Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі


Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар



бет4/51
Дата31.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#46559
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
УМКД ЭТНОЛОГИЯ каз

Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Австралия мен Океанияны тарихи-мәдени ауданға бөлудің негізін не қалады?

  2. Жергілікті халықтың қоғамдық қалыптасуы мен әлеуметтік құрылымы.

  3. Жергілікті аборигендердің діни сенім-нанымдары.

  4. Австралия аборигендерінің негізгі тілдік семьяларының таралу картасын құрыңыз.



Австралия мен Тасмания халықтары
Антропологиялық және тілдік құрамы. Австралоидтық нәсілдің ерекше түрлері. Ерекше австралиялық кестеге, яғни, семьяның ішіндегісіне қарағанда туыстығы алыстау болатын топқа жататын 200-ден аса тілдің болуы. Байырғы негізгі екі тілдің болуы: пама-нюнга және не-пама-нюнга. Пама-нюнга семьясының тілінде Австралия континентінің оңтүстік бөлігінде сөйлейді. Не-пама-нюнга тілінің түрлі топтары құрлықтың солтүстік және солтүстік-батысының Арнемленд түбегінің шығысында орналасқан. Тасмания тілдерінің нашар зерттелуі.
Негізгі тұрмыстары. Аңшылық пен терімшіліктің билік етуі. Еңбектің бөлінуі. Аңшылықтың объектілері мен әдіс-тәсілдері. Балық аулаушылықтың көмекшілік түрі. Өндіріс құралдары, аңшылық және соғысатын қарулар. Ұшатын шоқпарлар (бумеранг).
Материалдық мәдениеті. Австралиялықтар мен тасмандықтардың көшпенді өмір сүру салтының барлық мәдениетке әсері. Тұрақты үйлерінің болмауы. Шалаштар, үйшіктер мен желдік тосқауылдар. Жамбас байлауыштары, алжапқыш белдіктер. Аңшылық пен терімшіліктің өнімдерінен тұратын тамақтар. Отты жағу әдістері.
Қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік құрылымы. Тайпалар, фратрия, рулар, олардың өлшемдері мен саны. Рәсімдері. Жасы үлкен ер адамдардың австралиялықтардың қоғамдық қарым-қатынастарына ықпалы. Билікті ұйымдастыру және тасмандықтардың некелік қарым-қатынастары.
Рухани мәдениеті. Австралиялық аборигендердің әр тайпалы топтарында көптеген ұрпақтар бойы ауыздан-ауызға берілген өздерінің аңыздарының, ертегілері мен халық әндерінің болуы. Дәстүрлі мифологияның көп бөлігінің ата-бабаларының істерімен, саяхаттарымен байланысы. Қазіргі заманғы адамдар, жануарлар мен өсімдіктер солардан пайда болған деп сенеді. Аңшылардың және күйеулері өлген әйелдердің ыммен тілдесуді қолдануы. Музыка және музыкалық аспаптар. Бейнелеу өнері. Діни сенімдері. Тотемизм, анимизм, магия.
Еуропалық отарлау және англоавстралиялықтар. Еуропа мәдениетінің жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысына әсері. Елдің солтүстік және орталық аудандарында тұратын аборигендердің бұрынғы тұрмыс салтының сақталуы. Кейбір резервацияларда «өқімет бекеттерінің» және елшілер ауылдарының сақталуы. Сыртқы елді мекендер немесе орталықтандырылған қауымдар. Аборигендердің түрлі топтарының этникалық дамуының біркелкі еместігі. Байырғы тілдерді білімде, баспасөзде, кинода, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданудың мәселелері.
Австралияның біріккен мемлекет ретінде қалыптасуы және англоавстралиялық ұлттың пайда болуы. Англоавстралиялықтар арасындағы этномәдени үрдістер. Урбанизациялау үрдістері. Азаматтардың негізгі көпшілігі – жағалауда немесе соған жақын орналасқан алты австралиялық штаттың тұрғындары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет