Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет15/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81
Байланысты:
Педагогика тарихы л.с

Алты түрлі ақыл-парасат несібесі:
1.Тыныстық-адамның өміріне қажетті тыныс алу мүшелері.
2.Ләм- сөйлеу, есту, сезу, тітіркену мүшелері.
3. Мекен-адамның туған, өскен жері, тұрмысы және отбасы.
4. Ылпа-киім –кешегі және әлеуметтік тұрмысы.
5.Қару-жарақ адамның күші,қуаты, көлегі, қорғаны немесе сақтана білуі.
6.Ұрпаұтаныс- бала, немере, шөбере, және т.б. Ерлі-зайыптылар артвнда ұрпақ ұалдыруға міндетті. Сонымен қатар: а) ер жігіттің-қайын жұрты. Қандас жұрты, нағашы жұрты болуы шарт, ә) әйел адамның төркіні, қандас жұрты және нағашы жұрты болуы шарт. Сондықтан әр әйел адамдардығ және де әр ер адамдардың үш жұрттарының ауыз бірліктері мықты болып бір-бірімен туыстық қарым-қатынасты тікелей бірге ұстаса араларында туылған ұрпақтардың көбейе беруіне ықпал болулары мүмкін деген мағынаны береді.Бұл жерде тек жұрттар ғана тату болуы шарт емес солармен бірге әке-шеше, ел араларының да татулыңы үлкен әсер беретіндігін айтады.
Түркі тілдес даналардың гуманистік ағартушылық идеяларының ой қозғап отырған объектілердің ортақтығы, көркемдік – поэтикалық шеберліктері. Осылардың барлығы көркемдік – эстетикалық ойдың даму табиғатының мәуесі деп білеміз. «Құтты білік», бір сөзбен айтқанда, адамшылық мектебі. Бұл мектепте адам баласының басындағы ақыл – сезімнен ажалға дейінгі жақсылы – жаманды жай – жағдаяттардың сан қатпар қалтарыстары өлең өрнегіне түскен. Адамды адамға надандық емес, адамдық қана ұқтыра алмақ. Дана халық қашанда надандыққа, тасырлыққа ежелден ақыл, білім, тілді, сезімді қарсы қойған. Ақылды арқа тұтқан. «Құтты біліктің» дәстүрі де осы дәстүр. Бұл өсиет кейін талай – талай ірілі – ұсақты шығармалар да жалғасын тапты.
Дастан бәйіттерінде сараланған әлеуметтік топтардың портреттері, қоғамдық – әлеуметтік құбылыстардың өзекті өрнектері, сан қырлы түрлі психологиялық кескіндер уақыт өтсе де тозбайтын, бояуы солғындамайтын таланттылықпен бедерленген сипаттар екені күмәнсіз.
Қорыта келгенде, түркі тілдес ойшылдар мен данышпандардың шығармалары идеялық жағынан, көркемдік, педагогикалық мазмұнының байлығымен ерекшеленеді. Ол XIX және XX ғасырдың басындағы педагогика тарихынан үлкен орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет