Бақылау сұрақтары:
Бақылау әдісіне түсініктеме беріңіз
Бақылау әдістерінің түрлерін атаңыз және оларға қысқаша түсініктеме беріңіз
Дәріс 8.
Тақырыбы: Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңі. Зерттеудің нәтижелерін жүйелеу
Жоспары:
1. Зерттеу жүргізілу кезеңіне сипаттама.
2. Зерттелетін үдерістер мен құбылыстардың жағдайын зерттеу және диагностикалау.
3. Зерттелінетін үдерістер мен құбылыстардың даму мүмкіндіктерін зерттеу және диагностикалау.
Педагогикалық зерттеу – оқыту мен тәрбиелеудің нақты заңдары мен заңдылықтарын, құрылымы мен тетіктерін, мазмұнын, принциптерін, ұйымдық формалары мен әдістерін ашуға арналып бағытталған, қоғамдық маңызы бар жаңа педагогикалық білім қалыптастыру үдерісі және нәтижесі, танымдық іс – әрекет түрлерінің бірі болып табылады.
Зерттеудің негізгі компоненттері – мақсат қою, қолда бар ақпаратты, осы типтегі міндеттерді шешудің шарттары мен әдістерін алдын ала талдау, бастапқы болжамды тұжырымдау, болжамға теориялық талдау, экспериментті жоспарлау мен ұйымдастыру, алынған мәліметтерді талдау және жинақтау, мәліметтер мен заңдарды түпкілікті тұжырымдау, түсініктер мен ғылыми болжауды алу.
Педагогикалық зерттеу үш деңгейге ажыратылады:
әдіснамалық – педагогикалық құбылыстардың жалпы принциптері мен зерттеу әдістерін тұжырымдау, эмпиристік және теориялық зерттеулер негізінде теориялар құру;
теориялық – бұрын ашылған деректерді түсіндіруге, сондай – ақ болашақ пен оқиға мен оның дамуын болжамдауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтарды ұсыну және тұжырымдау;
эмпиристік – педагогикалық ғылымның жаңа деректерін анықтау және оларды жинақтау негізінде эмпиристік заңдылықтарды тұжырымдау.
Зерттеу нысанын анықтау - зерттеудің нені қарастырып жатқанын білу, анықтау. Дегенмен обьект туралы жаңа білімді барлық қырлары және көріністері тұрғысынан алу мүмкін емес, сондықтан зерттеудің пәнін анықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |