетінің, халық шығармашылығының асқан байлығы мен жан-жақтылығы. Өткен заманның рухани және ақсүйектер әдебиетінің ең күшті көріністері. Эпостық ертегілер және музыкалық-драмалық туындылар. Театр қойылымдарының, музыкалық халық жанрларының, билер мен әндердің жан-жақтылығы. Аңшылық билер, өлеңдер және орман халықтарының мимикалық қойылымдары. Кәсіби және халық өнері. Дәстүрлі қолөнер мен үй өндірісі. Әлеуметтік қарым-қатынастар және қоғамдық ұйымдар. Қауымдық-туысқандық қарым-қатынастар элементтерінің сақталуы. Отбасы және отбасылық қарым-қатынастар.
Діни сенімдері. Вьетнамда, Лаоста, Мьянмада және Кампучияда будда дінінің таралуы. Филиппиндегі католиктер бағытындағы мәсіхшілік; Индонезиядағы, Малайзиядағы және Брунейдегі ислам. Жунгли мен тау халықтары мен тайпалары арасындағы ежелгі тайпалар діндері мен діни көріністердің бар болуы.
Қазіргі заманғы этникалық құрамы. Оңтүстік шығыс Азия елдеріндегі бір ұлтты және көп ұлтты халықтардың ерекшеліктері. Антропологиялық құрамы және тіл қатыстылығы. Халықтың конфессионалды құрамы. Ұлттық бірігудің жоғарғы дәрежесі. Жинақталған ірі ұлттар мен аз халықтардың, тайпалы топтардың арасындағы өзара әсерлері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет