Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Сауалнама – берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ақпарат жинақтау. Сауалнама алдын-ала құрастырылып, респонденттерге таратылып беріледі. Интервью



бет50/60
Дата05.05.2023
өлшемі254,18 Kb.
#90271
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60
Сауалнама берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ақпарат жинақтау. Сауалнама алдын-ала құрастырылып, респонденттерге таратылып беріледі.
Интервью – сұрақ-жауап арқылы қандай да болмасын мәселені талқылау және өзіндік пікір келтіру. Интервью арқылы студенттің немесе оқытушының сабақ тақырыбы жайлы пікірлерін білуге болады.
Сұхбат – негізгі бір ортақ ой төңірегінде әңгімелесіп , ой бөліседі. Сұрақтарына жауап алып, сұқбаттасушының пікірін біледі. Сұхбаттық әңгіме түрі көпшілігінде екі адамның әңгімелесуі түрінде өтеді. Сұхбатқа қатысушылар фактілерді жинақтап, қойылатын сұрақтарын айқындап, сұхбатқа қатысушы еркін,ашық, сындарлы әңгіме өткізуі тиіс.
Аннотация ( лат. сөзі annotatio – белгі, естелік) – кітаптың, мақалының қысқаша сипаттамасы, яғни кез келген мәтіннен оның көзқарасы бойынша мазмұнын, формасын және басқа ерекшеліктерін белгілеп қою. Аннотацияның мақсаты – мәтінде не туралы айтылатыны жөніндегі сұраққа жауап беру, ол туралы жалпы түсінік беру. Аннотация – материалды сұраптау арқылы мазмұнын ашып, баға беру.
Глоссарий – белгілі бір шығармада кездесетін, сирек қолданылатын сөздердің түсіндірме сөздігі. Сөз тіркестеріне, қазіргі кезде түсініксіз сөздерге түсінік беріледі. Сирек кездесетін кейбір аударма сөздіктер де глоссарийге жатады.


8. Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және басқаруға арналған материалдар:

  • СОӨЖ-на арналған тапсырмалар;
СӨЖ-на арналған тапсырмалар;

Студенттердің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар





№№
п.п.

СОӨЖ тақырыптардың аттары және тапсырмаларының мазмұны

Жүргізу түрі

тапсырмалары

Семестр аптасы

1 тақырып

Абай өмірін сол кезеңнің тарихи шындығымен байланыста баяндау. М.Әуезовтің ақын өмірбаянын жазудағы елеулі еңбегі әрі оны жазуға ғылыми және шығармашылық тұрғыда келуі. Ақын өмірбаянының М.Әуезов жазған 4 нұсқасы мен өзге де авторлардың нұсқалары.

Пікір алысу

Абайтану тарихының кезеңдері



1-2

2 тақырып

Абай өмірі мен мұрасын танып-білу, насихаттаудағы Ә.Бөкейхан, К.Ысқақов, А.Байтұрсынұлы т.б. үлесі. Абайтанудың оң бағытта дамуының мазмұны мен ерекшелігі.

Сұхбат

Газет материалдарымен танысу

3-4

3 тақырып

Кемел адам туралы ілімнің шығу, даму тарихы.
Абай шығармасындағы толық адам идеясының эволюциялық хронологиялық даму жолы. Ақындағы толық адамның мәні мен өзегіне үңілген ерекше таным туралы.

Баяндау

Журнал, баспасөз беттерінен мақалалар бойынша баяндау

5-6

4 тақырып

Абайдың дінге қатысы туралы. М.Әуезов жасаған екі тезистің мәні мен мазмұны, айтылу себебі. Ақынның дінге қатысынан туындайтын жан сыры, хауас, жәуанмартлік ұғымдарының мәні

Реферат

Абайдың қара сөздерін басшылыққа алу

7-8

5 тақырып

Ж.Баласағұн мен Абай. Екі ақын арасындағы шығармашылық сабақтастық мәселесі: адам мен қоғамға қатысты кемелділік, жәуанмәртлік, нұрлы ақыл, жүрек культі танымдарының дәстүр мен жаңашылдық шеңберінде жырлануы

Пікірталас

Баласағұн еңбегімен танысу

9-10

6 тақырып

Ақын шығармашылығының толысқан, кемеліне келген кезеңі. Ақын шығармашылығының өнімді, жемісті шағы. Оның 1886, 1889 жылдары жазылған мол туындылары, олардың тақырыптық ауқымы, идеялық тереңдігі мен жаңалықтары және көркемдік жетістіктері.

Пікірталас

Өлеңдер жинағымен танысу

11-12

7 тақырып

Ақын қарасөздерінің өлеңдерімен сабақтастығы, тақырыптық ауқымы, негізгі және тамырлы идеясы, жанрлық ерекшелігі туралы

Сұхбат

Абай қарасөздерінің негізінде сұхбат

13-14

8 тақырып

38-қарасөз – толық адам туралы толғау. Қарасөз мазмұнының дін тақырыбы, Алла туралы мәселеден басталып, түпкі мұратымен адамгершілікті тауып, танып, насихаттауға айналуы. Хақ жолы – ақиқат пен адамгершілік екендігі.

Баяндама

Қарасөздерінде тақырыпқа таңдау жасау

15




Барлығы:




15

15

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН (СӨЖ) ҰЙЫМДАСТЫРУ






СӨЖ тақырыптары, әдебиеттер

Тапсырманы орындау формасы (реферат,доклад, кейс, эссе, ғылыми талдау, құрал жасау, т.б. )

Тапсырманы қабылдау мерзімі

Тапсырманы қабылдау орны
(каб №, уақыты)

1

Абай өмірбаяны, оның ғылыми жолға түсуі мен нұсқалары
Рамазанов Н. А.Құнанбаев.

Реферат

сабақ кестесі бойынша

Достық көшесі,13 оқу ғимараты,
406 – кабинет.

2

Абайдың жастық кезеңіндегі өлеңдері
ТөреқұловН. Әдебиетімізге көз салу.

Реферат

сабақ кестесі бойынша

Достық көшесі,13 оқу ғимараты,
406 – кабинет

3

Абайдың әлеуметтік лирикасы
Шонанов Т. Абай кітабын бастыру керек.

Пікірталас

сабақ кестесі бойынша

Достық көшесі,13 оқу ғимараты,
406 – кабинет

4

Күлеев Б. Абай кітабы басылатын болды.

пікірталас, сұхбаттасу, ғылыми талдау

сабақ кестесі бойынша

Достық көшесі,13 оқу ғимараты,
406 – кабинет

5

Абайдың махаббат лирикасы
Жансүгіров І. Абай кітабы.

пікірталас

сабақ кестесі бойынша

Достық көшесі,13 оқу ғимараты,
406 – кабинет

6

Абай және әл-Фараби
Сағди Ғ. Абай. ( Ι -V ).

ғылыми талдау

сабақ кестесі бойынша

Достық көшесі,13 оқу ғимараты,
406 – кабинет

7

Абай және «Құтты білік»
Сағди Ғ. Абай (VΙ-Х).

ғылыми талдау

сабақ кестесі бойынша

Достық көшесі,13 оқу ғимараты,
406 – кабинет

8

Абай және суфизм
«Жігіттер, ойын арзан» өлеңі.

пікірталас

сабақ кестесі бойынша

Достық көшесі,13 оқу ғимараты, 406 – кабинет

9

Абай және ислам философиясы
«Біреудің кісісі өлсе» өлеңі.

ғылыми талдау

сабақ кестесі бойынша

Достық көшесі,13 оқу ғимараты, 406 – кабинет

10

Абай және Ясауи
«Сәулең болса кеудеңде» өлеңі.

теориялық талдау

сабақ кестесі бойынша

Достық көшесі,13 оқу ғимараты, 406 –кабинет

11

Абай және Шығыс поэзиясы
«Сен мені не етесің?» өлеңі.

сұрақ пен жауап, сұхбат тасу, ғылыми талдау

сабақ кестесі бойынша

Достық көшесі,13 оқу ғимараты, 406 – кабинет

12

Абай және орыс, Батыс әдебиеті
«Келдік талай жерге енді» өлеңі.

реферат

сабақ кестесі бойынша

Достық көшесі,13 оқу ғимараты, 406 – кабинет

13

Абайтану және Абайтану тарихы, оның туу мен даму жолдары
«Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңі.

пікірталас

сабақ кестесі бойынша

Достық көшесі,13 оқу ғимараты, 406 – кабинет

14

Абайдағы жәуанмәртлік ілімі
«Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын» өлеңі.

пікірталас

сабақ кестесі бойынша

Достық көшесі,13 оқу ғимараты, 406 – кабинет

15

Пенделіктің кәмалаттығы мен инсанияттың кәмалаттығы туралы Абайдың ұстаған танымы
«Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі.

сұхбат

сабақ кестесі бойынша

Достық көшесі,13 оқу ғимараты, 406 – кабинет





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет