8.1 Араластырғыш қондырғының технологиялық жабдықтары
Ірі бетонараластырғыш зауыт немесе қондырғының құрамына әдетте, толықтырғыш пен цементтің механикаландырылған қоймасы, механикаландырылған немесе автоматтандырылған бетондық және ерітінділік бөліктер кіреді. Олар бункерлік, мөлшерлегіш және араластырғыш бөлімшелерден және қосалқы цехтардан (толықтырғыш, цемент қоймаларынан, әктасты қайнататын бөлімшеден, компрессорлық, қазандық, күштік электрподстанциялық және т.б. бөлімшеден) тұрады.
Өнеркәсіптік қондырғылар арналуына, өнімділігіне, жұмыс істеу қағидасын және жабдығының орналасуына қарай бөлінеді.
Арналуына қарай темірбетон бұйым жасап шығаратын зауыттардан әртүрлі маркалы және құрамды бетонмен қамтамасыз етуге арналған араластырғыштардан, жақын орналасқан құрылыс объектілерін тауарлық бетонмен (мәселен, гидротехникалық құрылыс), жол және әуежай құрылысын бетонмен қамтамасыз етуге арналған, құрғақ бетон қоспасын әзірлеуге арналған (бұл қондырғы автобетон араластырғышпен кешенді жұмыс істейді) кешенді болып бөлінеді. Олар әр жерде орналасқан құрылыс объектілерін бетонмен қамтамасыз ету үшін, ақыр аяғында әртүрлі еритін және т.б. құрылыс қоспаларын дайындау үшін қызмет атқарады.
8.1 - сурет - Бетон араластырғыш қондырғының технологиялық сұлбалары: а- биіктегі; ә-партерлік
Өнімділігі бойынша қондырғы кіші, орта және үлкен қуатты болады. Жылына осыған сәйкес 250 000 м3 дайын бетон жасап шығарады.
Ерітінді араластырғыш агрегаттарының өнімділігі жылына 20 000 м3 – қа дейін үздіксіз әрекеттегі сылақ ерітіндісін жасап шығарады.
Үздіксіз әрекеттегі қондырғылар өнімділігі жоғары, бетон құраушыларының мөлшерлеу дәлдігіне қатаң талаптар қойылмаған жағдайда және әртүрлі маркалы бетонның қажеті болмағанда (мәселен, гидротехникалық немесе жол құрылысында) пайдаланылады.
Негізгі технологиялық жабдықты орналастырып жинақтауына қарай қондырғылар биіктегі немесе партерлік (сатылы) типте болуы мүмкін.
Биіктегі сұлба кезінде (8.1, а-сурет) барлық материал қозғалысы салмақ күші әсерінен жүргізіледі. Мұндай жинақтаудың ерекшелігі: құрылыс алаңы аз болады да, ғимарат биіктігі үлкендеу болып келеді.
Партерлік сұлба (8.1, ә-сурет) материалды екі немесе үш рет көтеруді қарастырады. Бұл қондырғылар әдетте инвентарлық, құрастырмалы – бөлшектенетін типтегі болады.
Мәселен, технологиялық сұлбасы 8.1, а-суретте көрсетілген тұрақты бетон зауыты үй құрылысы комбинатының қалыптау цехтарын әртүрлі маркалы және әртүрлі құрамды бетонмен қамтамасыз етуге арналады. Толықтырғыштар (щебень немесе құм) қоймадан ленталық конвейер (10) көмегімен үлестіргіш воронкаға (11) беріледі, одан кейін сәйкес түрде шығып, бункерлерінің біреуіне түседі. Цемент қоймадан пневмокөліктің құбыр жол (8) көмегімен цементті басқыш құрылғыға беріп, шнекті қоректендіргіш (7) арқылы бункерлердің (6) біреуіне түсіреді. Шығын бункерлерінің (6) астында щебеньге, майда толықтырғыштарға және цементке, суға (12) және т.б. сұйық қосымшаларға арналған салмақтық мөлшерлегіштер орналасады. Шығын бункерлерінен (6) мөлшерленіп алынған материал жинақтауын воронкаға (4) түседі де, бетон араластырғыштың (3) біреуіне жүктеледі. Жинақтауыш воронка көтеріліп жабылатын жапқышпен жабдықталған. Бетон араластырғыш кезекпен жұмыс істейді, ал дайын бетон қоспасы сәйкес шығын бункеріне беріледі де, қажетіне қарай қалыптау цехына немесе көліктік құралға (1) түседі. Инвентарлық құрастырмалы- бөлшектенетін, партерлік типтегі, маусымды жұмыстық, үздіксіз әрекеттегі қондырғы (8.1, ә-сурет) бетондық жұмыс көлемі үлкен немесе жол құрылыс алаңшаларын бетондық қоспамен қамтамасыз етуге арналады.
Автокөліктен (8.1, ә-сурет) құралдың (14) толықтырғыштар қабылдау бункеріне (15) түсіріледі де, ленталық конвейермен (16) бункер үстіндегі конвейерге (17) беріледі де, одан кейін соқалы лақтырғыш (18) көмегімен сәйкестігіне қарай щебеньге (19) немесе құмға (20) арналған шығын бункеріне жіберіледі. Цемент автоцементвоздан пневматикалық винттік сорғы (22) көмегімен шығын бункеріне (21) беріледі. Шығын бункерлеріндегі (19, 20, 21) барлық құрғақ бетон қоспасының құраушылары қоректендіргішпен немесе оларға сәйкес мөлшерлегіште (24, 25, 26) үздіксіз мөлшерленіп, жинақтаушы ленталық конвейерге (23), одан кейін конвейермен (27) көтеріліп, үздіксіз әрекеттегі бетон араластырғышқа түседі, оған бір уақытта су құйылады. Дайын қоспа жинақтауыштан (29) көлік құрамына беріледі.
Бетон араластырғыш қондырғы басқарылуы жергілікті, қашықтан немесе автоматтандырылған болуы мүмкін.
Сонымен бетондық және т.б. құрылыс қоспаларын әзірлеуге арналған технологиялық жабдық әзірлеуші бөлімшелерден, бункерлік құрылғыдан, қоректендіргіш мөлшерлегіштен, араластырғыштан, тасымалдауыш машинадан және т.б. қосымша құрылғыдан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |