Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты


Құрастырмалы темірбетон өндірісінің технологиялық сұлбалары



бет26/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35

9.1.2 Құрастырмалы темірбетон өндірісінің технологиялық сұлбалары


ТББ қалыптаудың әртүрлі тәсілдері бар. Ең көбірек таралған тәсіл: жылжымалы, аз жылжымалы және қатаң бетоннан бұйымдарды қалыптаудың вибрациялық тәсілі. Ол тәсілде бетон қоспалары пластикалық күйге келтіріліп, құйылады да, көлемдік сыртқы, беттік және ішкі вибратормен дірілдетіп тығыздалады.


Бетон қоспаларын вибрациялық тығыздаумен қатар, басқа тәсілдер де пайдаланады. Олар кейде вибрация тәсілімен қосылып пайдаланады.
Соңғы жылдары бетон қоспасына арнайы пластикалық қасиетін жоғарылататын қоспаларды қосу арқылы қалыптау машинаны қолданбай-ақ, өте жылжымалы бетон қоспаларын құю тәсілімен бұйымды қалыптау кең таралған.
Ішінен артық суды сорып алатын немесе конфигурациясы күрделі жұқа қабырғалы бұйымдарды қалыптауда пластикалық бетон қоспаларын вакууммен тығыздайды. Вакуумдау – бұл вакуум - сорғы көмегімен жұқа сүзгімен жабдықталған вакуум - щит арқылы бұйымның беттік қабатынан су мен ауаны сору. Кейбір жағдайда вакуумдауды бетон қоспасын вибрациялап престеу кезінде қосалқы әсер ретінде пайдаланады. Вакуумдау кемшілігіне жабдығының едәуір қымбаттылығы, қондырғыны нығыздау қажеттілігі мен өнімділігінің аздылығы жатады.
Престеу мен роликті престеу жазық және дөңгелек пішіндегі үлкен емес бұйымдардың жаппай мол өндірісінде майда толықтырғышты қатаң бетон қоспаларын тығыздауда пайдаланады. Престеу пресс-формаларда бұйымды көлемдік қысу немесе роликтермен илеу жолымен жүргізіледі. Бұл тығыздаудың тәсілі жоғары өнімділігімен ерекшеленеді, бірақ бұйымның шектелген номенклатурасы үшін ғана жарамды. Кейде престеуді вибрациямен (вибропрестеу) және прокатпен үйлестіреді.
Центрден тепкіш тәсілімен қалыптау немесе центрифугалау ұзындығы бойымен сақиналы қиманы иемденетін (құбыр түріндегі) бұйымдарды тығыздау үшін пайдаланады. Центрифуга қағидасы мынадай; арматуралық қаңқамен және бетон қоспасымен толтырылған форманы арнайы жетек көмегімен үлкен жылдамдықпен айналдырады. Бұл кезде бетон қоспасы форманың (қалыптың) сақиналық қимасы бойымен біркелкі жайылады да, центрден тепкіш күш әсерінен жақсы тығыздалады.
Гидропрестеу мен виброгидропрестеуді арынды құбырларды қалыптауда пайдаланады. Бетон қоспасын арнайы қоректендіргіш және вибратор көмегімен вертикаль тұратын нығыздауыш резиналық қап иемденетін форма ішіне салады. Форманың ішкі қуысына қысыммен берілетін судың престеу әсерінен бетон соңғы рет тығыздалады. Бетон қоспасын тығыздаудың бұл тәсілінің кемшілігіне жоғары емес өнімділігі, жасап шығарылатын бұйым номенклатурасының шектелуі, сонымен қатар, қатаң бетон қоспаларын салуға байланысты, форманы тығыздауға байланысты қиыншылықтар және т.б. жатады.
Бетонды торкреттеу және пневмошашыратудың бетондық сыйымдылықтарды, арынды темірбетон құбырларды, суарушы арықтың науаларын және соларға ұқсас басқа да бұйымдарды жасауда, сонымен қатар, ТББ - дағы майда ақауларды тегістеуге немесе жоюға гидрооқшауларына қорғаулық бетон қабатын түсіру үшін, сол қабатты нығыздап жоғары сапалы тығыздау үшін қолданылады. Пневмошашыратуды жүргізу үшін ұсақ толықтырғыштан тұратын, құрғақ мөлшерленіп алынған бетон қоспасын біркелкі сығымдалған ауа ағыншасына беріп отыру керек, оған бір уақытта суды да береді. Бұл тәсілдің пайдалану аясы шектелген.
Темірбетон бұйымдарын жасап шығаратын заманауи ірі зауыт немесе үй құрылысының комбинаты - толықтырғыштардың, тұтқыр материалдың және дайын өнімнің механикаландырылған қоймасынан, бетонараластырғыш, арматура, қалыптау және қосалқы цехтарынан, шаруашылық және әкімшілік қызметінен тұратын жоғары механикаландырылған кәсіпорын, шикізат материалдары мен жинақтауыш бұйымдарды жіберуші - кәсіпорындармен бірге, сонымен қатар, ғимарат пен құрылыс салушы құрылыс ұйымдарымен бірге жұмыс істейтін үлкен зауыт.
ТББ өндірісінің номенклатурасына, қуатына, технологиясына және техника-экономикалық көрсеткішіне қарай өндірістің мына тәсілдері кеңірек пайдаланады. Ол әртүрлі бұйымдарды шығаруға арналады, бірақ үлкен емес өнімділікпен (жылына 10 мың м3 бұйымға дейін шығарады). Барлық технологиялық операциялар ашық алаңда, стендте, полигонда орындалады. Жабдығы жеткілікті қарапайым әрі әмбебапты болып келеді, бұл жасап шығарылатын бұйым номенклатурасын оңай өзгертуге мүмкіндік береді. Стендтік технологияны ҮҚК өнімдерін жинақтауға арналған қосалқы бұйымдарды жасауға жиірек қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет