3-тапсырма. Фразеологизмдердің шығу арналары туралы баяндаңыз.
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 2], 2. [1.7: 12], 3. [1.7: 14].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7:10], 2. [1.7: 11].
Әдістемелік нұсқаулар: Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерге қатысты сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыз. Жаттығу жұмыстары бойынша берілген жұмысты орындаңыз. Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің арақатынасын, айырмашылығын түсіндіріңіз, еркін тіркеспен салыстырыңыз. І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» туралы баяндаңыз.
№ 6 семинар сабағы тақырыбы: Сөздердің қолданылу аясына қарай бөлінуі
1 сағат. 6-апта
Сұрақнама:
1. Сөздердің актив және пассив қолданылатын түрлері қандай?
2. Диалект, кәсіби сөз туралы не білесіз?
3. Термин туралы түсінік.
4. Сөздердің стильдік мәніне қарай бөлінуі және оның түрлері.
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Төмендегі қолданылу сипаты бірыңғай емес сөздерге талдау жасай отырып, олардың ішінен жалпыхалықтық сөздерді, диалектизмдерді және кәсіби сөздерді жеке-жеке ажыратыңыздар. Диалектологиялық сөздіктерді пайдалана отырып, соңғы екі топтағы сөздердің мағыналарын, қандай жерлерде айтылатынын көрсетіңіздер.
Айлақ, итбалық, даң, жары, жазы, тұянадай, топы, бапандай болу, қаршадай, сүдін, кәте, ызасырық, көпшік, күнәйім, ермене, дайра, кейінжі, атау-кере, сүдігер, жүйектеу, баданадай, сәуір, бастан, мық, шіли, делдал, құдағай, ақта ат, бітедей сору, қауқар, шақат, сүгірет, ішқұста, ширығу, шамырқану, жылға, бәдірен, жасымық, жағлан, нәумез болу, нүрау, торлама, қаза басу, жырынды, тіксіну, тәлімі бидай, томырық, бол-болды, еге, көшкі, әйдік, кіл, зілдей, зілмауырдай, зілмәндай, жылым, мияттау, сиықты, сияқты, бесін, күләбі, тайжақы, қысқаша, қысқаш, сіріңке, кеуірт, әтешкір, тонау, сонау, падашы, пісу, пысу, жеккі, еркею, қойыру, маңлай, жұмалау, қыштау, секер, домалау, үгей, жәненші, шаққа, беркіну, әзер, құлдау, нам, мәс, нән, есім, собық, рә болмаса, жегенелеу, шалт, ырдуан, қам, бықпырт тигендей, қарабура, ұтыр, әстайлы, атжал, әшкерту, кеуіл, мүттәм, чыралжын.
2-тапсырма. Келтірілген үзінділерден кәсіби сөздер мен жаргондық сипаты бар сөздерді тауып жазыңыздар. Сөздіктерді пайдалана отырып, олардың мағынасын, қолданылу сипатын түсіндіріңіздер.
1. Жылқы мінезіне қарай да қазақ тілінде тұрақты атаулар қалыптасқан. Мәселен, жуас, асау, шәлкеш, үркек, тарпаң, шақар, қашаған, ерқашты, тебеген, тістеуік, қарашыл, шабан, көсем. 2. Май айының аяғында жайлауға келіп қонысымен бие бауы (бие байлау) басталады. Әрбір бие байлайтын үй: желі, ноқта, қазық-тоқпағына дейін дайындап, сәт деп есептелетіи ашық күннің бірінде жылқы келісімен желі тартып, саууға жарайтын биелердің құлындарын түгелдей байлайды. 3. Кейбір шәлкеш бие-лерді сауу үшін, құлын ноқтасының сабағымен биенің аттанар жақ алдыңғы аяғын тізесінен бүге көтеріп немесе мойнына құрық салып қоятын. Мұнымен қатар асау биені саууға үйретуде «бүкпе» не «күрде» салу әдістері де қолданылатын. Бүкпе жіптің ұзындығы тұсамыстай болады. 4. Малды өзіне қарату үшін:. жылқыға құрау-құрау, ірі қараға ауқау-ауқау, түйеге көс-көс; айдау не қайтару үшін: қойға шай-шай, ешкіге шек-шек, ірі қараға өк-өк, жылқы мен түйеге шу-шу сияқты сөздер айтылатын. 5. «Топалаң» деген атау Қазақстанның барлық жеріне де тән болғанмен, кейде бұған қосымша аттар да қоятын, яғни Қазақстанның оңтүстігінде «алаң», «ылаң» десе, солтүстігінде «секіртпе», «ұшпа» деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |