Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі


Қиыншылық туғызатын сұрақтар және тапсырмалар



бет6/51
Дата31.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#46559
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
УМКД ЭТНОЛОГИЯ каз

Қиыншылық туғызатын сұрақтар және тапсырмалар:



  1. Жаңа Гвинея папуастарын ғылыми зерттеу орыстың қай зерттеушісінің атымен байланысты?

  2. Океанияның қай аймағында иероглифтік жазбаны қолданды?

  3. Океания халықтарының діни сенімдерінің мәні неде?

  4. Меланезия, Полинезия және Микронезия халықтарының қоныстану картасын құрыңыз.



Батыс немесе Алдыңғы Азия халықтары
Батыс Азия мемлекеттері: Түркия, Иран, Афганистан, Ирак, Сирия, Сауд Аравиясы, Йемен, Израиль, Ливан, Иордания, Оман, Біріккен Араб Эмираты, Бахрейн, Кувейт, Катар, Кипр.
Этногенезі мен этникалық тарихы. Ерте және кейінгі дәуірдегі қазіргі заманғы адамның қалыптасуы. Алдыңғы Азия аумағындағы ежелгі өркениеттер: Месопатамия, Вавилон, Иудея, Урарту және т.б. Анти дәуірі мен орта ғасырдағы этникалық үрдістер. VII-VIII ғғ арабтардың жаулап алуы және араб халқының пайда болуы. Басып алған халықтарды исламға күштеп енгіздіру. X-XII ғғ түрік-селжуктардың енуі. Халықтың ірі бұқарасының араласып кетуі. Монғол басқыншылығынан кейінгі халықтардың нақты қалыптасуы. Жаңа дәуірдегі этникалық үрдістер. XX ғ 40-60 жж. ұлт-азаттық қозғалыстар және тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы.
Қазіргі заманғы этникалық құрамы. Антропологиялық құрамы. Негізгі тілдері: үндіеуропалық, семиттік түркі тілдес семьялар және олардың топтары. Аймақтың бір тектес және көп ұлтты мемлекеттері. Әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы, мәдениет деңгейіндегі, өмір сүру салтындағы айырмашылықтар. Халықтың этноконфессионалды құрамы. Суннит және шиит бағытындағы ислам. Исламның, христианствоның, ежелгі маздеистік және басқа да мұсылмандық сенімдерді бойына жинаған жергілікті діндер. Ливандағы христианство және Израильдегі иудаизм.
Шаруашылығы. Соқамен жер игеру және номадизм, олардың аралық типтері. Суландырылған егін шаруашылығы. Егістікті сумен қамтамасыз ету. Богарды жер шаруашылығы. Егін шаруашылық мәдениеттері: дақылды, техникалық, бау-бақшалық. Ауыл шаруашылық құралдары. Мал шаруашылығының әр түрлілігі. Көшпенді, жартылай көшпелі, жартылай отырықшы және отырықшы мал шаруашылығы, олардың таралған аудандары. Көшу бағыттары. Малдардың түрлі құрамдары.
Материалдық мәдениеті. Тұрғын үйлері. Аумақтың отырықшы, сондай-ақ және көшпелі тұрғындарында лучевой типті елді мекендердің басымдылығы. Егін шаруашылығы және мал шаруашылығымен айналысатын халықтардың үйлерінің айырмашылықтары. Егін шаруашылығымен айналысатындарда саздан жасалған, каркасты, жалпақ шатыры бар үйлердің басымдылығы. Жобасы мен интерьері. Көшпенділер мен жартылай көшпенділердің үйлері. Арабтарда, курдтарда, көшпенді түріктерде және афгандарда жүннен, киізден немесе брезенттен жасалған төртбұрышты күркелердің басымдылығы. Иран түркімендерінің және басқа да көшпенді тайпалардың киіз үйлері. Жылжымалы үйлердің жиналуы. Тамақтану жүйесі. Тамақ дайындау әдістері. Дәстүрлі ыдыстар (саздан, құмнан). Дәстүрлі киімдері мен әшекей бұйымдары. Қозғалыс құралы.
Отбасы және әлеуметтік қарым-қатынастар. Отбасы. Көп әйел алу (полигамия). Моногамды отбасылар. Аймақ елдеріндегі әйелдердің тең құқықсыздығы. Қоғамдық қарым-қатынастар. Ирандағы жер игерудің архаикалық қауымдық жүйесі. Архиакалық патриархалды дәстүрлер: өзара көршілік көмек, қауымдық-тайпалық демократия, қанды кек алу, Түркиядағы өріктерінің, курдтардың, лурлардың, бахтиарлардың, белудждардың, пуштундардың, хазарилықтардың және т.б. түйе өсірушілерінің, бедуиндары мен қойшыларының қауымдық-тайпалық ұйымдары.
Рухани мәдениеті. Халық шығармашылығының жан-жақтылығы. Фольклар аңыздары, тарихи аңыздар. Халық музыкалық мәдениетінің жан-жақтылығы. Музыкалық аспаптар. Музыка мен би. Халық білімі. Араб архитектурасы. Түрік халық өнері. Иранның халық ауыз шығармашылығы. Ауғаныстанның халық өнері. Халық медицинасы. Дін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет