36 Сабақтағы жүктемелерді реттеу тәсілдері, үлгерімді тексеру мен бағалау түрлері.
Спорт материалдық және рухани құндылықтың жиынтығы ретінде қоғамда адамдардың ойындық дене әрекеттері үшін жүйелі, арнайы бағытталып, құрылып және пайдаланылатын ағзаларының құрылысының түрлері қызметінің және психологиялық қарқынды дайындығының, оған жалғасатын барынша толык қабілеттерін спорттық жарыс жолымен алдын ала анықтайтын қозғалыс әрекетінде көрсететін дене мәдениетінің табиғи бөлігі болып саналады. Яғни спорт қоғамның мүддесіне қызмет ететін қызмет саласы. Ол өзінің қызметі аясында тәрбиелік, дайындық және қарым-қатынастық (коммуникативтік) қызметтің шешімін табады, бірақ ол адамның барлығының тұрақты, арнайы кәсіби мамандығы (кәсібі) бола бермейді. Спорт — өнеркәсіптен тыс қызмет, яғни оның өнеркәсіппен тікелей материалдық игілік арқылы байланысы жоқ, бірақ оқу-тәрбие жуйесінің заңдылықтарына бағынышты. Балалар спортында бұл екі мәселенің белгілері де былай түсіндіріледі: спорт оқушылардың мемлекеттік жоспар мен бағдарламаға сәйкес жалпы білім беретін мектептердегі оқу пәні ретінде сабақтан, сыныптан және мектептен тыс уақытта барынша ерікті түрде іске асырылатын жұмыс түрі. Спорт үзіліссіз, қарқынды дайындықсыз нәтиже бермейді.
37 Мектепке дейінгі сәбилердің күнделікті -тұрмыстық жағдайларында дене шынықтыру бағытын тиімді пайдалануың әдіснамалық негіздері.
Дене жаттығулары сабақтары мен бірге сабақтағы демалыс минуттары, са-баққа дейінгі гимнастика, үзілісті ұйымдасқан түрде өткізу, мектеп тазалығы, ыстық тамақ, мұғалімнің оқушылардың тұлғасына, жүріс-тұрысына қарауы сияқты іс-шаралар да қолданылады.Оқушылардың қалыпты дамуында тұлғаны дұрыс ұстау ерекше орын ала-ды.Ағзаның, ішкі құрлыстың қызметтің қалыпты жағдайда болуы тұлғаға бай-ланысты. Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру, сонымен қатар тұлғаға арналған жаттығуларды орындау алға қойған міндеттерді шешеді.
Денсаулықты нығайту, шынықтыру үшін жаратылыстың табиғи күштері кеңінен қолданылады.
Оқушылардың денсаулығын жақсарту барысындағы міндеттерді орындау үшін мектеп оқушылардың жүйелі және белсенді түрде дене жаттығуларымен айналысуын талап етеді.Оқушыларға дене шынықтыру және спорт жөніндегі білімдерді меңгерту, гигиеналық білімдер мен дағдыларды қалыптастыру.
Аталған міндет оқушыларға дене шынықтыру және спорт жөніндегі қажетті білімдермен қамтамасыз етеді: дене жаттығулары сабақтарымен айналысудың пайдасы, гигиеналық ережені сақтау, сонымен қатар бағдарлама бойынша барлық дене жаттығуларын орындауы жаттығуды дұрыс орындауға деген көзқара-сын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |