Пәні: Математиканың теориялық негіздері және математиканы оқыту әдістемесі Орындаған: Түктібаева Айгүл Жәдігерқызы Тексерген: Тлекенова Аяулым Әділбекқызы



бет9/10
Дата08.06.2023
өлшемі57,48 Kb.
#99802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
айгул матем (копия)

Қорытынды
 
Қысқа мерзімді жоспар - мұғалімнің күнделікті оқытатын сабақтарының сызбасы (сабақ жоспары).
Сабақ жоспарында ненің зерделенетіні, оған қалай көмектесуге болатыны, сондай-ақ оқуды қалай саралауға болатыны туралы барынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылады. Сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді құруға көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп алуы керек. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек. Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады: - сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа алу қажет; - сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою; - орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу; - мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады.
Сонымен, сабақ мақсаттарын саралап көрсету міндетті болып саналмағанмен, алайда оларды көрсету оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеретіндігін ұмытпауымыз керек. Мұндай саралауда не жазу керек? Барлық оқушылар: Мұнда оқу мақсаттары қайталанады. Оқушылардың 100% қол жеткізуі керек болғандықтан мұғалім мұнда барлық оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеруі керек.
Оқушылардың басым бөлігі:Оқу мақсатттарына (көрсетпесе де болады) қоса оқушылардың оқу қабілеттеріне қарай нәтижені күрделендіру. Мысалы, оқу мақсаттары «Білу» және «Түсіну» деңгейлерінде болса, онда оқушылардың басым бөлігі бұған қоса «Қолдану» немесе «Талдау» деңгейлеріндегі мақсаттарға қол жеткізуі керек.
Кейбір оқушылар: Оқу мақсаттары мен оқушылардың басым бөлігі үшін (көрсетпесе де болады) белгіленген мақсаттармен бірге шығармашылық және зерттеушілік дағдыларды дамытатын мақсаттарды нақтылау: мәселен, «Талдау», «Жинақтау» немесе «Бағалау» деңгейлерінде.
Бағалау критерийлерінің синонимдері «жетістік критерийлері», «табыс критерийлері», «күтілетін нәтиже»: кей сабақ жоспарларында оларды осылайша атайды.
Бағалау критерийлерін «Оқушылардың оқу мақсатына жеткендігінің, үйренгендігінің дәлелі не болмақ? Оқушылардың үйренгенін қандай нәтижеден көреміз?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы айқындау қажет. «Бағалау критерийлері – мұғалім мен оқушыға қалыптастырушы бағалау кезінде оқытудың мақсатына қол жеткізгенін тануға мүмкіндік беретін тұжырым.
Ресурстар. Бұл жерде сабақта қолданатын кеңсе тауарларын (қағаз, флипчарт, маркерлер, желім, скотч, қайшы, т.б.) көрсетпей, мазмұндық материалдарды (контент) келтірген дұрыс. Олардың қатарына сабақ мақсатына жетуге көмектесетін сабақта қарастырылатын кітап не басқа да дерек көздері, мәтіндерді (мәселен, оқулықтағы параграф), интернетте ұсынылған материалдарды, видеокөрсетілімдер, слайдтар және басқа да ақпарат көздерін жатқызуға болады.
Мұғалімнің ең басты міндеті - өзінің кәсіби біліктілігін тұрақты, жүйелі, шынайы түрде дамыту. «Кәсіби даму дегеніміз тәжірибе және рефлексия» деген ұстанымға сәйкес әр сабақтан кейін (тәжірибе) мұғалім сабақты талдау мен бағалау арқылы оның ұтымды жақтары мен жақсартуға қажетті тұстарын айқындап, өз тәжірибесін қалай дамытуға болатындығын айқындау дағдыларын қалыптастыруы керек.
Осы мақсатта сабақтан кейін өз сабағын талдау барысында мұғалім бұл бөлімге сабақ туралы өз пікірлерін жазады. Бұл үшін мынандай сұрақтарғаа жауап беру ұсынылады:
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен ӛз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет