Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Физика және математика» ббб мәжілісінде қаралды



бет30/99
Дата14.10.2023
өлшемі6,14 Mb.
#113765
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99
Байланысты:
umkd gpz

Әдістемелік ұсыныстар Тақырыпқа байланысты дәріс материалдарының мазмұнын қайта жаңғыртып, ұғымдардың, әрбір әдістердің ерекшеліктеріне, оны жүргізу жолдарына зейін салыңыз. Талдаудың мазмұнына байланысты бөлінетіндігін ой елегінен өткізіңіз. Талдаудың синтезбен тығыз байланысты болатындығын ескере отырып, талдауға ұмтылыңыз.
Барлық әдістердің жүргізілу моделін дайындап, ұжымда талқылауға дайындалыңыз.
Зерттеу – 1) ғылыми еңбек; 2) процестер мен құбылыстардың заңдылығы мен қызметін анықтауға бағытталған ғылыми зерттеу; танымдық қызметтің арнайы түрі ретіндегі ғылымға тән жаңа білім өндіру тәсілі.
Зерттеудің түрлері:

  • когорттық;

  • лонгитюдті;

  • пәнаралық;

  • монографиялық;

  • ғылыми;

  • панельдік

  • дадалық;

  • мерзімді ұзартылған;

  • психология-педагогикалық

  • социология-педагогикалық

  • теориялық

  • эмпирикалық

Методологиялық талдау негізінде педагогика ғылымы аймағындағы әрекет қорытындысы төрт белгіде беріледі.


1. Мақсатқа сипаттама.
Мақсат тәжірибелік немесе танымдық болады. Егер мұғалім сабақты тәжірибелік мақсатқа қойса, бұл эмпирикалық мақсат болады.
Егер ғылыми танымдық мақсат қойылса, бұл педагогика ғылымы негізіндегіі танымдық мақсат болады.
2. Зерттеу объектісі.
Ғылымдағы зерттеу объектісі педагогикалық әрекеттегі білім беруде анықталады. Мысалы, оқыту-тәрбие үдерісіндегі мұғалім мен оқушыны ізгілендіру қарым-қатынасын қалыптастыру үдерісі.
3. Зерттеу жұмысында қолданылатын әдістер. Ғылыми тәжірибелік жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, яғни эксперимент, бақылау т.б. әдістерді қабылдайды.
4. Терминологиялық бір мәндісі /терминдердің құндылығы/. Бұл заңды процесс. Дипломдық жұмыс, диссертация, монография, мақала т.б. Ғылыми жұмыстар шеңберінде негізгі ұғымдар санына дейін анықталып нақтылануы қажет.
Зерттеуші ғылыми жұмыс жазуда педагогикалық зерттеудің сапасын анықтау үшін проблемасын, тақырып өзектілігін, зерттеу оьбектісін , пәнін, мақсатын, жаңалықты, тәжірибелік құндылығын анықтау қажет.
Жоғарыда аталған зерттеу элементтері курстық жән дипломдық жұмыстарды орындаудың ғылыми аппараттары болып табылады.
Курстық жұмыс деп аталуы оқытудың белгілі бір курсына сәйкес пәндерден жазылуына байланысты. Белгілі бір пәндерден жазылғанымен, студенттер өздерінің білім, іскерлік және дағды қорларын пайдаланады.
Курстық жұмыс зерттеу әдіснамасы мен әдістемесін меңгеруге ықпал етеді, педагогикалық қызметке қызығушылығын арттырады, педагогикалық үрдісті талдауға, оның мәнін түсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет