- орталық деңгейдегі мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру;
- мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату және жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын реформалау. Бұл мемлекеттік басқаруды орталықтандыруды, жергілікті билік органдарына жалпы мемлекеттік саясат шеңберінде жергілікті даму мәселелерін дербес шешуді ұсынуды, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруды көздейді;
– мемлекеттік басқаруды қағазбастылықтан арылту.
Шаруашылық субьектілерін тіркеу рәсімін жеңілдету, «бір терезе» тиімді қағидатын енгізу, электрондық үкіметті қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешені ұсынылды;
– мемлекеттік қызметті жетілдіру, ұлттық және шетелдік оқу орындары негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру.
Мемлекеттік қызметті жетілдіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. 2006 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында әкімшілік реформа жүргізуді одан әрі дамыту идеясы Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік басқаруды корпоративтік басқару, транспаренттік және қоғам алдында есептілік қағидаттары негізінде жаңғырту» туралы баяндамасында жалғасын тапты. Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметті жетілдіруге, мемлекеттік аппарат жұмысына ерекше назар аударды. Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілік реформаның басым бағыттарын анықтады және Үкіметке мынадай шараларды жүзеге асыруды тапсырды: – мемлекеттік органдардың құрылымы, басқару шешімдерін қабылдау кезінде мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру;

– мемлекеттік қызметшілердің еңбегінің нақты нәтижесі негізінде олардың жалақыларын арттыру;
– мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасына қол жеткізу;
– мемлекеттік органдар қызметінің рейтингін және бюджеттік процеске жаңа тәсілдерді енгізу;
– мемлекеттік аппараттың басқарушылығын, тұрақтылығы мен орнықтылығын арттыру;