Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет16/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81
Байланысты:
Педагогика тарихы л.с

Махмұт Қашқари (XI ғасырда) өмір сүрген түркі халқының аса дарынды перзенттерінің бірі. Негізгі еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі сөздерінің жинағы) деп аталады. Махмұт Қашқари Талас Шу алқабындағы Барысхан қаласында туған. «Диуани лұғат ат-түрік» түркі халқының тамаша ескерткіші болып табылады. Сөздікте адамгершілік, тәлім тәрбие, психологиялық қасиеттер, адамның бойында кездесетін жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарға сипаттам берген. Сонымен қатар, жинақта махаббат, эллегия, табиғат секілді тақырыптармен қатар, моралдьдік, этикалық, тұрмыстық, мифологиялық оқиғаларды да сөз етеді. Оны шығармасында әл-Фарабидің рационалистік және гуманистік идеяларының іздері айқын байқалады. Түркі елі әдебиетінің ренессанстық дәуірінің бастапқы кезеңіне жататын осы бір үлкен классикалық шығарма қазіргі қазақ тілінің негізін, әдебиеттік арнасының көзін танытатын мәнді де маңызды, түркі халқының мақтанышы болған құнды мұра, жазба әдебиетіміздің тұлғалы шығармасы.
Жинақта тәлім тәрбие, дидактикаа, өсиет, адамгершілік, ұрпақ тәрбиесі, ізгілік туралы ой піріклер айтиады. Мәселен «Атасынан ақылы алса, тентек ұлда жөнделер», «Ұлысыңда ұлы болсаң, біліміңді елге бер», «Асығыс еткен іс шала, асығыс шаққан от шала», «Ұлым, ақыл таңдасаң, білімсіздік жоғалар, білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар».
Сөздікте ерекше тәлімдік –тәрбиелік, ғибраттық мәні бар мақал мәтелдер, қанатты сөздер, жиі кездеседі. «Ақылымды ал, ұлым менің рақымшыл бол, әулетіңнің ағасы бол, ақылшы данасы бол, білгеніңді ортақтас...», «Ұлым менің ақыл сенің серігің», «Ашу ыза ақылыңды алады, мыжыма мылжың дүниеңді тарылтады». «Даналардың сөзі- ақыл, зер салсаң зердеңе қонарсың» «рақымшыл болсаң, менмен болса», «Рақымың болмай мақтансаң, қиын қыстауда қиналарсың», «Туғаныңның мәртебесін өсіргің келсе, сый-сияпат көрсет.
Бүгінде халықтың құнды қазынасына айналып отырған бұл мұра қоғамымызды рухани байытуға, оның гуманистік және адамгершілік идеяларына, мақсат – мұраттарына қызмет ететіні айдан анық.
Ибн Сина мемлекетке жалпы адамзатқа арналған жеке адамдар санасын., білімін оқып үйрену, тәрбие алу үшін арнаулы қаржы бөлуге тиіс деген тұжырым жасаған. Мемлекеттегі алым-салықтар тәрбиелеуші ұстаздарға, үйретуші адамдарға жалақы ретінде төлену тиіс дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет