Әбу-Райхан әл Бирунидің тарихи-тәлімдік пікірлері Әбу-Райхан әл Бируни(973-1048) астраном, математик, этнограф, дәрігер. Бирунидің еңбектері әлі де зерттелу үстінде. Тәрбие туралы, оқыту туралы көптеген алғы сөздер айтып кетті. Үндістан ежелгі мәдениетті ел Ариабхатта, Варахамихира, Павлис және басқа да ғалымдары математика және астраномия ғылымдарында өшпес із қалдырған.
Астроном,математик,географ,философ,филолог,тарихшы және этнограф, дәрігер және ақын Әбу-Райхан Мухаммед ибн Ахмет әл-Бируни 973ж.4 қазанда ежелгі Хорезмнің астанасы болған Қият қаласының іргесіндегі ауылдардың бірінде туған.Қазір Қияттың орнында Бируни қаласы бар,ол Қарақалпақ автономиялық республикасында қарайтын ауданның орталығы.Бируни туралы әңгімелер мен аңыздар жыл өткеніне қарамастан,осы төңіректегі ауылдарда осы күнге дейін сақталған.Ол аңыздардың бірінде Бурини-деген сөз қала маңындағы жатақ-деген мағынаны беретіні айтылған. Демек,Бируни жатақтардан шыққан.
Қият кейбір тарихи деректерде Хорезм қаласы деп те айталады.Бір кезде Қият Хорезм мемлекетінің астанасы ірі мәдениет орталығы да болған,онда өз заманына сай мектептер мен кітапхана жұмыс істеген.Хорезмдіктер қыпшақтармен,Еділ булгарлармен,Сібір,Қытай,Үндістан елдерімен қарым-қатынастар жасап тұрған.Ғылыми еңбектеріне қарағанда Бирунидің да ежелгі қазақ жерін жақсы білгендігі көрінеді.Ол өзінің «Ел қоныстанған жерлердің шекараларын белгілеу және олардың арақашықтықтарын анықтау»деген кітабында Арал,Каспий теңіздерін,Сырдария өзенін,Отырар,Сауран қалаларын тағы басқа жерлерді айтады.Бируни-ғылымның ел ішінде таралған лақап аты.Ежелгі хорезм тілінде бирун-қала сыртындағы ауыл,жатақ,деген сөз.Осы арқылы ғалым өзінің елеусіз жерден,қарапайым халық ішінен шыққанын көрсеткен.Ғалымның әкесі-Ахмед,өз аты-Мұхаммед, Әбу-Райхан қосалқы аты.Арабша «Әбу»-«әкесі» деген сөз.Әбу-Райхан-Райханның әкесі дегенді білдіреді.Демек Бирунидің райхан деген баласы болған.Бируни ата-анадан жастай жетім қалып, сауатын ашады да,өз бетімен Хорезмидің,Фарабидің, Жаухаридің, Қараджидің,Ферғанидің тағы басқа білімпаздардың кітаптарын оқиды.Ол керуеншілерге бақырша бала болып,Орта Азия мен Солтүстік Иранның ір түрлі қалаларына барады.Осылайша жүріп білімін көтереді.Оқып көніліне тоқыған көп Бируни жиырма жасында көрнекті ғалым болып қалыптасады.Өз бетімен ғылыми кітаптар жаза бастады.Дін мәселелері жөнінде ол қарматтар жағында болады.Қарматтар-сырттай ислам дінінің ережелерін қабылдап іс-жүзінде оған қарсы шыққан адамдар,бұлрдың көпшілігі шаруалармен мен құлдар еді.
Ішінара болса да «дінсіздерді» қолдағандығы сезіліп қалғандықтан Бируни Хорезмде тұра алмайды. Ол 995 жылы өз елінен кетуге мәжбүр болып, өмірінің ұзақ жылдарын шетте өткізді.
Туған жерінен қуылған ғалым Каспий теңізінің оңтүстік жағалауындағы қалаларға келеді. Кәбус ибн Уәшімгір деген әкімнің қол астында қызмет істейді. Осында жүргенде, 1000 жылы, 27 жасында «өткен буындардың ескерткіштері» атты өшпес еңбегін жазды.
Бируни Кәбус сарайында да көп паналай алмайды, одан кетіп Рай қаласында тұрады. 1010 жылы Хорезм мемлекетінің жаңа астанасы Үргенішке келеді. мұнда оны Хорезмнің әкімі ибн Мамун қызметке алады.
Мамун Үргенішке белгілі ғалымдарды жинаған болатын. Бұл өз заманының академиясы сияқты еді. Ғалымдарға басшылық ету Бируниге тапсырылды. Ол Мамунның сарапшыларының бірі болады. Мұнда Әбу Әли ибн Сина, Әбусахиль, Мәссих, Әбулхасанибн Әлхуммар, ибн Мүскәуайх және Бирунидің жоғарыда айтылған ұстазы Әбунасыр ибн Ирак қызмет істейді. Алайда Бируни Үргеніште жемісті еңбек ете алмайды, онда ғылыммен шұғылдануға мүмкіндік болмайды. Оған көбінесе саясат мәселелерімен айналысуға тура келеді. Бұл бүкіл Хорезм мемлекетіне Ғазна сұлтаны тарапынан соғыс қаупі төнген кез болатын. Бируни саяси-дипломатиялық іске белсене қатысады, нәтижесінде Ғазна шапқыншылығын он жылдай кейінге қалдырады.
Бирунидің өміріне тікелей қатынасы болғандықтан, ғазнауилардың шапқыншылығына тоқталып өтейік. Ауғаныстанда Кәбіл мен Қандағар қалаларының орталығында Ғазна деген өзен бар.Осы өзеннің жағасында Х ғасырда қала салынып,Ғазна қаласы деп атаған.Ауғанстан мен Иранды билеген түркі сұлтандары оны өздірінің астанасы еткен,Ғазна мемлекеті деп атаған.Ғазна мемлекетін біріктірген Орта Азиядан шыққан түркі Алып-Тегін деген адам.Ол хорасан әкімнің құлы болатын,кейін ерлігімен көзге түсіп,сипасалар-нөкер басы қызметіне жоғырлатылады.961жылы Әбдіо-Мәлік өлгеннен кейін өкімет билігі Алып-Тегіннің қолына қолына көшеді.Ол 964жылы Ғазнаны басып алып,Иранды Ауғанстанға қосып өзін Ғазнаныңсұлтаны деп жариялайды.Аып-Тегінен кейін оның саясаты Сәбік-Тегін 977-997 жүргізеді.Сәбік-Тегін Орта Азияның оңтүстік бөлігін басып алады.Ғазнаның күшейгензаманы-Сәбік-Тегінің баласы-Махмуд Сұлтанның 988-1030 тұсы.Хорезмге қауып төндірген де осы Махмуд Сұлтан болатын.
Махмуд дінді нығайтуды сылтау етіп,көрші елдерге көптеген қанды жорықтар жасайды,бұл жорықтарды ғазауат-діни үшін соғыс деп жариялайды.Орта Азияда бес-алты рет келіп,қияттықтар мен көшпелі қыпшақтарды шауып кетеді,ал іргесіндегі Үндістанның оңтүстік-батысына талай рет ойран салады.
Ғазнауилардың жорықтары көптеген халықтардың тарихында өзінің қатты іздерін қалдырған,әр түрлі ертегілер мен аңыздар тұдырға.Онда жырланатын Сырлы қазан-осы ғазна қаласы.Махмуд Хорезмді соғыссыз алуды көздейді.Осы мақсатпен ол 1007Мамунның ағасы Әлиге қарындасын береді.1015жылы Мамунның өзіне-қызын береді.Алайда,Мамун Хорезмнің тәуелдігін көздейді.Оған Бирунидің айтарлықтай ықпалы болады.Осы кезде таққа таласқан шонжарлар Мамунды өлтіреді.Күйеу баламды өлтірді-деген сылтаумен Махмуд бүкіл Хозезмді астын-кестен етеді.Бірақ көзі тірісінде Мамун өз сарайындағы ғалымдарға Махмуд сендерді Ғазнаға жібер деп жатыр.Менде оның жарлығын өзгертерлік дәрмен қалмады.Өз қолыммен сендерді ұстап бергім еклмейді.Сондықтан Ғазаға баруды қаламайтындарың өз жолдарыңды табыңдар дейді.Ибн Сина,Мәссих,тағы басқалар Хорезнен қашып ел кезіпкетеді.Махмуд кейін Ибн Синаны 15жыл іздетеді,бірақ қолына түсіре алмайды.Хорезмнен кетпеген Бируни,әл-Хуммар, ибн Ирак қолға түседі. Бұларды Махмұдтың жендеттері тұтқындап, Ғазнаға айдап әкетеді.Бирунидің қалған өмірі негізінен осы Ғазнада өтеді.Ғазнаға тұтқындап әкелгенімен Бирунидің өлтіруге немесе құлдыққа сатқызуға Махмұдтың батылы бармайды, тек алты ай түрмеде отығызып шығарады.Ғалымды қолдаушылар көп болады.Екінші жағынан Махмуд Бируниді өз мақсатына пайдалануды көздейді.
Үндістаннан Кавказға,Арал теңізінен Үнді Мұхитына дейінгі жерлерді қанға бояған сұлтан өзінің зұлымдықтарын дәріптейтін оны келешек ұрпақтарға «үлгі»етіп тарихта қалдыратын кітаптар жаздыруды ойлайды.Ал Махмудты сарайындағы ақын Унсури мен тарихшы Утбиді жазғандары қанағаттандырмайды.Бұл үшін Махмуд данышпан ақын Әбілқасым Фердаусиді шақыртып алып,патшаға лайықты кітап жазуды тапсырады.Дүние жүзіне әйгілі «Шаһнама»дастаны осылай туады.Бірақ онда ертедегі батырлардың ерліктері,ескілікті аңыздар,достық пен махаббат,әділдік пен адамгершілік жырланады.Махмудты мадақтайтын бір ауыз да сөз болмайды.Парсыша «щаһ»-«патша»,нәма-кітап.Шығарманың аты «патшалар кітабы»болады.Онда ежелгі иран мен Тураның көптеген патшалары мен батырлары айтылады.Көлем жағынан алғанда Фердоустың дастанын «кітаптар патшасы»деуге болады,ол 135 мың жолдық бәйіт өлеңнен құралған.Фердоусиге дейін мұндай үлкен дастан жазған ақын тарихта болған емес.Ақын өшпес кітабын 30 жыл жазып,Махмудқа ұсынған.
«Шахнамәға»көңілі толмаған сұлтан,авторы мазақ етіп болмашы сыйлық жіберді,бірақ ақын сыйлықтан бас тартты.Оған ашуланған Махмуд ақынды асау пілге текпілетіп өлтірмек болған.Фердоуси қартайған шағында бірнеше жыл қашып жүріп өз ауылында өлген.Көпшіліктің зиратына көмуге рұхсат етілмегендіктен,оның денесі өз бақшасында жерленген.
Махмудтың үмітін Бируни де ақтамайды,ол да сұлтанды мақтайтынтын кітап жазбайды.Мүмкіндігі болған кезде ғылыммен шұғылдана береді.Тұрмысы нашарлап,мұқтаддық құрсауына түскен ғалымды дүниеге қызықтырып өзіне жақындатып алмақшы болған Махмуд Бируни үшін пілге артып, алтын мен күмістен сыйлық жібереді,Күмістің кететінін,ғылымның қалатынын жұрттың бәрі біледі.Мен ақыл парасатынан тая алмайтын,аз күндік,алдамыш жылтыр тасқа жолынан аумайтын мәңгілік білімімді ешқашанда да сата алмаймын.
Бируниді айқанына көндіріп алдағанына жүргізе алмаған сұлтан қатты ызғаланады.Ақыры бір күні оны биік үйдің төбесінен лақтырып өлтіруге әмір етеді.Бірақ үй төбесінен құлағанда Бируни тірі қалады да тек қана шынағының буыны шығып кетеді,өйткені жақсы ниеттегі,тілеулес адамдар оның түсетін жеріне дереу жас шөп,мақта,көрпе-жастық үйіп тастайды.Уәзірлер сұлтанға «Ажалы жоқ екен Бируни тірі қалды,бірақ мертікті»деп барады.Осыдан кейін тағдыр,ажал дегендерге қатты сенетін Махмұдтың амалы таусылады.Бируниғазиауилардың қолында 30жыл болады.Ол еліне барса,қалған халықты ұйымдастырып,бүлік шығарады деген қауыппен Хорезмге қайтарылмайды,жер аударылған адам есебінде ұсталады.Сұлтаннан рұхсат алып бес алты жыл Үндістанда тұрады.Ғазнаның тыңшылары оны әрдайым бақылап,аңдып жүреді. Академик В.В.Бартольдтің келтірген бір дерегіне қарағанда Махмұд өзінің туған баласы Масғұтты да тыңшыларға аңдытып қойған.Масғұт анда-санда Бирунимен әңгімелесіп,оның әр түрлі мәселелер жөніндегі пікірлерін біліп отырады екен.
Айдауда болса да Бирунидің Ғазнада және Үндістанда тұрған жылдары жемісті юолады.Ол осы кезде көптеген ғылыми еңбектер жазады.Ғалым елуге келгенде Үндістанның ғылыми және әдеби тілі болған санскрит тілін үйреніп жақсы меңгереді.Үнді ғалымдары Бируниге зор құрмет көрсетіп ,құшақ жая қарсы алады.Бұған бір жағынан Бирунидің жеке басының адамгершілігі себеп болса,екігші жағынан Ғазнаның тұтқыны екендігі себеп болады.Махмуд үнділерді жыл сайын шауып,олардың титығына жеткен болатын,сондықтан сұлтан қаһарына ұшырағандар үнділердің мұңдасы болып есептелетін. Үндістан-ежелгі мәдениетті ел. Ежелгі Үндістанның Ариабхатта,Варахамихира, Павлис, Брагагцпта және т.б. да ғалымдар математика мен астрономия ғылымдарында өшпес із қалдырған.Бируни Үнді ғылымының үздік табыстарын меңгереді,халқының тарихын,әдет-ғұрыптарын,календарын зерттейді,Мұның нәтижесінде Үндістан атты әйгілі кітап жазады.Орта Азияның араб елдерінің Европаның ғалымдары үнді мәдениетінің табыстары мен Бируни ебектері арқылы танысады.Екінші жағынан Бируни үнді ғалымдарын грек пен араб ғылымымен таныстырады.Евклидтің негіздерін, Потоомидің Альмагесін және өзінің астрология жөніндегі кітабын санскрит тіліне аударады.1030 жылы Махмұд өоеді.Ол өз орнын туған баласы Масғұт түсында Бирунидің тұрмысы едәуір жақсарып еңсесі көтеріледі.Ол1034 жылы Хорезмдегі еліне келіп қайтады.Масғұттың көрсеткен қамқорлығына жауап ретінде ғалым,М асғұт таблицалары атты көлемді еңбек жазады.Алайда Масғұт он-ақ жыл сұлтан болады,оны 1041ж өзінің інісі өлтіреді.Осы қарбалас кезінде Түркменстанды мекендеген шапқыншылар селжүк түріктері Ғазна әскерлерін талқандап Үндістаннан Орта Шығысқа дейінгі елдерді басып алады.Селжүктердің ұлан-байтақ мемлекеті құрылады.Ғазна мемлекеті 1044жылдан бастап Азиянияның саяси картасынан сызылып қалады.Ғазна қаласы тұрған Сүлейман тауларының бөктерлері селжүктерге бағынатын ұсақ елді мекенге айналады.1048ж 13дек.Масғұттың баласы Маудуттың сарайында,данышпан ғалым және ойшыл Әбу Райхан әл-Бируни дүние салады.