Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Физика және математика» ббб мәжілісінде қаралды



бет42/99
Дата14.10.2023
өлшемі6,14 Mb.
#113765
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   99
Бақылау сұрақтары:

  1. Тіркеу әдісін түсіндіріңіз

  2. Саралау әдісін түсіндіріңіз

  3. Масштабтау әдісін түсіндіріңіз.

Дәріс 12.
Тақырыбы: Эмпирикалық зерттеу әдістері


Эмпирикалық зерттеу (эмпирикалық әдістер) – зерттелетін мәселе бойынша нақты материалды жинақтау және құбылысты тіркеу, оларды тізімдеу, сыртқы байланысын айқындау, қабылданған ұғыммен белгіленген деректерді қорыту үшін қызмет ететін эмпиристік таным мен құбылыс шындығын зерделеу амалдары, рәсімдері мен операциялары, ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу тәсілдері.
Эмпирикалық әдістер тек қана тікелей ақпаратты (жинау) қабылдауды ғана емес, сондай-ақ қордалануды, жіктеуді және зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық теория құру үшін бастапқы материалды жинақтауды да қамтамасыз етеді. Олардың жалпы сипаты- нақтылықпен тікелей байланысты болғандығында.
Эмпирикалық әдістерге мыналар жатады:

  • мағлұматтарды жинақтау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тестілеу, сұхбаттасу, құжаттар мен іс-әрекет нәтижелерін талдау, оқытушы жұмысы тәжірибесін талдау және т.б.) жатады;

  • бақылау мен өлшеу әдістері (шкалалау, тестілеу және т.б.);

  • педагогикалық үрдісті өзгертілген және нақты ескерілген жағдайда зерттеу (педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін мектеп жағдайында тексеру).

Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбыластарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, экскурсия т.б.жағдайда), жүргізілу әдісі мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Педагогикалық бақылау – бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі.
Бақылаулар тікелей және жанама, ашық және жабық, үздіксіз және дискреттік (үзіліспен), монографиялық болуы мүмкін. Зерттеуші бақыланушы объектінің іс-әрекетіне тікелей белсене қатысса, (оқушылармен бірге) бақылау тиімді болып шығады. Сырттай (құпия) бақылау айналы (әйнекті) қабырға арқылы немесе телекамераның көмегімен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет