Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Физика және математика» ббб мәжілісінде қаралды



бет48/99
Дата14.10.2023
өлшемі6,14 Mb.
#113765
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   99
13.4 Нәтижелердің сенімділігі
Айтылып өткендей, педагогикалық процестердің, құбылыстардың негізгі қасиеттері олардың ықтималдық сипаты болып табылады (олар берілген жағдайда орын алуы, жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ орын алмауы да мүмкін). Мұндай құбылыстар үшін ықтималдық ұғымы маңызды рөл атқарады).
Ықтималдылық (Р) берілген оқиғаны, құбылысты, нәтижені жүзеге асыру мүмкіндігінің дәрежесін білдіреді. Мүмкін емес оқиғаның ықтималдығы нөлге, ал шүбәсіз (анық) оқиғаның ықтималдығы бірге (100%) тең. Кез келген оқиғаның ықтималдығы
0  Р  1 (100%)
шегінде жатады. Егер экспериментте қандай да бір сандық нәтиже (Х) алынған болса, онда мынадай сұрақ туындайды: экспериментті осындай жағдайларда қайта өткізер болса, бұл нәтиженің қайта алынатындығының ықтималдығы қандай.
Математикалық статистика бұл сұраққа былай жауап береді: нәтиженің дәл қайталану ықтималдығы нөлге жақындайды. Бірақ, егер нәтиже мәндерінің кейбір аймағын (сенімділік интервалы Хсенім деп аталатын) белгілер болса, онда белгілі бір ықтималдықпен қайталанған эксперимент нәтижесі осы аймақ шегінде болады деп айтуға болады.
Педагогикалық өлшеулер сериясындағы орташа нәтиженің Р сенімділігі (маңыздылығы) деп өлшенетін параметрдің орташа мәнінің, қайта эксперимент жасау кезінде, берілген сенімділік интервалына түсу ықтималдығын атаймыз.
Сонымен, педагогикалық өлшемдер сериясының нәтижесі, сенімділік интервалы мен анықтықты көрсете отырып, орташа арифметикалық мәнмен көрсетілуі тиіс:

Бұл формулада педагогикалық эксперимент принципіның статистикалық мәні бар: егер эксперимент қайталанса, онда оның нәтижесі белгілі бір ықтималдықпен сенімділік интервалы шегінде болады (Хсенім).
Қатаң ғылыми экспериментте кем дегенде 95%-дық анықтыққа қол жеткізу қабылданған, бірақ кейбір жағдайларда (мысалы, барлау экспериментінде) 50%-дық деңгей де кездеседі.
Сенімділік интервалының анықтамасы. Өлшеу саны, сенімділік интервалының шамасы мен анықтық арасында белгілі бір тәуелділік бар. Көлемі бойынша шағын іріктемелер үшін (педагогикалық экспериментте жиі орын алатын) бұл тәуелділікті ағылшын математигі Стьюдент (Госсет) зерттеді, 6-кестеде көрсетілген.








Бұл ретте экспериментатор сандық көрсеткіштердің маңызды айырмасын немесе ұқсастығын басқа дәлелдердің қолдауынсыз қорытындылар (әсіресе күмәнді жағдайларда) негізіне алуға болмайтындығын есте сақтауы тиіс.


Статистиканы қолданудың заңдылығы. Номиналды және реттік өлшемдердің негізінде алынатын статистикалық көрсеткіштер экспериментаторға бай талдау материалын береді, алайда оларды өте абайлап және басқа көздерден алынған материалмен міндетті түрде бірге пайдалану керек. Статистикалық сипаттамалар, ең алдымен, аралық шкалада көрсетілген өлшемдерді өңдеуге арналған. Номиналды және реттік көрсеткіштері бар операциялар шартты түрде жүзеге асырылады және тек топаралық салыстыру шеңберінде ғана мүмкін.
Атап айтқанда, педагогикалық әдебиетте мектептің бес ұпайлық бағалау жүйесінің деректеріне математикалық статистика әдістерін қолдану мүмкіндігі туралы әртүрлі пікір бар. Бұл бағалардың– нақты аралық өлшеу емес, субъективті реттік баға деп есептейтін тек қана рангтік шамалар екендігі оларға параметрлік статистикалық талдау әдістерін қолдануды дәрменсіз етеді.
Ұсыныс. Қатаң емес эксперимент тәжірибесінде статистикалық талдау деректерін, педагогикалық процестің әртүрлі сапалық сипаттамаларымен және басқа да материалдармен қатар, шешімдер мен қорытындыларды әзірлеу үшін пайдаланған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет