Пәнді оқытудың мақсаты



бет13/15
Дата02.12.2023
өлшемі70,69 Kb.
#132175
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

12-дәріс


12-дәріс. Сөзжасам тәсілдері. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі үш тәсілі бар, синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін лексикалық мағыналы сөз және сөзжасамдық жұрнақ қатысу керек, аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей сөзқосым, қосарлау, тіркестіру, қысқарту сияқты түрлері бар, лексика- семантикалық тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы ешбір өзгеріске түспейді, өзгерістің тек мағынасында ғана болады. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі бұл атауынан басқа да бірнеше түрде айтыла береді. Солардың ішінде балама есепті жиі қолданылатыны – морфологиялық тәсіл. Синтетикалық сөзжасамның негізінде пайда болған бүтіндер бірде туынды сөз, бірде туынды түбір делінсе, олардың қай сөз табына тән екендігі ескеріліп, туынды зат есім, туынды етістік т.б. аталып отырады. Синтетика «синтез» - қосу дегеннен жасалғандықтан, туынды түбірдің құрамында екі немесе одан да көп тілдік бірліктер болуы шарт. Мысалы, бас-тық, бас-та. Бұлардың әрқайсысы - өз алдына дербес лексика-грамматикалық бірліктер. Синтетикалық сөзжасамда ең түпкі мағыналы бөлшек түбірі болады. Ол түбір сөз яки негізгі түбір делінеді. Негізгі түбір синтетикалық амалдың ұйытқысы. Синтетикалық сөзжасамның соңғы сыңары – жұрнақтар конверсиялық және инверсиялық жұрнақтар болып екіге бөлінеді. Синтетикалық тәсіл сөз таптарының сөзжасамында аса өнімді қолданылады. Аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасау - өте көне тәсіл. Ол қытай, жапон тілдерінде негізгі тәсілге жатады. Аналитикалық тәсілдің құрамына сөзқосым, қосарлау, тіркесу, қысқарту арқылы сөз жасау тәсілдері енеді. Аналитикалық тәсіл сан есімде ғана аса өнімді қолданыс табады. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілінде белгілі бір сөздердің жаңа мағынаға ие болуы арқылы жаңа сөз жасалады. Мысалы, Біреу ән салып отыр. Осы сөйлемдегі біреу сөзі алғашқыда сандық мағынада жұмсалса, кейіннен белгісіздік есімдігіне айналған.

13-дәріс
13-дәріс. Сөз таптарының жасалуы. Тілдің тұтас сөзжасам жүйесінен зат есімнің сөзжасамының алатын орны ерекше. Сөзжасамның лингвистикалық табиғатын терең танудың негізгі алғы шарты – түбір мен жұрнақтың құрамын анықтау арқылы жүзеге асады. Жұрнақтардың дериваттық дәрежесінің әркелкі болады, -лық, -лік; -шы,-ші; -лас,-лес; -ған;-ген т.б. жұрнақтардың қызметтері жайында, түрлі реңкті зат есімдер туралы, біріккен, кіріккен, тіркесті, қосарлы, қысқарған күрделі зат есімдер жайлы, түбір, туынды, күрделі субстантив зат есімдер жайындағы мәселелер қамтылады. Туынды зат есім жасайтын байырғы қазақ түбірлері – жалаң туынды зат есім жасайтын зат есім түбірлер, туынды зат есім жасайтын кірме түбірлер, зат есім жасайтын туынды түбір зат есімдер, туынды зат есім жасайтын сын есім түбірлер, туынды зат есім жасайтын туынды сын есім түбірлер, туынды зат есім жасайтын етістік түбірлер, туынды зат есім жасайтын еліктеуіш түбірлер, туынды зат есім жасайтын әртарап түбірлер, туынды зат есім жасайтын модальді түбірлер, туынды зат есім жасайтын сан есім түбірлер, туынды зат есім жасайтын үстеу түбірлер, туынды зат есім жасайтын көмекші есім түбірлер, туынды зат есім жасайтын есімдік түбірлерді қарастыру арқылы ашылады. Сондай-ақ, зат есім жасайтын жұрнақтар құрамы қарастырылады. Қазақ тілінде күрделі зат есімдердің түрлері көп. Олар: біріккен күрделі зат есімдер, кіріккен күрделі зат есімдер, қосарланған күрделі зат есімдер, қысқарған күрделі зат есімдер. Субстантив зат есімдер жалаң және күрделі құрамды зат есімдер, жалпыхалықтық субстантивтер, контекстік субстантивтер, кірме субстантивтер түрінде ұсынылады.


Сын есімдер сөзжасамын, жұрнақты сын есімдерді қарастыру барысында –лы, -лі; -лық, -лік; -дақ, -дек; -сыз, -сіз; -шы;-ші т.б. сын есім тудырушы жұрнақтар табиғаты туралы, өнімді және өнімсіз жұрнақтар туралы сөз қозғалады, сонымен қатар, күрделі сын есімдерде сапа және қатыстық сындардың өнімді тірек сыңар болып табылады, күрделі сын есімдердің құрамының сөзжасамдық үлгілері бар. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сын есімдер жоққа тән. Мысалы, ғалымдар пікірінше, жорға ат тіркесіндегі жорға сөзі алғашқыда «жорыққа мінетін ат» тұлғасында болса, кейіннен «жорыққа ат» – «жорға ат» тұлғасы қалыптасқан.
Сан есім сөзжасамының өзіндік ерекшеліктері мол. Сан есім сөзжасамы заңдылықтары бойынша сан есім сөзжасамында негіз сөз қызметінде тек қана сан есім сөздер қолданылады. Сан есімнің сөзжасамдық қызметі тұйықталған. Сан атауларының ішіндегі миллион, триллион, миллиард сияқты бірен-саран кірме сөздерді есептемегенде, олар байырғы сөздерімізден тұрады. Дәрісте сан есімдердің өте көне замандардан келе жатқан сөздер екендігі жайлы, сан есімнің көне қосымшаларының этимологиясы хақында, сан есім жүйесінде екі тәсіл – аналитикалық және синтетикалық тәсілдердің қызмет атқаратындығы туралы, аналитикалық тәсілдің негізгі рөлі жайында баяндалып, күрделі сандардың тірек сыңарлары және реттік, жинақтық, топтық, болжалдық, бөлшектік сандар сөзжасамы турасында, олардың жасалу үрдісінде қолданылатын жұрнақтар туралы айтылады. Сан есімнің аналитикалық тәсілінің ішінде тіркесу тәсілі негізгі қызметті атқарады. Бұл тәсіл арқылы сан есімдердің өздерінің тіркесу реті, үлгілері бар. Сан есімдердің тіркесуінде орын тәртібінің маңызы өте зор. Мысалы, ондық + бірлік (12, 59, 62), бірлік х жүздік (200, 600, 800).
Үстеудің сөзжасамы аналитикалық және синтетикалық тәсілдер арқылы жүзеге асады. Дәрісте жұрнақтар жалғану арқылы жасалған үстеу сөздер туралы, мұнда –дай/-дей, -ша/-ше, -лап/-леп тәріздес жұрнақтар өнімді қызметке ие екендігі, ал –ең, -ау/-еу түрлері жиі қолданыс таппайтындығы туралы, өлі формаға айналған септік жалғау көрсеткіштері арқылы қалыптасқан үстеулер жайлы, қосарланған, бірігу арқылы жасалған, сөз тіркестері арқылы жасалған үстеулер туралы баяндалады. Қосарлану арқылы жасалған үстеулерде бірде бір түбірлес сөздер қайталана қолданылса (бөлек-бөлек жүгірді, дамыл-дамыл дем алды), бірде екі түбірлес сөздер қосарлана жұмсалады (бүгін-ертең, қысы-жазы, қоян-қолтық). Кейде қосарланған үстеулердің екеуінің де мағынасы түсініксіз келіп жатады (ойпыл-тойпыл, ебіл-себіл, апы-күпі, ебей-жебей). Екі сөздің бірігуі арқылы жасалған үстеулердің табиғатында өзіндік заңдылық байқалады. Бір үстеулер құрамы жағынан кірігіп кетсе (бүгін, биыл) енді біреулері өзінің құрамдық сипатын танытып тұрады (ауызекі, таңертең). Үстеулердің аналитикалық тәсілінде біраз сөздер тіркесу арқылы да жасалады (әр жақта, әр уақытта, ең әуелі, тым төмен). Үстеу сөзжасамында жұрнақтардың қызметін біржақты қарамауымыз керек. Өйткені олардың қайсыбірі ыңғайына қарай әрі синтетикалық, әрі аналитикалық жолдарға бірдей ортақ болып келеді (қомша-қомша, аңдай-аңдай, оқтын-оқтынауызба-ауыз, отыз-қырықтап).
Дәрісте қазақ тіліндегі есімдіктердің жалпы саны 60-70 шамалы ғана екендігі, соған байланысты олардың жасалу жолдары онша күрделі емес екендігі туралы, синтетикалық тәсілде қолданыс табатын жұрнақтар туралы және біріккен есімдіктерге еш, бір, әлде тәріздес сөздердің негіз болатындығы жайлы, қосарланған, тіркескен есімдіктердің тілімізде мүлде аз екендігі жайлы баяндалады. Синтетикалық жолмен жасалған есімдіктерде құранды а+у жұрнағы (анау, мынау, сонау), -ша/-ше жұрнағы ( қанша, неше, барша), -лық жұрнағы (барлық), -сы/-сі жұрнағы (қайсы), -дай,-дей жұрнағы (қандай, нендей) жалғанады. Қосарланған есімдіктер тілімізде өте аз кездеседі. Ал қосарлана жұмсалған есімдіктер үстеулерге айналып кетеді (анда-санда, өзімен-өзі, онда-мұнда). Қосарлана жұмсалған есімдіктер есім мағынасында қалса өз табиғатын жоғалтпайды (өзін-өзі, кімде-кім, қай-қайсысы). Есімдіктердің сөз тіркесіарқылы жасалуы тілімізде кездеспейді десек те болады., тек бірен-саран түрлері ғана кездесіп қалады ( мына мен, осы сен, бір өзі).
Етістік – күрделі сөзжасам жүйесі бар сөз табы. Ол туынды сөздерге өте бай, етістік өз құрамын тарихи даму бойында үнемі толықтырып отырған. Етістік сөзжасамында синтетикалық және аналитикалық тәсілдер өте өнімді қолданылады. Етістік жасауға негізгі түбір және туынды түбір сөздер негіз болады. Ал, аш, біл, кел сынды негізгі түбірлердің қатарына тарихи тұрғыдан екі морфемадан тұрады деп тануға болатындары да кездеседі. Мысалы, кө+з // кө+р, то+йды// то+қ // то+й болды, кү+л // кү+н // кү+й. Дәрісте есім сөздерге және етістіктерге жұрнақтар жалғану арқылы жасалатын етістіктер туралы, синтетикалық тәсілде өнімді қолданылатын жұрнақтар жайлы, етістік жұрнақтарымен дербестенген есім негізді туынды түбір етістіктер, туатүп және негізгі түбір етістікті туынды түбір етістіктер, күрделене қосылған етіс жұрнақты туынды түбір етістіктер туралы, аналитикалық тәсілмен жасалған күрделі етістіктер, олардың құрылымы, күрделі етістіктің тірек және ауыспалы сыңарлары, күрделі етістіктің мағынасы, зат есім, сын есім, еліктеуіш сөз, модаль сөздер, сан есім, үстеу, есімдіктерге көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалатын құранды етістіктер жайлы мағлұматтар қамтылған.


14-дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет