Пән оқытушысы: Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы Жоспар



бет5/10
Дата06.12.2022
өлшемі250,06 Kb.
#55344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Слайд Лекция 14 Сыбайлас жемқорлық

Мемлекеттік қызметке аса талантты мамандарды тарту үшін жағдай жасау, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру, түпкі нәтижеге бағдарланған, мемлекеттік менеджменттің оңтайлы әдістерін енгізу ерекше мәнге ие болды. Осы міндеттерді шешу сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуі тиіс болды. Осы кезеңде функционалдық талдау негізінде мемлекеттік басқару құрылымдарын оңтайландыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, мемлекеттік органдардың қызметін рейтингтік бағалауды енгізу жұмыстары жалғасты. Жыл сайын мемлекеттік басқаруды реформалаудың жаңа басымдықтары анықталып отырды. Ол қоғамдық өмірдің кез келген саласында мемлекеттік саясаттың өзгеруіне, дамудың жаңа мақсаттары мен міндеттерінді ілгерілетуге байланысты болды. Қазақстан үшін дамудың жаңа кезеңінде шешілетін міндеттердің күрделілігі мемлекеттік басқаруға қатысты өзге тәсілдерді қолдануды талап етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

  • Сондықтан, жаңа стратегиялық бағыттың басты мақсаттарының бірі мемлекеттілікті нығайту және қазақстандық демократияны дамыту болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс» міндеті қойылды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін негізгі міндеттер айқындалды, оларды табысты іске асыру көп жағдайда мемлекеттік басқарудың ұтымдылығы нәтижелілігіне, әрбір мемлекеттік орган мен мемлекеттік қызметшінің қызметіне байланысты. Бірінші кезектегі міндет, әкімшілік реформаның алдыңғы кезеңдеріндегідей, мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру, кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру, жетілдірілген іріктеу рәсімдері мен кәсіби даярлықты енгізу арқылы штат, мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын жақсарту болды. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді тез әрі тиімді жүргізу, бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылдың жаңа жүйесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аппаратқа қойылатын талаптар күшейе түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет