Сұрақтар мен тапсырмалар Анықтауыш эксперименттің мақсаты не?
Анықтауыш эксперименттің әдістемесін қалай дайындаймыз?
Қалыптастырушы эксперименттің мақсаты не?
Қалыптастырушы эксперимент әдістемесін қалай дайындайсыз?
Байқау экспериментінің мақсаты не?
Байқау экспериментінің әдістемесін қалай дайындайсыз?
Педагогикалық эксперимент ең кем дегенде неше сыныпта жүргізіледі?
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары: 1. Эмпирикалық зерттеу әдістерін жалғастыр: Сауалнама,...
2. Болжамның дұрыс немесе дұрыс емес екендігі қай уақытта белгілі болады: А) ғылыми әдебиеттерді талдау барысында;
В) теориялық бөлімде;
С) анықтауыш эксперимент барысында;
D) қалыптастырушы эксперимент барысында;
Е) байқау экпериментінің нәтижесін анықтағанда.
3. Дипломдық жұмыстың кіріспе бөліміндегі ғылыми аппараттарды жалғастыр:... обьекті,...
4.Толықтырыңыз: Ранжирлеу – жинақталған деректердің белгілі бір жүйемен орналасуы, обьектілердің осы .............................анықтау.
Дәріс 13. Педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеу әдістері
13.1 Бастапқы деректерді талдауға дайындау Объектінің сипаттамасын бақылай және өлшей отырып, экспериментатор бастапқы статистикалық материалды жинайды. Ары қарайғы міндет, педагогикалық процестің маңызды қасиеттері мен заңдылықтарын анықтау және гипотезаларды тексеру үшін, нәтижелерді бағалауға және салыстыруға мүмкіндік беретін бастапқы деректерді өңдеу және ұсыну болып табылады. Өңдеу әдістерінің негізінде бастапқы деректерді алдын ала реттеу, жүйелеу және олардың статистикалық сипаттамаларын есептеу жатыр. Деректерді дайындаудың жалпыланған алгоритмі келесі операциялармен ұсынылуы мүмкін:
1) барлық деректер тұжырымдалады және қажетті қысқаша формада жазылады;
2) деректерді топтау, яғни оларды экспериментаторды қызықтыратын белгілеріне сәйкес біртекті топтарға бөлу жүргізіледі. Әр топтағы деректер жоспар - бағдарламаны (сызықтық, параллель немесе айқас эксперимент) жасау кезінде әзірленген үлгіге сәйкес реттеледі, жіктеледі, сұрыпталады, құрылымдалады;
3) әрбір деректер тобының сипаттамасы (белгілері, параметрлері) белгіленеді және топты сипаттайтын факторлардың абсолюттік санын (оқушылар, сабақтар, бағалар, жауаптар және т. б. саны) есептеу жүргізіледі;
4) әрбір қалыптастырылған топтың ішіндегі деректер белгінің кемуі немесе өсуі бойынша қатарға (вариациялық қатарға) орналастырылады. Белгінің ең үлкен және ең кіші мәні анықталады;
5) номиналды немесе реттік шкала бойынша алынған деректердің вариациялық қатары сараланады. Топтастыру интервалдары рангтар бойынша оңтайлы таңдалады (тым ірі интервалдар құбылыстардың ерекшеліктерін жасырады, тым бөлшек интервалдар өңдеуді қиындатады). Осы операция нәтижесінде жаңа сандық деректер пайда болады;
6) эксперименттік құбылыстардың ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік беретін кейбір статистикалық сипаттамалар мен бағаларды есептеуден тұратын, алынған сандық деректер статистикалық түрде өңделеді;
7) алынған ақпаратты көрсететін көрнекі материалдар жасалады: кестелер, графиктер, диаграммалар, схемалар және т.б., олар бойынша келешекте эксперименттік объектілердің параметрлері арасындағы байланыстар орнатылады және талданады.