Пәннің оқу әдістемелік кешені «Автоматтандырудың техникалық құралдары» Истаева Н. Р



бет20/23
Дата12.02.2023
өлшемі1,05 Mb.
#67210
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Ұсынылатын әдебиеттер: /НӘ5, НӘ2,НӘ6/
Бақылау сұрақтары:

  1. Автоматтандыру жəне басқару жүйелерінде қандай программалық қамтамасыздандыру структуралары (құрылымы) болуы мүмкін.

  2. Автоматтандыру жəне басқару жүйелерінда қандай оперативті жəне программалық қамтамасыздандыру жүйелері қолданылады.

  3. Оперативті жуйенің негізгі қызметтерін ата.

  4. Өндірістік компьютерлерде қандай критериялар бойынша операционды жүйелер таңдалынады?

  5. Автоматтандыру жəне басқару жүйелерінде қандай ПК қолданылады?

  6. Автоматтандыру жəне басқару жүйелеріндегі программалау принциптерін атаңыз.

  7. Өндірістік компьютерлер мен ПЛК қалай программаланады?

Дəріс 15. Өнеркəсіптік желі Profibus


Технологиялық процестер мен өндірістік процестерді автоматтандыруда қолданылатын халықаралық, өрістік шиналардың ашық стандарты. Өндірушіден тəуелсіздік пен стандарттың ашықтығы халықаралық EN501170 немесе IEC61158 нормасына сəйкес кепілденеді. Probus-DP осы стандарттың комуникациясының бір профилі болып табылады. Ол қосылудың ең төмен құнында өріс деңгейінде мəліметтерді жылдам, əлі уақыт бойынша тез тасымалдануыш оптимизацияланған. Profibus-DP өндірісті автоматтандыру жүйесінде қарапайым, параллель 24В сигналдарды жіберуші орнын алмастыра алады, себебі аналогты түрдегі 4….20мА сигналдарды техеологиялық үрдістерді автоматтандыру жүйелеріне жіберуде Profibus-DP көп шеберлік жүйе болып табылады жəне соның арқасында бірнеше автоматтандыру жүйелерінің бірлескен жұмысын,бір шинада перифериялық орталықтандырылған құрылғыларды визуализацилауды немесе инжинирингті қамтамасыз етеді.
Profibus-DP шеберлер мен бағынушы құрылғыларға бөлінеді. Шеберапараттар шиналардағы мəліметтердің алмасуы анықтайды жне оқулықта «белсенді» абонент деген атауға ие. Шебер сыртқа сұраныссыз-ақ апатратты бере алады, егер ол шинаға (Token) хабарласу құқы иегері болса. Шеберлер екі сыныпқа бөлінеді:
1сынып шеберлері-белгіленген циклде бағынушы құралдармен ақпарат алмасуды жүзеге асыратын, автоматтандырудың орталықтандырылған құрылғысы (мысалы, Simatie S5,S7 контролерлері).
2сынып шеберлері-бұл сынып апаратына:құрама пішіндеуде қолданылатын, жұмыс барысында түзулерді қадағалау немесе пайдалануды енгізуге қолданылатын қызмет ету жəне бақылау апараттары немесе жобалаушы құрылғылар, программаторлар жатады. Бағынушы апараттарға өрістік құрылғыларды жатқызуға болады, мысалға жиілікті түрлендіргіштер тұрақты ток жетектері, енгіз жəне шығару перифериялары, реттеуші клапандар. Олар шинаға хабарлауға құқылы емес, яғни олар алынған хабарламаны тек шебер сұранысы бойынша ғана жібере алады. Бағынушы құрылғыларды «белсенсіз» абонемент деп атайды.
RS-485 физикалық интерфейсі арқылы мəліметтерді жіберу техникасы. Тасымалдау техникасын таңдауда шешуші маңызы зор критерилері, жоғары тасымалдау жылдамдығы, қарапайым, үнемді орнату жəне қосу. Бұл мақсат үшін ширатылған, экрандалған мыстан жасалған 2-сымдық кабель қолданылады. Тасымалдау жылдамдығы 9,6 Кбод тан 12мБод-қа дейінгі диапзонды болады.
Жүйені жөндеуде барлық аппарт шиналары үшін бірдей таңдалынады. Барлық апппараттар шинаның бір құрылымына жалғанады. Бір сегмент 32 абонентті біріктіре алады. Əрбір сегмент басы мен аягында шина белсенді аяққы құрылғымен аяқталады. Дұрыс жұмыс үшін екі шеткі құылғылар үздіксіз қоректендірілуін қамтамасыз етеді. Бұл құрылғылар апараттар мен ажырандамаларында шиналарды қосуға орнатылады. 32 абоненттен асып кеткенде немесе желінің ұзындығы артқанда шинаның жекелеген сегменттерін қосу үшін репитерлер(күшейткіштер) орнатылуы тиіс. Оптоталшықты арындар бойымен мəліметтерді жіберу техникасы.
P r o fibus-DP шиналарының оптиталшықты сегменттері сəулелік жəне сақиналы құрылымды құрайды. Сонымен қатар RS-485 интерфейс бойынша мəліметтер жіберу линияларының жəне оптиталшықты арындарда үйкелісу мүмкіндігі болады. Сонымен бірге кез келген уақытта бір қондырғыда тасымалдау əдісінің бір түрінен екінші түріне ауысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Profibus-DP маркер тасымалдау желі принципі бойынша жұмыс істейді, яғни белсенді құрылғылар(шеберлер) белгілі бір уақытта логикалық шеңберлік тізбектілікте мəліметтерді тасымалдау құқығына иа болады. Осы уақыт ішінде шебер терезесі басқа шеберлермен сөйлесіп немесе бағынушы құрылғылармен мəліметтер алмастыра алады. Profibus-DP мұнда «шебер бағынушы» əдісін пайдаланады.
D e v ice Net хаттамасы-бұл Rockwell Automation компаниясы 1993ж құрастырған ашық желілік стандарт. Device Net төмен деңгейлік автоматтандыру құрылғыларын технологиялық контроллерлерге қосу қызметін атқарады. Желі сегментінің ең жоғарғы ұзындығы 500м құрайды. Түзудің жиынтық ұзындығы 3км дейін құрайды. Device Net бйланыс арыны Controller Area Network (CAN) хаттамасында орнықтандырылады. CAN хаттамасының мəліметтер пакеті хаттама тақырыбынан,CAN иденфикаторынан, 8 бай мəліметтер жəне белгілерден тұрады. Device Net хаттамасы бойынша мəліметтерді жіберу кез келген мөлшердегі мəліметтерді жіберу аймағын кеңейтуге мүмкіндік береді.
CAN хаттамасы (Controller Area Network) халықаралық ISODIS 1198стандартына жазылған, мұнда тек физикалық деңгей компонеттері жəне мəліметтер жіберу арының деңгей компоненттері сипатталған. OSI үлгінің 1 жəне 2 деңгейі. CIA (CAN in Automation)-тұтынушылар мен өндірушілердің халықаралық ассоциациясы р-ның DS өткізгіштері үшін, желілер үшін кеңестерде өнеркəсіптік желілер қолдануды белгіледі. Мысалы, ескертпелер, қателер, жетек параметрінің жиынтығын жіберу. Түзілім саны-124. Байланыс түзілімінің ұзындығы мəліметтерді тасымалдау жылдамдығына тікелей байланысты.CC-Link хаттамсы Mitsubishi Electric корпорациясы перифериялық құрылғылармен бағдарламалық контролерлердің байланыстыру үшін құрастырылған. CC-Link желісінде бір ғана шебер- модуль бар жəне 64 бағынушы модульдерден құралған. Шебер «0»адресті, бағынушы модулі -1..64 адресті. CC-Link шиналы топологиялық. Мəлімет алмасу жылдамдығы 156кБит/с тан 10мБит/с дейін болады. Түзу ұзындығы мəліметтер беру жылдамдығына байланысты болады. Simolink интерфейсі жетектер арасында жылдам ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. Барлық түзілімдер тұйық шеңберде тізбектеліп жалғанған. SLB комуникациялық платасы түрлендіргішті Simolink желісіне қосуға қажет. Əр плата түзілімді құрады, Simolink желісіндегі түзілім саны-201.
Мəліметтер оптоталшықты (пластикті немесе шыны) кабель арқылы тасымалданады. Желі сақиналы құрылымды болады, жəне əр түзілім сигнал күшейткіші қызметін атқарады. Өткізгішіне байланысты, тасымалдау арақашықтығының шақтамасы: пластикалық кабельдерде түзілім араларында 40м көп емес, əйнек(шыны) кабельдерде 300м артық емес.
Барлық түзілімдер бір уақытта мəліметтер жіберген кездегі түзілімдер жіберетін сигнал көмегімен барлық түзілімдер синхрондлады. Сигнал белгілі бір уақыт аралығында жіберіліп, тұрақты синхрондалуды қамтамасыз етеді. Синхрондау араларындағы уақытты адаптермен есептелінеді жəне жүйенің барлық түзілімдерінің жүйелік сағатын бір уақытта синхрондайды. Мəліметтерді жіберу қатаң циклды жəне келесі шина циклы басталу моментінде жүреді. Бұл дегеніміз барлық мəліметтер желі түзілімдерімен қабылданып немесе жіберіледі, яғни синхрондаудың екі сигнал аралығында жүреді. Бұл барлық түзілімдер соңғы ақпаратты бір уақытта алуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет