Пән: Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі пәні Дене шынықтырудың жалпы және кәсіби қызметтері


Дене шынықтыру сабақтарында қимыл- қозғалыс қабілеттерін тәрбиелеудің ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері



бет20/21
Дата24.06.2023
өлшемі53,29 Kb.
#103294
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
47 Дене шынықтыру сабақтарында қимыл- қозғалыс қабілеттерін тәрбиелеудің ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері.
Дене сапаларының дамуы қимылды қайта құруды, яғни белгілі бір әдісті өзгертуді талап етеді. Егер волейболшының секіруі жақсарса, бұл шабуыл соққысының әдісінде де (жүгіріп келу, доптың ұшу бағыты мен жылдамдығына қарай сермеу құлашы) көрініс табуы керек. Сонымен, дене сапасы мен қимыл дағдысы арасынад өзара тығыз байланыс болады.
Ойынның жаңа әдістік амалын үйренер алдында тек осы амалға тән құрамды дене сапаларының тиімді деңгейіне дейін дамыту қажет. Дағдыларды оңтайлы ауыстыру принципі бойынша оқушыларда жаңа амалдарды меңгеруді жеңілдететін қимыл дағдылары қоры болғаны маңызды.
Жарыстық-ойындық іс-қимылдарының құрылымы бұл бүтін бір жүйеге біріктірілген құрамдас бөліктердің қосындысы (іс-қимылдар мен әрекеттер). Мұнда алдымен, спортшылардың әдістік-тәсілдік іс-қимылдар жиынын таңдау мен оларды ойын жағдайында тиімді пайдалану іскерлігіне назар аудару қажет.
48 Дене бітімінің тәрбиесі: дене салмағын реттеу негіздері.

Дене шынықтыру аталған мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттері:


1.Сауықтыру міндеттері:денсаулықты нығайту, денені жан –жақты дамыту,ағзаны шынықтыру,адамдардың ұзақ шығармашылық өмірін қамтамасыз ету.
2.Білім беру міндеттері:қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық,ептілік,икемдік,күш-қуат,шыдамдылық, т.б) қалыптастыру арнаулы білімді меңгеру ұйымдастырушылық қабілеттді бойға сіңіру.
3.Тәрбиелік міндеттері: жан –жақты тәрбие арқылы ақыл –ой,адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне ықпал ету.
Бұл міндеттер дене шынықтырумен айналысушы жастарға байланысты олардың жас ерекшеліктеріне, денсаулық жағдайына, дене дамуының деңгейіне, дене әзіріне байланысты. Жаттығу қаншатиімді өткізілсе де, ерте ме, кеш пе ағзаның қызметі мен бейімделудің төмендеуі жасқа байланысты болады. Бұл меже сөзсіз және іс жүзінде көп жағдайларға байланысты. Спорттың кейбір түрлерін алатын болсақ, алыс қашықтыққа жүгіру, шаңғыда, тіпті ауыр атлетика 40-тан асқаннан кейін де көзге түсетиіні белгілі. Әдетте 35-40 жаста жаттықтыру саласында қайта құру жалпы жұмыс қабілетін ұзақ сақтау және арнайы спорт дағдысын жоғалтпау бағытында өтеді. Кейбір жағдайда бұрын қалыптасқан қабілеттер қамтамасыз етіледі және жетілдіреді. Спортпен шұғылданудың көп жылдық саласын жіктеп көрсету оңай шаруа емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет