Пәнді оқытудың мақсаты



бет10/15
Дата02.12.2023
өлшемі70,69 Kb.
#132175
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

9-дәріс


9- дәріс. Антонимдер. Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Мысалы: Кейі сараң, кейі мырза, Кейі қапа, кейі ырза. Барша жұртты сынадың (С. Сейфуллин). Кейде қайғы, кейде шат, Кейде тұнық, кейде ылат, Кейде қорқақ, кейде өжет, Кейде тірі, кейде өлет (I. Жансүгіров). Болысекең кейде паң, кейде мүләйім, кейде жұмсақ, кейде қатты, кейде береген, кейде сарац (Ғ. Мұстафин).
Осындағы сараң-мырза, қапа-ырза, қайғы-шат, тұнық-ылат, қорқақ-өжет, тірі-өлі, паң-мүләйім, жұмсақ-қатты, береген-сараң, дегендер жағымсыздық пен ұнамдылықтың, жақсылық пен жаманшылықтың, үлкен мен кішінің кереғар ұғымдары бір-біріне қарама-қарсы койылып айтылып тұр. Екі жағының салмақ-мөлшері бірі артық, бірі кем емес, тепе-тең. Сонда антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып шығады.
Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сез. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіптен "кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тіліңде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы, жоқтың қасында.
Сын есімге төн антонимдердің мынадай түрлері бар: а) түбір күйінде кездесетіндер: ауыр-жеңіл, кең-тар, ыстық-суық, үлкен-кіші, жас-кәрі, биік-аласа, ұзын-қысқа, артық-кем, аш-тоқ, жақсы-жаман, қалың-жұқа, терең-саяз, арық-семіз, оңай-қиын, араз-тату, ащы-тәтті, көп-аз, оң-теріс, түзу-қисық т. б.; ә) туыңды түбір күйінде кездесетіндері: ашық-жасырын, өзімшіл-көпшіл, ашық-жабық, тілазар-елгезек, екпінді-жалқау, қатты-ақырын, орнықты-шалагай, олақ-іскер, оңақай-солақай, сүйкімді-жексұрын, бүтін-жыртық, жүрдек-шабан т.б.
Қазақ тіліңде сыңдық мағынадағы туынды антонимдер көбінесе -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, mi жұрнақтары арқылы антонимнің жағымды сыңарларын жасайды да, ал жағымсыз мағыналары сыңарларын -сыз, -сіз жұрнақтары жасайды. Мысалы:
1. Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз, Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз.
2. Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар.
3. Ақылдыны алысым деме, Ақылсызды жақыным деме.
4.  Куәлі істі куә табар,
Куәсіз істі күмән табар.
5. Арлы арына қараса, Арсыз жеңдім дейді,
6. К,ұтты қонақ қонса, қой егіз табар,
Құтсыз қонақ қонса, қойға қасқыр шабар.
7. Жандыда балық үлкен, Жансызда қамыс үлкен.
8. Қайырсыз мың сомнан
Қайырлы бір сом артық.
9.  Базар ақшалыға — базар, Ақшасызга — назар.
Сол сияқты сын есімнің -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы да туынды антонимдер жасала береді. Мысалы: бастапқы-соңғы, бұрынғы-қазіргі, үйдегі-түздегі, сыртқы-ішкі, күндізгі-түнгі, қысқы-жазғы, жоғарғы-төменгі, ертеңгі-кешкі, алдыңғы-кейінгі, биылғы-былтырғы т.б.
Етістікке тән мынадай антонимдер бар: а) түбір күйінде кездесетіндері: озу-қалу, куту-келу, қону-ұшу, шашу-жинау, бару-қайту, жату-тұру, ашу-жабу, кіру-шығу, ұту-ұтылу, жеңу-жеңілу, қуану-ренжу, мақтау-даттау, көшу-қону, күлу-жылау, сату-алу, ысу-суу, шабу-ілбу, даму-тоқырау, қату-жібу, ауыру-сауығу т. б. ; ә) туынды түбір күйінде кездесетіңдері: қартаю-жасару, жоғарылау-төмендеу, татуластыру-араздастыру, ақтау-қаралау, елдестіру-жауластыру, айырылу-қосылу, күшею-бәсеңдеу, баю-кедейлену, арықтау-семіру, жаңару-ескіру т. б.
Зат есімге тән антонимдер де негізгі және туынды түбір күйінде кездеседі: а) түбір күйінде кездесетіндері: өтірік-шын, обал-сауап, алғыс-қарғыс, рақат-бейнет, бақ-сор, өмір-өлім, өң-түс, алды-арты, шарапат-кесапат, асты-үсті, пайда-зиян, бай-кедей, жаз-қыс, күн-түн т.б.;
ә) туыңды түбір күйіңде кездесетіндері: аласы-бересі, байлық-жоқтық, кісілік-иттік, аштық-тоқтық, тарлық-кеңдік, жеңіс-жеңіліс т.б.
Үстеуге қатысты антонимдер: ерте-кеш, ақырын-шапшаң, ілгері-кейін, жоғары-төмен, алыс-жақын, әрі-бері, жылдам-жай, сылбыр-тез т.б.
Есімдікке қатысты: анау-мынау, әне-міне, осы-сол тәрізді бірен-саран антонимдер ғана ұшырасады. Тілде қарама-қарсы ұғыммен қатар кейде аралық ұғым да кездеседі. Мәселен, ескі мен жаңаның арасында көне (көнетоз), шикі мен пісінің арасында дүмбілез, суық пен ыстықтың арасында жылы, ұтыс пен ұтылыстың арасында тең, ерте мен кейіннің арасында дәл, біткен мен бітпегеннің арасында шала, жеңу мен жеңілудің арасында итжығыс деген аралық ұғымдар бар. Бұлар антоним біткеннің бәріне тән емес, кейбіреулеріңде ғана ұшырайды. Аралық ұғым — кереғар екі ұғымды тең ұстап тұрады.
Тілдегі антонимдер қарама-қарсы кұбылыстарды біріне-бірін шендестіріп салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Сол себептен антонимдер өте-мөте мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Антонимдерді қолданудың негізінен үш жолы бар:
1. Антонимдер бір сөйлемнің өз ішіңде салыстырылып айтылады. Мысалы: Қорлық өмірден ерлік өлім артық. Ер бақыттың қонғанын білмейді, ұшқанын біледі. Еріншек егіншіден, елгезек масақшы озады. Ақымақ бұзуга бар, тузеуге жоқ. Өлі арыстаннан тірі тышқан артық. Досыңның асын қасыңдай іш.
2. Антонимдер іргелес сөйлемде қарама-қарсы қойылып шендестіріледі. Мысалы: Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі. Тоқшылықта жеген тоқпан жілік Ашаршылықта көзіңнен бір-бір ұшар. Алтау ала болса ауыздагы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Жаңаны күтіп жалаңаш үйден шықпай қалғаннан, Ескіні жамап киіп, жаңаны іздеп тапқан артық. Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол. Жауластырмақ жаушыдан, Елдестірмек елшіден.
3. Антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жүмсалады. Мысалы: Арымақ, семірмек көңілден. Палуанга оң, терісі бірдей. Ылдисыз өр болмайды. Ит үрер жақсыға да, жаманға да, Қылмағы бірақ залал құдайдан-ды (Ы. Алтынсарин). Ащы менен тұщыны татқан білер, Алыс пенен жақынды жорытқан білер. Бір суып, бір ысып, Барады іш пысып (Абай).
Қарсы қойылып айтылғанның бәрін антоним деп тануға болмайды. Кейде синоним сөздер де бір-біріне салыстырылып айтыла береді. Мысалы: Гүрілдеп келген жаудан, Күлімдеп келген қас жаман. Қауіп бар жерде қатер бар. Қауіп қайдан болса, қатер содан. Өлім бар жерде қаза бар. Бет көрсе жүз ұялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет