Пән оқытушысы: Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы Жоспар


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері



бет8/10
Дата06.12.2022
өлшемі250,06 Kb.
#55344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Слайд Лекция 14 Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

  • Мемлекеттік қызметшілердің жалақыларының өзгермелі бөлігін айтарлықтай арттыра отырып және оны алуды мемлекеттік орган алдына қойылған сол не өзге мақсаттар бойынша мақсатты мәнге қол жеткізу фактісімен байланыстыру арқылы нәтиже бойынша еңбекақы төлеу тетіктерін енгізу қажет. Бұл процесс мемлекеттік қызметшілерді ынталандырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді барынша азайтудың тиімді стратегиялық жоспарлау процесі мынадай өлшемдерді қамтиды:
  • – миссия (мемлекеттік органның болу қажеттігін түсіндіру);
  • – мақсаты (қоғамдық қатынастардың келешектегі жай-күйі, ол ведомство өзінің күш-жігерін жұмсайды);
  • – нәтижелілік көрсеткіші (салалар тұрғысынан емес, мақсатты топтардың параметрлері тұрғысынан);
  • – көрсеткіштердің мақсатты мәні (мысалы, жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз етуді 20%-ға арттыру);
  • – орындалуын бағалау және бақылау. Сондай-ақ, кері байланыс тетіктері қажет (мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін бағалау нәтижесінде алынған ақпаратты пайдалану). Бұдан өзге, стратегиялық жоспарлау азаматтардың мақсатты топтарын анықтауды және мемлекеттік орган қызметін сырттай бағалауды қамтиды

Қазақстанда мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жүзеге асырылған өзгерістердің негізгі міндеттері мыналар болды

  • Осылайша, стратегиялық жоспарлау мемлекеттік органның функциясын азаматтардың мүдделерін қанағаттандыруға бағдарланған қызмет бағыттары контексінде қарастыруға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлықты азайту үшін мемлекеттік стратегиялық жоспарлауда мемлекеттік органдар тұтынушыға құрылымдық бағдарлануы қажет. Мемлекеттік қызметтер ұсыну стандарттарын институцияландыру шенеуніктерді сыбайлас жемқорлыққа қарс мінез-құлық стратегиясына бағдарлай отырып, стимулдер құрылымын өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда бағалау жүйесін енгізуге қарағанда, мемлекеттік мекемелердің мәдениетін өзгерту арқылы алға жылжиды, оны азаматтарға ең үздік қызмет көрсету үшін «жарысу» деуге болады.
  • Қазақстанда мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жүзеге асырылған өзгерістердің негізгі міндеттері мыналар болды:
  • – Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудың негізгі құралы ретінде мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлау жүйесіне көшу;
  • – мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының міндеттерін бюджеттік бағдарламалармен байланыстыру;
  • – мемлекеттік органдардың қызметінің аралық және түпкі нәтижелерін бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштері жүйесін әзірлеу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет