Бірінші этап: объективті және субъективті факторлардың зерттеу аймағындағы объективті таңдау;
Тақырып – нақты, анық, дәл анықталған өзекті мәселе (проблема).
Объект – зерттеу жұмысы жүргізілетін педагогикалық кеңістік, зерттеудегі кейбір ақпараттардың, теория және практикадағы объективті қасиеттердің байланысының жиынтығы.
Зерттеу пәні – нақты анықталған объектінің әрбір ізденісіндегі ғылыми шекара. Зерттеу пәнінен кейін зерттеудің мақсаты және міндеттері анықталады.
Зерттеу мақсаты – қысқа, дәл анықталып, қалыптасады. Ол зерттеу міндеттерінде дамып, сипатталады.
Зерттеудің бірінші этапы Дедуктивті және инструктивті болжамның әртүрлі деңгейлері ретімен беріледі. Дедуктивті болжамға, зерттеуші белгілі теорияларды қорытындылайды. Болжамның қорытынды тәжірибедегі сапалық, статистикалық жолдары, болжамның қадамдары анықталады. Зерттеу факторларының аралық факторларын зерттеуге жібереді.
Әдістеме – зерттеу нәтижесінің көмегімен интерпретацияны және зерттеу тәсілдерінің реттілігі, қабылданудың жиынтығы.
Зерттеудің екінші этапы Анықталған құрылымның нақты міндеттерін шешу, оның жеке зерттеу әдістемесін құрастыру.
Оның негізгі компоненттері:
- Барлық әдістеме теориялық-методологиялық бөлігінің, концепцияның /тұжырымдама/ негізінде құрылады.
- Зерттеу параметрлері, белгілері, үдерісі.
- Субординациялық және координациялық байланыс.
- Субординация және координация, қабылданған әдістердің жиынтығы.
- Қабылданған әдістемелердің және әдістердің қолдану реттілігі.
- Зерттеу қорытындысының техникасы.
- Зерттеуді жүзеге асыру үдерісіндегі зерттеушілердің орны, рөлі, құрамы.
Зерттеудің үшінші этапы Үшінші этап – тәжірибеде алынған нәтижелерінің жүзеге асырылуы. Әдебиеттерді көрсету жұмыстары. Ғылыми зерттеудің бөлімдері жауапты істердің және зерттеу материалдарының нәтижесі алынады. Зерттеу материалдарын талдау жұмысындағы жалпы ережелер:
- бөлімнің атауы және мазмұны, зерттеу тақырыбының шеңберіне шықпауы және тарау да осы ережелерге сәйкес болуы қажет.
- бөлік, тараулар мазмұны, тақырыптары байланысты болуы керек.
Зерттеудің ең соңғы этапы – зерттеу нәтижелерінің көркемделуі. Бұған материалдарды топтастыру, ғылыми деректердің дәл анықтамасы, сараптамасы, факторлар мен қорытындылардың негізінде автордың ғылыми тұжырымдамасының мазмұны. Соңғы этапта зерттеу нәтижелерін көркемдеуден басқа авторлық тұжырымдаманы қорғау кезеңі өтеді. Педагогикалық оқулықтарда және ғылыми практикалық конференцияларда, баяндама, хабарлама, курстық, дипломдық жұмыстар, кандидаттық және докторлық диссертациялар – бұлардың барлығы зерттеу нәтижелерін көркемдеудің комплексті формалары, авторлық идеялардың қорғалуы.
Кез-келген деңгейлердегі ғылыми жұмыс – дипломдық жұмыстан диссертацияға дейін 5 бөліктен тұрады:
Кіріспе – ол тақырып, пән, зерттеу міндеті мен әдістері туралы қысқаша түсінік береді.
Жұмыстың негізгі теориялық бөлігі – онда мәселе бойынша әдебиеттер анализін ашады. Бұл бөлігінде мәселе тарихы ашылып, сұрақты зерттеуге байланысты педагогикалық жұмыстың қызықты сипаттамасын береді. Ең алдымен жұмыс тақырыбы қай уақытта пайда болғандығының ретімен немесе идеяның маңыздылығымен қарастырылады.
Тәжірибелік немесе эксперименталдық жұмыстың сипаттамасы, сараптамасы. Бұл бөлімге мектептегі тәжірибе алмасу элементтерін қосуы тиіс, бірнеше алынған факторлар мен бірнеше алынған сандық материалдар көрініс табуы қажет. Ғылыми жұмыстағы ең құндысы – бұл жеке қорытындылары мен әдістемелік нұсқауларын, тұтас теориялық концепцияға бірігуі.
Қорытындысы. Бұл бөлікте бірінші бөлімдегі мазмұны, қысқаша түрде идея қайталанады. Қорытындысында ең маңыздысы зерттеуші зерттеу мәселесі бойынша енгізген жаңашылдықта көрсете отырып, келешекке көңіл бөлдіру, келешектегі өзінің ізденістегі бағдарламасын белгілеу.
Библиография. Оның құрылуы маңызды міндет. Кез-келген ғылыми жұмыс ең алдымен маңызды толық теориялық аппарат, фундаментальдық пікірлер және жаңашыл педагогикалық зерттеулер негізіне сүйенеді.