Пән: Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі пәні Дене шынықтырудың жалпы және кәсіби қызметтері


Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттеріне үйрету (оқыту) үдерісін басқару



бет12/21
Дата24.06.2023
өлшемі53,29 Kb.
#103294
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
Пән физкультура 1

29 Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттеріне үйрету (оқыту) үдерісін басқару.
Көрнекілікті түйсікпен қабылдау оқытылып, үйретілуге тиісті қозғалыс әрекетіне оқушылардың барынша жылдам және берік меңгеруге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік жасайды. Әсіресе, бұл әдістің балаларды қозғалыс әрекетіне үйреткенде үлкен маңызы бар. Бұл балалардың еліктеу қабілетінің өте күшті дамуымен, жанды мысалдарды орындауға ынталануымен түсіндіріледі.
Көрнекілікті қабылдау әдісі, көрнекілік дүниесі оқушыларға үғынықты, жете түсінікті болуы тиіс. Әйтпесе мұғалім оның мәтінінің мазмұнын суреттеп, түсіндіруді қызықтауға, ал оқушылар терең түсіне алмай, қызықтап сырттай қараушыға айналады. Нәтижесінде үйренушілер өз әрекеттерін талдауды үйрене алмайды және тек оның сыртқы жағына ғана назар аударады.


30 Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау әдістері,оқушылар іс-әрекеттерінің белсенділігін арттыру әдістері.
Спорт — өнеркәсіптен тыс қызмет, яғни оның өнеркәсіппен тікелей материалдық игілік арқылы байланысы жоқ, бірақ оқу-тәрбие жуйесінің заңдылыңтарына багынышты. Балалар спортында бұл екі мәселенің белгілері де былай түсіндіріледі: спорт оқушылардың мемлекеттік жоспар мен бағдарламаға сәйкес жалпы білім беретін мектептердегі оқу пәні ретінде сабақтан, сыныптан және мектептен тыс уақытта барынша ерікті түрде іске асырылатын жұмыс түрі. Спорт үзіліссіз, қарқынды дайындықсыз нәтиже бермейді.
Олардың өз мүмкіндіктерін барынша толық көрсетуі өз заңдылықтарымен жалғасатын жарыс үлгісі арқылы салыстырмалы түрде көрінеді (ережесі, спорттық жіктелуі, марапатталуы, мадақталуы, көрнекілігі және т.б.), турасын айтқанда тек жарыста спорттың мақсаты, мүратты қызметі шешімін табады. Бұл зандылық балалар спортында да анықтаушы принцип болып қалады, тек жарыстардың сыртқы бейнесі ғана өзгеріп, ал өздерінің күштерін салыстырмалы түрде сынауға ұмтылу рухы сабақталады.


31 Сабактарды құру түрлерінің жалпы сипаттамасы.
Спорттық жаттығудың негізгі бөлімдердің іс жүзінде белгіленбенген. Олардың қалай тұтас байланысатын ажыратпай тұрып, жаттығу жүйесінің мәнін түсіну және оның практикалық құрылымы тәсілдерін меңгеру мүмкін емес. Жаттығу жүйесінің тұтастығы оның табандылықпен бірігетін тәртіп белгілері (бөлімдері, қырлары және буындары), олардың бір-бірімен заңды қатынасы және жалғастығы туралы түсінік белгілі құрылым негізінде қамтамасыз етіледі, яғни, спорттық жаттығу құрылымы төмендегідей сипатталады:
-спортшының әр түрлі дайындық қырларының өзара байланысын мақсатқа сәйкес жүзеге асыру тәртібімен (жалпы белгілерімен және арнайы дене дайындығымен, бұлшық етті жетілдіру және тәсілдік дайындықпен т.б.);
-жаттығу жүктемелерінің (оның көлемі мен үдемелі есімталдық мөлшері), сондай-ақ жаттығушылық және жарыстық жүктемелердің қажетті жұптасқан қарым-қатынаспен;
-жаттығу жүйесінің уақытқа сай өзгеру заңдылықтарын білдіретиін белгілі бір кезеңдері, немесе сатылары болып табылатын әр түрлі буындардың (циклдер, мезгілдер, кезеңдер, жекелеген сабақтар және олардың бөлімдері) белгілі жалғастармен.
Спорттық жаттығудың мазмұнына тән негіз- спортшының денесін тәрбиелеу болып табылады. Бұл процестің нақты бағдары дене қабілетін тәрбиелеу- спорттық іс-әрекетке байланысты. Дәлірек айтқанда, таңдаған спорттың түріне байланысты әрекеттерді жетілдіріп, оны дамытуға әсер ету. Спортшының денесін тәрбиелеу адам денесінің тұтас тұлғасын дамытумен бірлікте жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет