Пән: Экономиканы мемлекеттік реттеу Орындаған: Қуаныш Айша Қабылдаған: Дандаева Ботакөз Тобы: ээм-311



бет4/8
Дата08.10.2024
өлшемі141,16 Kb.
#147226
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЭМР БӨЖ

Классикалық экономистер
Классикалық экономистер, соның ішінде Адам Смит және Дэвид Рикардо, нарықтық экономика мен оның механизмдерін терең зерттеген,сонымен қатар нарықтың өзін-өзі реттеу механизмдеріне үлкен мән берді. Адам Смит «Көрінбейтін қол» концепциясын енгізіп, нарықтық механизмдердің өздігінен тепе-теңдікке жету қабілетін түсіндірді. Смиттің пікірінше, жеке тұлғалардың пайда алу мақсаты қоғамның жалпы мүдделеріне қызмет етіп, экономикадағы ресурстарды тиімді пайдалануына мүмкіндік береді.Нарықтағы бәсекелестік пен сұраныс ұсыныстың негізінде, тауарлар мен қызметтердің бағасын анықтайды.
Смиттің ойынша, жеке тұлғалардың өз мүдделерін қуалап, экономикадағы ресурстарды тиімді пайдалануына мүмкіндік береді.
Дэвид Рикардо, өз кезегінде, салыстырмалы артықшылықтар теориясын ұсына отырып, халықаралық саудадағы экономикалық тиімділікті атап өтті. Оның көзқарастары бойынша, мемлекет экономикалық процестерге араласпауы тиіс, себебі нарықтық механизмдер өздігінен тиімді нәтижелерге жеткізеді. Рикардоның ойынша, әр ел өзінің салыстырмалы артықшылықтарына сай тауарларды өндіру арқылы тиімділікке қол жеткізе алады. Классикалық экономистердің көзқарасы бойынша, нарықтың бостандығы, бәсекелестік, және жеке мүдделердің үйлесуі экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Классикалық экономистер мемлекеттік араласудың минималды болуы керектігін, себебі нарықтың өзі қажеттіліктерді қанағаттандыра алатынын насихаттады. Алайда, олар әлеуметтік теңсіздіктер мен нарықтың жетіспеушіліктерін ескере отырып, шектеулі мемлекеттік араласудың мүмкіндіктері туралы да сөз қозғады.
Классикалық экономистердің көзқарасы бойынша мемлекет нарықтық процестерге араласпай, еркін бәсекелестікті қолдауы керек. Мысалы, мемлекеттің реттеуіне көп араласқан кезде бәсекелестік төмендеп, монополиялар пайда болуы мүмкін, ал бұл нарықтың табиғи дамуын тежейді деп саналады.
Кейнсиандық теория
Джон Мейнард Кейнс экономикалық дағдарыс кезінде мемлекеттік араласудың маңыздылығын көрсетті. Оның "Жұмыссыздық, пайыздық мөлшерлеме және ақша" атты еңбегінде, Кейнс экономикалық циклдар мен олардың динамикасын зерттеді. Кейнс нарықтың өзін-өзі реттеу қабілетінің шектеулі екенін атап, мемлекеттік саясаттың қажеттілігін дәлелдеді.
Кейнстің пікірінше, нарықтық экономика өздігінен тұрақтылықты қамтамасыз ете алмайды, әсіресе жұмыссыздық деңгейі жоғары болғанда. Сондықтан мемлекетке экономикалық циклдарды реттеу үшін белсенді саясат жүргізу қажет. Кейнс «сұраныс теориясын» дамытты, оның негізгі постулаттары мемлекеттік шығындарды арттыру, салықтарды төмендету және инвестицияларды ынталандыру арқылы сұранысты көтеруге бағытталған.Кейнс пікірі бойынша,экономика рецессия кезеңінде сұраныс төмендейді, бұл жұмыссыздықты және өндіріс көлемінің қысқаруын тудырады. Мемлекет экономиканы ынталандыру үшін мемлекеттік шығындарды көбейту және пайыздық мөлшерлемелерді төмендету арқылы сұранысты көтеруі тиіс.
Кейнсиан теориясы экономикалық саясатта фискалдық (бюджет) және монетарлық (несиелік) саясатты белсенді қолдануға мүмкіндік берді. Бұл теорияның әсерімен көптеген елдерде мемлекеттік бағдарламалар мен реформалар қабылданып, экономиканы тұрақтандыру үшін маңызды шаралар жүргізілді.
Мысалы: Кейнстің теориясы АҚШ-тағы Ұлы депрессия кезінде жүзеге асырылды. Президент Франклин Рузвельттің «Жаңа бағыт» бағдарламасы мемлекет тарапынан экономиканы ынталандыру мақсатында жүзеге асырылған ауқымды жобалар болды. Мемлекеттік инфрақұрылымдық жобалар арқылы жұмыссыздық деңгейі төмендетіліп, сұраныс артты, нәтижесінде экономикалық өсім қалпына келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет