Мектеп жасындағы балалардың дене сапаларын тәрбиелеу ерекшеліктері.
Оқытудың бірінші сатысының мақсаты – үйренетін әдісінің негізгі амалдарын жалпы тұрғыда меңгеру. Бұл сатының міндеттері:
-оқушылардың меңгеріп үлгермеген қимыл бөліктерін үйрету;
-қозғалыс негіздерін толық орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
-амалды орындаудағы шектен тыс қысым түсу сияқты керексіз қимылдарды болдырмау.
Бұл міндеттерді орындау үшін алдымен, оқушыларға үйренетін амал туралы жалпы мәлімет беріп (айтып түсіндіру, жасап көрсету, қимылмен көрсету), сосын қимылды жекелеп (қажет жағдайда), содан кейін толық жасап көрсетіп, әдістік амалдың негізгі нұсқасын үйрету қажет. Жаттықтырушы артық қимылдар жойылып, қимылдың негізгі әдістері меңгерілді деп есептеп, бастысы қимылдың жалпы ырғағын игергенде кезең аяқталады.
Ерте және мектеп жасына дейінгі балалар дене шынықтыруының негіздері.
Дене дамуының жетілуі адамдардың ешқандай кемшіліксіз жан-жақты жетілген тұлға туралы арманын бейнелейді.Дене тәрбиесінің міндеттері: алға қойған мақсатың шарттарына сәйкес орындарға қол жеткізуге мүмкіншіліктер туғызады.Дене тәрбиесі жұмысында шешілуге тиіс міндеттер үш топқа бөлінеді:сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттері.Дене дамуы адамның жеке өміріндегі ағзаның пішіні мен қызметінің өзгеруі.
Адамның дене дамуына биологиялық, климатты – географиялық және әлеуметтік фактор әсер етеді.Биологиялық факторлар тобын тұқым-қуалаушылық құрайды. Бұл әрекеттердің нәтижесінде дене дамуы жасына қарай бірте-бірте өзгере түсетіні белгігі.
Дене шынықтыру сабағындағы мұғалімнің іс-әрекетінің құрылымы.
Мектептегі дене тәрбиесі сабағы балаларды денелерін шынықтыру арқылы өмірге дайындау үшін қоғамның құрған материалдық және рухани құндылықтарының жиынтығы болып саналады. Балалардың денелерін шынықтыру дайындығының құнды байлығы тек халыққа білім беру саласы қызметкерлерінің мектеп көлеміндегі пайдаланатын деңгейінде ғана емес, бүтіндей жалпы қоғаммен даярланады. Дене мәдениетінің қызмет ету жуйесі дене тәрбиесі деп аталады. Тәрбие дегеніміз адамдардың мәдени қызмешінің аясы, оларга мәдениет жетістіктерін беру, игеру және жетілдіру турлері болып саналады. Дене тәрбиесі адамның дене бұлшық еттерін жетілдірудің педагогикалық жүйесі. Қозғала білуді, дағдыларды, арнайы білімді, қимыл-козғалыс қабілеттерін, сапаларын дамыту және ағзаның құрылысы мен түрлерінің қызметін жетілдіру үшін дене тәрбиесі жүйесінде жан-жақты өңделіп дайындалған табиғаттың жаратылыс күштерімен және гигиеналық қозғаушы күштермен үндескен дене шынықтыру жаттығуларының жүйесі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |