Австралия аборигендерінің отбасылық-неке қатынастарының негізін қандай қағидалар қалады?
Австралия аборигендері аңшылығының неғұрлым кең тараған әдістерін көрсетіңіз.
Австралия аборигендерінің негізгі тайпаларының орналасу картасын құрыңыз.
ХХ ғасырдың басындағы Австралияда тұратын негізгі этникалық халықты атаңыз.
Мұхиттық аралдар халықтары халықтары Меланезия халықтары. Меланезия халықтарының этногенезі мен тілдерінің мәселелері: Адмиралтейство, Санта-Крус, Фиджи, Лоялти, Жаңа Каледония, Жаңа Гибрид, Соломон аралдары, Бисмарк архипелагының Жаңа Ирдандия және Жаңа Британия аралдары және т.б. меланезиялықтар ата-бабаларының Меланезия аралдарынан Жаңа Каледонияға дейін қоныстануы, олардың 5-6 мыңжылдық бұрын Жаңа Гвинея арқылы Индонезиядан жұмырлы балта мәдениетін әкелушілер. Папуастармен жартылай араласуы және Жаңа Гвинея мен басқа да меланезиялықтар аралдар жағалауындағы аудандарды жартылай тықсыртып шегіндіруі. Екі түрлі тіл топтарының болуы – меланезиялық және папуастық. Антропологиялық сипаттама. Экваторлы меланезиялық түрі немесе негро-австролоидтық нәсіл (Н.Н.Чебоксаров бойынша), ол өзінің шығу тегін Оңтүстік Шығыс Азияның ежелгі халқынан алады. Меланезиялық тип жаңакаледондық және папуастық болып екіге бөлінеді.
Шаруашылық-мәдени түрі. Тропикалық түрлердің қолмен жер игеру шаруашылығы: түйнекті өсімдіктерді өсіру, жемісті ағаштарды егу, әсіресе, кокос пальмасын, нан ағашын, банан, пизанг ағаштарын өсіру. Жер шаруашылығының кесу-отау жүйесі. Балық шаруашылығы.
Өнеркәсібі. Қолданбалы-сәндік өнер. Мүсіндерді, адамның бастарын ағаштан ойып салу. Бейнелеу және музыкалық өнері. Қоғамдық және діни өмір орталықтары ретінде ер адамдардың үйі. Әлеуметтік құрылыс және дәстүрлі отбасылық неке қатынастары. Діни сенім-нанымдары.
Папуа-Жаңа Гвинея халықтары. Папуастардың этногегенездік мәселелері. Папуастар Меланезияның ежелгі халықтарының ұрпақтары. Папуастардың Жаңа Гвинеяда 20-30 мыңжылдық бұрын пайда болуы, ол кезде Жаңа Гвинея мен Индонезия арасында құрлық көпірі болған болатын. Тілдік сипаттамасы. Папуас тілінің жекешеленген жағдайы, Океанияның басқа халықтармен де байланысы. Антропологиялық тип. Папуа-Жаңа Гвинеяның ішкі аудандарында аласа бойлы негритостар мен папуастар болып бөлінуі.
Шаруашылығы. Кетпенді жер шаруашылығы. Жерді өңдеудің кесу-отау тәсілі. Шаруашылықта папуастық балық шаруашылығының үлкен мәні. Жергілікті балық шаруашылығының техникасы. Жабайы құстарды аулау. Шошқа щаруашылығы. Қолөнер. Елді мекендер мен үйлердің жергілікті түрі. Тіреулі үйлер. Дәстүрлі үйлер. Киімдері. Тамағы мен аспаптары.
Қоғамдық құрылыс. Қауымдық туысқандық ұйымдардың ыдырау стадиясы және ертетаптық қатынастардың пайда болуы. Тайпалық одақтар мен қауымдар. Экзогамия рәсімі. «Ер адамдар одағы». Діни сенімдері. Манна, анимизм, магия, ата-бабаларға сену.
Полинезия және Жаңа Зеландия халықтары. Полинезия халықтарының жалпы сипаттамасы («Көпаралдық»). Гавай мен Маркиз аралдары, Элисса, Самоа, Тойга, Кука, Тубуаи, Таити, Туамоту және т.б. аралдары. Полинезияға Жаңа Зеландия да қатысты.
Этногенез мәселелері. Полинезия халықтарының азиаттық және американдық теориясы. Біздің дәуіріміздің басындағы Океанияға полинезиялықтар ата-бабаларының қоныстануы. «Шығудың» аңызға айналған елі – Гаваики. Полинезиялықтардың нәсіл түрлері мен тілдік жіктеуінің ерекшеліктері. XVIII ғ соңындағы Гаваи архипелагында атақты көсем I Камеамеаның үстемдігі. Гаваи аралдарын американдық отарлау. XVIII ғ соңынан бастап Жаңа Зеландияға еуропалық қоныстанушылардың енуі. Аралдың жергілікті халқы – маорилардың жерін күштеп тартып алу.
Еуропалықтардың енуіне дейін полинезиялықтардың негізгі шаруашылығы – жерді қолмен игеру шаруашылығы, жемісті ағаштар егу, балық шаруашылығы және терімшілік болды. Шошқа және тауық өсіру. Аңшылықтың мәні. Дәстүрлі қолөнер және өнер. Материалдық мәдениеттің негізгі элементтері.
Дәстүрлі қоғамдық құрылыс. Әлеуметтік құрылымның қауымдық-туыстық институттан ерте таптыққа ауысу түрі. Касталар және көсемдер иерархиясы. Мәдениеті. Халық шығармашылығы мен музыка. Халық білімі. Жастарға арналған өзіндік мектептер. Иероглиф жазбалары. Дін және табиғаттың жоғарғы құдайлары. Қоршаған орта туралы, олардың айналасындағы сулар мен көрші аралдар туралы түсініктері. Еуропалықтардың жергілікті халық тағдырына әсері. Ағылшын тілді жаңазеландиялықтар мен маорилар.
Микронезия халықтары. Микронезия халықтарының шығу тегінің ерекшеліктері («Ұсақ аралдар»): Мариан, Маршалла, Каролин, Гильберт, Палау және т.б. аралдар. Микронезия Филиппин, Шығыс және Солтүстік Индонезияның, Полинезия мен Меланезияның арасын біріктіріп тұрған звено іспетті. Микронезиялықтардың антропологиялық және тілдік жіктеуіндегі қиыншылықтар. Жемісті ағаштарды егуге бағытталған жер шаруашылығы. Балық шаруашылығы дамуының жоғарғы дәрежесі. Ашық теңізде үшбұрышты желкені бар екі жақты қайықпен жүзу. Аңшылықтың көмекшілік мәні және терімшілік. Материалдық және рухани мәдениеті. Қоғамдық құрылысы. Әлеуметтік жіктелуі. Діні. Еуропалық отарлаудың жергілікті халықтың қоғамдық және отбасылық өміріне ықпалы.