Оқу-тәрбие процесінің және оқушылардың оқу қызметі өнімдерінің құжаттамаларын зерделеу әдістері Оқу-тәрбие процесінің әртүрлі жақтары туралы мәтіндік және статистикалық ақпаратты қамтитын құжаттар көбінесе эксперименттің алдын ала кезеңдерінде, зерттелетін объектімен танысу қажет болғанда, сондай-ақ, нәтижелерді толық және объективті түсіндіру үшін, қорытынды шығару кезінде пайдаланылады.
Құжат ретінде қолжазба немесе баспа мәтінінде, магниттік таспада, кинопленкада және т. б. тіркелген кез келген ақпарат қаралуы мүмкін. Мектеп және колледж жағдайында маңызды ақпаратты құрайтын құжаттар:
• мектеп бойынша бұйрықтар, әліпбилік кітаптар, сынып журналдары, тәрбиесі қиын
білім алушылардың картотекалары;
• жоспарлар: мектепті, әдістемелік бірлестіктерді, үйірмелерді, сынып жетекшілерін,
мұғалімдерді, қоғамдық ұйымдарды дамыту;
• сабақ жоспарлары мен конспектілері және оқу-тәрбие процесінің басқа да
формалары, коучинг және менторинг жоспарлары;
• жиналыстар, отырыстар, педагогикалық және қамқоршылық кеңестер, әр түрлі
комиссиялар, ата-аналар комитеті, әдістемелік бірлестіктер, мұғалімдер кеңестері,
коучингтер және менторингтердің статистикалық және мәтіндік, жалпымектептік есептері мен хаттамалары;
• инновациялық тәжірибені жалпылау нәтижелері, шығармашылық есептер.
Оқушылардың қызмет өнімдерін, яғни олардың әдеттегі мектеп жұмысының
нәтижелерін талдау эксперименттің кез келген кезеңінде қолданылуы мүмкін және дербес дерек көзі ретінде және арнайы бақылау деректерін қосымша растау ретінде қызмет етеді.
Зерттеледі:
• оқушылар дәптерлері, күнделіктер;
• әр түрлі жазбаша жұмыстар: шығармалар, үй тапсырмалары, есептер шешімі;
• орындалған тапсырмалардың шимай жазбалары (черновики);
• хаттар, жазбалар;
• суреттер, сызбалар;
• көркем-қолданбалы шығармашылық өнімдері;
• техникалық шығармашылық өнімдері, түрлі бұйымдар;
• сынып және мектеп баспа органдарында сөз сөйлеу;
• оқу, өндірістік және қызмет көрсету еңбегінің нәтижелері.
Құжаттардың талдауын ұйымдастыру тәсілдері бар, солардың бірі – контент-талдау әдісі. Оның мәні - мәтіндерде қандай да бір терминдердің, бағалардың және т. б. қолдану жиілігі есептелетіндігінде. Және соның негізінде әр түрлі объектілердің, жағдайлардың, тұлғалардың қалай байланысқандықтары жайында қорытынды шығарылады. Оқушылар мен педагогтардың оқу қызметінің заттай атрибуттарымен жұмыс істеген кезде, оларды кім, қашан, қайда және қандай мақсатта жасағанын білу қажет.