Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі


Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар



бет3/51
Дата31.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#46559
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
УМКД ЭТНОЛОГИЯ каз

Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Әлем халықтарын жіктеудің негізіне не жатады?

  2. Исламдағы негізгі бағыттар мен ағымдарды атаңыз.

  3. Қандай ресейлік ғалымдар шаруашылық-мәдени түрлерді қалыптастыруға үлестерін қосты?

  4. Ірі адам нәсілдерінің айырмашылық белгілерін атаңыз.

  5. Жетекші этнотілтанушылардың зерттеулеріне сүйене отырып, әлем халықтарының тілдік семьяларының, тарамдардың және шағын тіл топтарының негізгі схемасын құрыңыз.



Австралия мен Мұхиттық халықтарының ортақ мәселелері
Австралия мен Океанияның тарихи-мәдени аудандарға бөлінуі: Австралия мен Тасмания, Меланезия, Папуа-Жаңа Гвинея, Микронезия, Полинезия мен Жаңа Зеландия. Австралия мен Океания халықтарының этногенездік мәселелері, бұл аймақтың этникалық тарихының негізгі кезеңдері.
Аймақтың этникалық тарихының негізгі кезеңдері мен этногенездік мәселелері. Зерттеліп отырған аймақтағы ежелгі адамдардың мәселелері. Шамамен 40-30-шы мыңжылдықтардағы бұрынғы Оңтүстік-Шығыс Азиядан Австралияға, Тасманияға және Жаңа Гвинеяға алғашқы адамдардың енуі. Ежелгі австралиялық археологиялық мәдениеттердің Оңтүстік-Шығыс Азияның аналогиялық мәдениеттерімен байланысы. 10-5-шы мыңжылдықтардағы бұрынғы Океанияға енген миграциялық толқындар. Австралоидтық нәсілдің қалыптасуы. Австралия аумағындағы алғашқы австралиялықтардың палеоантропологиялық табылған заттары. Олардың түрлерінің ұқсастықтары мен кейбір айырмашылықтары. Тасмандықтар шығу тегі және Тасманияға орналасу уақыты туралы мәселелер. Протоокеаниялық, кейіннен тілдік ортақтылықтың пайда болуы. Қазіргі заманғы ғылыми мәліметтер бойынша Океанияға қалған архипелагтардың ақырғы орналасуы. Полинезиялықтар шығу тегіндегі азиаттық және американдық гипотездер.
Европалықтардың Австралия мен Океанияға енуі және оның зардаптары. Европалық теңіз саяхатшыларының Океанияда түрлі аралдарды ашуы: А.Абреу мен Ф.Серран 1511 жылы Жаңа Гвинеяны, 1521 жылы Ф.Магеллан Туамоту мен Мариан аралдарын, 1606 жылы В.Янезон Австралияны, 1642 жылы Тасман Жаңа Зеландияны. Океанияға XVI ғ испандықтардың, XVII ғ голландықтардың, XVII ғ Ұлыбритания мен Францияның, ал XIX ғ Германия мен АҚШ-тың енуі. ХХ ғ басындағы европалық державалар мен АҚШ-тың кеңінен етек жаюы. 1944 жылы американдықтардың Микронезияны басып алуы. Европалық отарлаудың аймақтың жергілікті халықтары үшін апатты зардаптары. Азия елдерінен келісім-шарт бойынша жұмысшыларды әкелуі (Жапониядан, Қытайдан, Үндістаннан және т.б.). Океанияның көптеген аралдары мен архипелагтарында этникалық қатынастардың өзгеруі. Австралияның көптеген теңіз халықтары мен аборигендері мәдениеттерінің күйреуі мен бұзылуы. Океандықтардың ұлт-азаттық күресі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Океания мен Австралия халықтарының тәуелсіздікке ие болуы. Аймақтағы қазіргі заманғы этникалық және этномәдени үрдістер. Океания аралдары халықтарының қоныс аударған испандықтармен, ағылшындармен, португалдықтармен, филиппиндіктермен, жапондықтармен және т.б. араласуы. Австралия мен Океаниядағы ассимиляциялық және консолидациялық үрдістер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет