IV. Үй тапсырмасы.
Мұғалім сабаққа дайындалу барысында бұл кезең бойынша мынадай мәселелерді ескеруі қажет:
1. Үйге тапсырма ретінде мүмкіндігінше, бағдарламаның негізгі мәселесіне байланысты тапсырмалар берілуі керек, қосалқы және көмекші материалдармен байланысты тапсырмалар үй жұмысына берілмегені жөн.
2. Тапсырма мазмұны қиындығы жағынан әр түрлі болып, біртіндеп қиындай беретіндей болуы тиіс.
3. Тапсырманы көлемі шамадан тыс болмауы керек.
4. Тапсырма жаңа материалды тереңдетіп, кеңейте түсетіндей, оның практикада қолданылуын көрсететіндей болуы тиіс.
5. Тапсырманың мазмұны көбіне интуициялық мағынада (өлшеуге, есептеуге, сызуға, қолдан жасауға, т.с.с. арналған ) болғаны жөн.
6. Мұғалім сабаққа дайындалу барысында үй тапсырмасына берілетін жаттығуларды дәл анықтап, олардың барлығын өзі орындап көруі тиіс.
7. Үйге тапсырма бергенде мұғалім ол тапсырманы қалай орындау жөнінде тиісті нұсқау беруді ұмытпағаны жөн.
8. Үй тапсырмасы қоңырау соғылғанға дейін берілуі тиіс.
V. Сабақты қорытындылау – сабақтың ең ақырғы кезеңі болып табылады. Мектеп тәжірибесіне қарағанда, мұғалімдердің көпшілігі сабақтың ең ақырғы, әрі аса маңызды осы кезеңіне жөнді мән бермейтіні байқалады.
Бұл кезең бойынша ұйымдастырылатын жұмысқа күні бұрын дайындалу мұғалімнің бас назарында болуы керек.
Сабақтың қорытындылануы, алдын-ала жоспарлануы керек және мына сияқты мәселелерді қамтуы тиіс:
1. Сабақта жоспарланған міндеттер шешілді ме?
2. Оқушыларда сабақ барысында қандай математикалық білім және дағдылар қалыптастырылды?
3. Әр оқушының сабақтағы белсенділігі қандай дәрежеде болды?
4. Материал оқушыларға түсінікті болды ма?
5. Оқушылардың білімдерін бағалау, оны хабарлау және оқушыларды мадақтау.
Сабақ жоспары мұғалім мен оқушылардың сабақтағы іс-әрекетінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерінің жиынтығын және ұйымдастырылу түрлерін анықтайтын және реттеп отыратын құжат деп түсіну керек. Сонда ғана оны нақты жұмыс жоспары деуге толық негіз бар.
Мектеп тәжірибесінде сабақ жоспарын жасаудың дәстүрлі формасы кең таралған. Бірақ, біздіңнеше, оның кӛптеген кемшіліктері бар (оны 1-тарауда атап кӛрсеткенбіз -П.С.). Сондықтан біз мектеп тәжірибесінде сынақтан ӛтіп, мұғалімдер тарапынан үлкен қолдау тапқан тӛмендегідей форманы ұсынамыз:
Математика сабағы:____________ сыныбы.
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: 1) Білімдік міндет.
2) Дамытушылық міндет.
3) Тәрбиелік міндет.
4) Практикалық міндет.
Сабақтың барысы:
Cабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әректі
|
Оқушылардың
Іс-әректі
|
Оқыту құралдары
|
Оқыту әдістері
|
Оқытудың
формасы
|
Ескерту
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың кезеңдері сабақтың типіне байланысты анықталады. Олардың саны мен ретін мұғалімнің өзі анықтайды да сәйкес кезеңдер бойынша кестенің бөліктерін толтырып отырады. Сонда сабақтың әр кезеңінде не істеу керек, қандай әдіс-тәсілдер арқылы қандай нәтижеге жету мақсаты кезделеді деген сияқты мәселелер мұғалімнің көз алдында тұрады да, уақытты реттеп отыру, жоспарға өзгеріс енгізу, оны жетілдіріп отыру мүмкін болады. Осындай формада жасалатын сабақ жоспары мұғалімнің шығармашылыққа бейімделуіне себепші болады және оның кәсіби шеберлігі шыңдала түседі.
1-сыныптағы математика сабағының басқа сыныптарға қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Біріншіден, мұнда математика сабағы бір-бірімен өзара байланысты үш негізгі бөліктен тұрады. Сондықтан нақтылы сабақтың өзі бірнеше кезеңнен құралғанымен, оның негізгі үш кезеңі бойынша орындалатын жұмыстардың мазмұны мен түрлерін алдын-ала анықтау міндетті болып табылады. Олар мұғалімге арналған көмекші құралдың «Сабақтарға нұсқаулар» атты бөлімінде әр сабаққа қатысты берілген. Екіншіден, әр сабақтың бұл бөліктерін қатаң нөмірлеп көрсету мүмкін емес. Олардың орындарының ауысып, алма-кезек келуі, әр кезеңнің ұзақтығының өзгеруі де ықтимал екенін ескертеміз. Үшіншіден, әр бөліктің өзіндік орны, міндеті және мақсаты бар. Соларға орай орындалатын жұмыстың түрлері, мазмұны, оқыту құралдары, әдістері және жұмысты ұйымдастыру түрлері де өзгеріп отыруы мүмкін.
1-сыныптағы математика сабағының бірінші бөлігінде мұғалімнің түсіндірмесі жүзеге асырылады, келесі кезеңде математика оқулығымен жұмыс жүргізіледі. Сабақтың үшінші кезеңі математика дәптерінде орындалатын практикалық жұмыстарға арналады.
Қазіргі талаптар бойынша 1-сыныптардағы математика сабағында жоғарыда аталған үш кезеңге сәйкес жұмыстардың ұйымдастырылуы міндетті болып табылады.
Осы сияқты ерекшеліктеріне байланысты 1-сыныптардағы математика сабақтары үшін күнтізбелік жоспар да сәл басқарақ болғаны дұрыс. Атап айтқанда, оған «Дәптердің беті» деп аталатын бөлімді қосқан дұрыс. Сонда оның формасы мынадай болады. Математика сабақтарына дайындалуда алдын-ала тақырыптық жоспар жасап алудың маңызы зор, өйткені ол бағдарламаның қандай да бір нақты бөлімі, тарауы бойынша жүргізілетін сабақтардың бүкіл жүйесін алдын-ала кӛре білуге мүмкіндік тұғызып, мұғалімнің күнделікті сабаққа жоғары дәрежеде дайындала алуына мол мүмкіндік тұғызады. Қазіргі педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде тақырыптық жоспарлаудың әр алуан үлгілері ұсынылып жұр. Солардың ішінде татар педагогы М.И.Махмудов ұсынған схема ерекше кӛңіл аудартады: № р/с Сабақтың нӛмірі 1-сағат 2-сағат І. Сабақтың тақырыбы: 1. Сабақтың немесе сабақтар жүйесінің мақсаты (дидактикалық, логикалық, тәрбиелік) 2. Сабақтың типі. 3. Оқытудың әдісі 42 4. Сабақты жабдықтау және информацияның негізгі кезеңдері. 5. Сабақтар жүйесі бойынша бақылау жұмыстарының түрлері ІІ. Актуалдау: 1. Тірек білімдер, ұғымдар мен фактілер. 2. Ӛздігінен орындайтын жұмыстың типі. ІІІ. Жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін меңгерту: 1. Жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдері. 2. Негізгі және қосалқы проблемалар. IV. Білік пен дағдыны қалыптастыру: 1. Ӛздігінен орындайтын жұмыстың типі 2. Жұмыс формасы (фронтальды, топтық, жекеше) V. Үй тапсырмасы: 1. Қайталау. 2. Ӛздігінен орындайтын жұмыстың типі. Бұл схема, М.И. Махмутовша айтқанда, проблемалық сабақтардың мазмұнына сәйкестендіріліп жасалған. Алайда, бастауыш мектептегі математика сабақтарының барлығын бірдей проблемалық сипатта ұйымдастыру мүмкін бола бермейді. Сондықтан жоғарыдағы үлгіні бастауыш мектептегі математика сабақтарының аралас сабақтар болып келетіндігін, математика сабақтарының ӛзіндік және балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ӛзгертіп пайдалануға болады. Жалпы алғанда, тақырыптық жоспардың міндетті, бірегей түрі болмайды. Ол оқушылардың жас ерекшеліктеріне, оқытуға қойылатын талаптардың ӛзгеруіне және тағы басқа да кӛптеген жағдайларға сай ӛңделіп, жетілдіріліп отырылуы керек. Біздің ойымызша, бастауыш сыныптардың математика сабақтарына арналған тақырыптық жоспарда әрбір тараудың ӛзекті мәселелері нақты сабақтарға бӛлініп, оқулықтағы түрлендіруге тиісті жаттығулар, ӛзіндік жұмыстар, кӛрнекі және техникалық құралдар, үй тапсырмасына берілетін жаттығулар, бақылау жұмыстары, дидактикалық ойындар кӛрсетілгені жӛн. Осы тұрғыдан алғанда тақырыптық жоспардың бір үлгісі мынадай болуы мүмкін. 43 №№ р/с Сабақтың тақырыбы Оқулықтағы түрлендірілуге тиісті тапсырма Ӛзіндік жұмыстар Үй тапсырма сы Дидактикалық ойындар Бақылау жұмысы Тақырыптық жоспарды осы үлгіде әрбір тоқсандар бойынша жасаған дұрыс. Сонда оның күнделікті сабаққа дайындалуда және жоспар жасауда мұғалімге кӛп пайдасы тиеді деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |