Пікір берушілер


Орта мектеп теңсіздіктерді оқыту әдістемесі



бет19/36
Дата06.01.2022
өлшемі5,73 Mb.
#13039
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Байланысты:
Матанализдің кейбір есептерін теңсіздіктерді пайдаланып шешу

Орта мектеп теңсіздіктерді оқыту әдістемесі

Теңсіздіктер туралы
Адамдардың күнделікті өмірінде теңдіктерден көрі теңсіздіктер өте қажет болады. Мектеп алгебрасындағы маңызды мәселелердің бірі – теңсіздіктер. Математика оқулықтарында «Үлкен», «Кіші» таңбаларымен байланысатын өрнектер жиі кездеседі. Оқу бағдарламасында сандық теңсіздіктердің қасиеттерінен бастап, жоғарғы дәрежелі теңсіздіктерді шешудің теориясы мен практикалық мәселелеріне дейін кең орын берілген. Мысалы, сызықтық теңсіздіктерді шешу, екінші дәрежелі теңсіздіктер көмегімен квадраттық үшмүшені зерттеу, теңдеулер жөнінде талдау жасау, жуықтап есептеулер, үздіксіз бөлшектер, иррационал сандар теориясы, сандық қатарлар сияқты мәселелер теңсіздіктер арқылы түсіндіріледі. Тек математикада ғана емес, әр түрлі жаратылыстану ғылымдарында зерттелетін табиғаттың үздіксіз процесі, әсіресе, экологиялық, экономикалық және т.б. халықшаруашылығындағы байланыстар теңсіздіктердің көмегімен шешіледі.

Теңсіздіктер теорисы орта мектепте оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта алатындай, өз алдына ғылыми – педагогикалық маңызды бар негізгі оқу материалы болып есептеледі. Ол оқушыларды айқын дұрыс ойлауға, шамаларды салыстыра білуге дағдыландырады.

Соңғы кезде орта мектеп математикасында көптеген жақсы бетбұрыстарға қарамастан теңсіздіктер жөнінде мектеп оқушыларының түсініктері мардымсыз. Жоғары оқу орындарына түсуге талпынатындардың басым көпшілігі теңсіздіктерді нашар біледі, шамалы білгендерінің өзін нақты есептер шешуге қолдана алмайды. Осы олқылықты жою үшін теңсіздіктер теориясы мен оны үйренудің әдісін жетілдіру қажет. Политехникалық принциптерді басшылыққа ала отырып, физика, химия, география, биология және т.б. ғылымдарды қолданудың нәтижесінде шығатын әр түрлі теңсіздіктерді өрнектейтін мысал есептер құрастырып шешу керек. Теңсіздіктер шешуді оқушылар күнделікті кездестіретін айналасындағы фактілермен байланыстыруы қажет.

Әр түрлі теңсіздіктер ерте заманда – ақ белгілі болған. Евклид пен Архимед шығармаларында көптеген теңсіздіктер келтірілген. Осы күнгі теңсіздік таңбасы XVII ғасырда ағылшын ғалымы Томас Гарриоттың латын тілінде жазылған «Аналитикалық өнердің практикасы» атты еңбегінде тұңғыш рет келтірілді.

Теңдіктер теңсіздіктерден жасалады, оларды теңсіздіктердің дербес бір түрі деуге болады. Теңсіздікті теңдікке айналдыру үшін екі шама айырмасын дәл бағалау керек.

Теңсіздіктер сандық теңсіздіктер, алгебралық теңсіздіктер, классикалық теңсіздіктер болып бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет