Пәні: Математиканың теориялық негіздері және математиканы оқыту әдістемесі Орындаған: Түктібаева Айгүл Жәдігерқызы Тексерген: Тлекенова Аяулым Әділбекқызы


Бастауыш сыныптардың математика сабақтарына дайындалу және оны жоспарлау технологиясы



бет8/10
Дата08.06.2023
өлшемі57,48 Kb.
#99802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
айгул матем (копия)

2.3. Бастауыш сыныптардың математика сабақтарына дайындалу және оны жоспарлау технологиясы
Математика сабақтарының сапасы ең алдымен мұғалімнің кәсіби дайындығына байланысты. Мұғалімнің кәсіби дайындығы деп нені түсінеміз? Ол құрылымы жағынан өте күрделі, көп қырлы және шығармашылық еңбекті талап ететін үздіксіз үдеріс. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы бастауыш сыныптар мұғалімнің математиканы оқыту бағытындағы еңбегі жемісті болуы үшін, оның төмендегідей құрылымдағы кәсіби дайындығы жоғары деңгейде болуы керек.
Біріншіден, онын математикадан теориялық дайындығы жоғары болуы тиіс, яғни мұғалім математика пәнін жетік білуі керек, мұғалімнің математика пәнін қазіргі заманғы ғылым мен техниканың өскелең талаптарына сай дәрежеде білуі оны дұрыс оқытудың қажетті шарты болып табылады. Мұғалім жоғары оқу орнынан алған теориялық білімдермен шектеліп қалмай, оны тұрақты түрде жетілдіріп отыруы тиіс. Ол үшін пәнге байланысты теориялық әдебиетті үнемі зерттеп, оны меңгеруге тырысуы керек.
Екіншіден, оның психологиялық-педагогикалық дайындығы жоғары деңгейде болуы керек. Мұғалім психология мен педагогика оқулықтарындағы жалпы теориялық қағидаларды терең біліп қана қоймай, қазіргі заманғы оқытудың технологияларын, әсіресе, жаңа буын математика оқулықтарына негіз етіп алынған дамыта оқыту технологиясының теориялық мәселелерін жетік меңгеруі керек.
Үшіншіден, мұғалімнің әдістемелік-математикалық даярлығы жоғары болуы керек. Ол мерзімді педагогикалық басылымдарды, сондай-ақ озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерін үнемі зерттеп, математиканы оқыту жөніндегі қазіргі заманғы озық педагогикалық технологияларды пайдалануға бет бұруы тиіс. Міне, осындай үш түрлі мәселені қамтитын жоғары деңгейдегі кәсіби даярлық математика сабағын өткізуді дұрыс ойластырудың, нақты жұмыс жоспары ретіндегі сабақ жоспарын жасаудың кепілі болып табылады.
Жоғарыда атап айтқанымыздай, мұғалім, ең алдымен, оқу жылының басында математикадан күнтізбелік (жылдық немесе жарты жылдық жоспар жасайды. Оның мектеп тәжірибесінде қалыптасқан дәстүрлі үлгісі бар. Дегенмен, біз алдыңғы параграфтарда оның ыңғайлы бір үлгісін келтіргенбіз. Мұнан кейін күнтізбелік жоспар негізінде тақырыптық жоспар жасауға кіріседі.
Математикадан сабақ жоспарын жасау бастауыш сынып мұғалімдерінен көп уақыт пен қажырлылықты талап ететіндігі белгілі. Математика бастауыш сыныптарда басқа сабақтарға қарағанда жиі болады (1 және 2 сыныптарда аптасына 4 сағ, 3 және 4 сыныптарда аптасына 5 caғ). Оның үстіне бастауыш сыныптар мұғалімінің бірнеше пәннен сабақ беретіндігін ескерер болсақ, математикадан күнделікті сабақ жоспарын жасаудың ол үшін тым оңай жұмыс болмайтындығы айқындала түседі. Тәжірибеге қарағанда, көпшілік мұғалімдердің сабақ жоспары басқаша болып, оның сабақ үстіндегі оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру жұмыстары жоспарға мүлдем сәйкес келмейтіндігін байқауға болады, яғни сабақ жоспарға сәйкес өтілмейді де оның нәтижесі мен сапасы төмен болып шығады. Біздің ойымызша, бұның басты себебі көпшілік мұғалімдердің сабақ жоспарын 45 минут ішінде орындалуға тиісті нақты жұмыс жоспары, оның өзі мен оқушыларының бірлесіп орындайтын іс-әрекеттерінің жиынтығының көрінісі ретінде бағаламауынан деп білеміз.
Сабақ барысында пайдаланылатындай нақты жұмыс жоспары ретіндегі сабақ жоспарын жасау үшін мұғалім, ең алдымен, сабаққа дайындалу мен оны жоспарлау технологиясын жан-жақты меңгеруі қажет. Бұл жерде технология сөзін жайдан-жай келтіріп отырған жоқпыз. Қазіргі кезде психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде «технология» ұғымы кеңінен пайдаланыла бастады. Бұл термин өмірге компьютерлік техниканың келуімен және білім беру саласында жаңа компьютерлік технологияның енуімен сипатталады.
Ғылымда дамудың жаңа бағыты – технологиялық бағыт өмірге келді. Ғылымдағы осы технологиялық бағыттың пайда болуы және оның 46 педагогикада тереңірек зерттеле басталуы кездейсоқтық емес. Себебі педагогика ғылымы ежелден-ақ білім беруге, оны өмірде пайдалануға, жоғары нәтиже алуға, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін табуға ұмтылады. Сондықтан, ең алдымен, «технология» сөзінің этимологиясын, мәнмағынасын ашып алайық.
«Технология» сөзі грек тілінен енген екі сөз тіркесінен құралған: «techne» - шеберлік, өнер, іскерлік дегенді білдірсе; «logos» – ғылым, ілім. Демек ол, тура мағынасында, шеберлік пен ӛнер туралы ғылым дегенді білдіреді. Технология ұғымы қазіргі мағынасында, әсіресе, шаруашылықта (өнер-кәсіпте, ауыл шаруашылығында, т.б.), адам баласының ғылыми - өндірістік қызметінің әр алуан түрлерінде жиі қолданылады. Мұнда ол өндірістік процестердің қандай да бір тиісті нәтижеге қол жеткізілетіндей етіп жүзеге асырылу тәсілдері (амалдары, операциялары) туралы білімдердің жиынтығын білдіреді. Сонымен, технологияның мәнді белгілері мен сипаттамалары мыналар:
1) қандай да бір бөліктердің жиынтығы (үйлесімі, бірігуі);
2) бөліктердің тізбектілігі, логикалығы;
3) әдістер, тәсілдер, амалдар, операциялар (бөліктер ретінде);
4) нәтижелілік.
Міне, осы мәнді белгілер педагогикалық технологияға, сондай-ақ сабаққа дайындалу және оны жоспарлау технологиясына да тән болып табылады. Математика сабағына дайындалу және оны жоспарлау барысында мұғалім қандай іс-әрекеттер орындауы керек? Бұл жұмысты неден бастап, қандай ретпен жүргізу және оны қалай аяқтау керек? Әдетте, педагогика мен әдістеме оқулықтарында бұл сұрақтарға нақты жауап беріле бермейді. Сондықтан да болар, көшілік мұғалімдер (әсіресе, жас мұғалімдер) сабаққа дайындалу және оны жоспарлау технологиясын білмейді де осы бағыттағы өзінің педагогикалық еңбегін ғылыми тұрғыда дұрыс ұйымдастыра алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет