9.1 Құрастырмалы темірбетон өндіріс процестері жөнінде жалпы мағлұматтар 9.1.1 Құрастырмалы темірбетон өндірісінің мәні
Арнайы зауыттарда жасалынып, құрылыс алаңдарында жиналатын құрастырмалы конструкциялардан ғимараттарды салып тұрғызудың индустриальды тәсілі заманауи құрылыста жетекші орын алатыны. Темірбетоннан жасалынатын құрылыс конструкциясы мен бұйымдар ең берік, әрі технологиясы тиімді келеді. Болат қалыптарда темірбетонды қалыптап, массалық (жаппай мол) бұйымдар мен конструкцияларды жасай алады. Оларды құрастырмалы темірбетон деп атайды.
Құрастырмалы темірбетон бұйым түрі (құрылыс пен өнеркәсіптік ғимараттар мен құрылыстарының темірбетон конструкциялары) арналуы, геометриялық және конструктивтік өлшемдері, технологиялық талаптары, өндіріс тәсілі бойынша әр алуан. Біздің еліміздегі құрастырмалы темірбетон өндірісі арнайыландырылған зауыттар мен үй құрылыс комбинаттарында (ҮҚК) шоғырланған. Олар біріздендірілген массалық темір бетон бұйымдарын (ТББ), оның ішінде қабырғалық панельдерін, қабатаралық жабын, балкаларды, колонналарды, бағаналарды, баспалдақ жолдарын, іргетас блоктарын, ЭБЖ (электрэнергиясын беру желісі), фермаларды, құбырларды, көлемдік элементтерді және т.б. бұйымдарды жасап шығарады.
Арнайы технологиялық қондырғымен жабдықталған арнайыландырылған зауыттардың құрастырмалы темірбетонның индустриальды өндірісі жоғары өнімділікті және төменгі өзіндік құндылықпен бұйымының жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, құрылыс-монтаж жұмыстарының еңбек сыйымдылығын төмендету нәтижесінде ғимараттарды салып тұрғызу мерзімін біршама қысқартады.
Зауыттарда ТББ жасау технологиясы әдетте, арматуралық конструкциясын дайындаудан, бетон ішіне салынатын тетіктерді әзірлеуден, бетон қоспасын дайындап беруден, қалыптарды әзірлеп, бұйымдарды қалыптаудан, оларды термиялық өңдеуден, дайын өнімді қалыптан шығарып алып, қоймаға қоюдан тұрады. Барлық бұл үдерістер арнайы жабдықтарда орындалады.
Араластырғышта дайындалған бетондық қоспа бункер-жинағышқа беріледі де, салу орнына (қалыптау орнына) тасымалданады. Бункер –жинағыш жапқыштармен немесе қоректендіргішпен жабдықталады. Бетон үлестіргішпен немесе бетон салғыш пен қалыптауда қоспа біркелкі беріледі де, қалыптарға немесе опалубкаға (ағаштан не темірден жасалған қалып) салынған арнайы вибратормен тығыздалады.
Жаңадан қалыпталған бұйымдардың әдетте, қосымша ретінде беттерін өңдейді, ұсақ-түйек ақауларын жойып, ішіне салынатын тетіктерді, бұйымдарды бақылап, бетонның әрі қарай қатаюын тездету үшін термиялық өңдеуге апарады.
Достарыңызбен бөлісу: |