Реттеудің мақсаты мен міндеттері
Мемлекеттік реттеудің мақсаты – экономикалық жүйенің тұрақтылығын, тиімділігін және әлеуметтік әділеттілігін қамтамасыз ету. Оны жүзеге асыру үшін бірнеше міндеттер белгіленеді:
1. Экономикалық өсуді ынталандыру: Мемлекет экономикалық дамуды қолдау мақсатында инвестицияларды тарту, инновацияларды дамыту және жұмыс орындарын құруға бағытталған саясат жүргізуі тиіс.
2. Нарықтық тепе-теңдікті сақтау: Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекет монополиялармен күрес, бағаны бақылау және бәсекелестікті қорғау шараларын қабылдауы керек.
3.Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету: Мемлекет әлеуметтік теңсіздікті азайту, кедейшілікті жою, білім мен денсаулық сақтау саласына қолжетімділікті арттыру мақсатында әлеуметтік қорғау бағдарламаларын жүзеге асыруы қажет.
4. Сыртқы әсерлерді бақылау: Экономикалық әрекеттердің сыртқы әсерлерін (мысалы, экологияға, қоғамдық денсаулыққа) бақылау және реттеу. Бұл мақсатта экологиялық заңнамалар мен стандарттар қабылданады.
5. Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету: Инфляцияны, жұмыссыздықты бақылау, экономикалық циклдарды реттеу үшін мемлекет макроэкономикалық саясат жүргізуі қажет.
6. Инфрақұрылымды дамыту: Мемлекет инфрақұрылым саласына инвестиция салу арқылы экономиканың тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырады.
Мемлекеттік реттеу теориясының негіздері экономикалық жүйенің тиімділігін, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және нарықтық механизмдердің жетіспеушіліктерін жоюға бағытталған. Мемлекет өз реттеу механизмдері арқылы экономикалық субъектілердің іс-әрекеттеріне әсер етеді, бұл нарықтық тепе-теңдікті сақтап, қоғамның әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік реттеу тек экономикалық аспектілермен шектелмей, әлеуметтік, экологиялық мәселелерді де қамтиды, бұл мемлекеттің жалпы дамуына үлес қосады.
2.Ғалымдардың көзқарастары
Экономиканы мемлекеттік реттеу туралы әртүрлі ғалымдардың көзқарастары тарихи дамумен қатар өзгеріп, экономикалық жағдайларға және нарық механизмдерінің жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысты қалыптасты. Әрбір теорияның экономикалық жүйеге деген өз ерекшеліктері мен көзқарастары бар, және бұл теориялар мемлекет пен нарықтың рөлі туралы маңызды тұжырымдар жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |