Пәні: Бағалаудың өлшемдік технологиялары



бет7/18
Дата18.01.2023
өлшемі174,67 Kb.
#61750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
сессия бөт Аяу Азат (копия) (копия)

1 билет 1 сұрақ

2

Оқушылардың жауабын бағалаудағы қиын жағдаяттарды шешу жəне моделдеу қалай жүреді? Түсіндіріңіз
Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы маңызды
кезеңдердің бірі - білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау
жасау. Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасау білім
алушыларда кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның
алдын алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Мысалы, тексерілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау:
- белгілі бір тапсырмалар қиындық тудыратын балалар тобын;
- бөлім, тақырыптар бойынша қиындықтар туындайтын жеке білім
алушыларды;
- білім алушылар үшін аса күрделі, қиын сұрақтар, тапсырмалар,
тақырыптарды айқындап береді.
Мәліметтерді жинау және талдау жасау үшін мұғалімге бақылау
парағын, журналды, күнделікті, басқа да қалыптастырушы бағалау
нәтижелерін тіркеудің формаларын жүргізу ұсынылады. Бұл мұғалім
әрекетінің тиімділігін, оқудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау үдерісін жүзеге асыру үшін
мұғалім:
- сыныптағы мәдениетті сақтауға және тиімді өзара әрекет ету
дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлуі;
- қалыптастырушы бағалауда қолданылатын әдістердің әр түрлілігін
және сапасын арттыруы;
- кері байланыстың тиімді формасын қолдануы;
- қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ
жоспарын құруы;



3

Бағалау – оқу сапасын диагностикалау және мониторинг жасау бөлігі ретінде талдаңыз
Бағалау – білім беру үрдісіндегі қажет басты құрама бөліктердің бірі. Бұл үрдісте оқытушы окушының ағымдағы және қорытынды үлнәтиже-рімі туралы ақпаратгы жинақтайды және талдайды. Бағалаудың мақсаты, міндеттері, пәні, нысаны, принциптері, әдістері, түрлері және құралдары білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына (мектептің әкімшілігі, мұға-лімдер, ата-аналар және оқушылар) түсінікті болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет