Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Зейіндерін сабаққа аударады, жауап береді.
Мадақтау, толықтыру
Оқулық, видео, слайдтар
Сабақтың ортасы
Зейінділік ойыны
оиөымеяиаоыұсыиеэсыүа жазбасындағы а әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастайды. Қандай сөз шықты? (масса)
- Массаның қандай өлшем бірліктерін білесіңдер? Заттың салмағын өлшеу үшін қандай құралды пайдаланамыз? Ертедегі адамдарда заттардың салмағын өлшейтін қазіргідей таразылар болған жоқ, нәрсенің ауыр - жеңілін көрсететін «зілдей, қаңбақтай» деген сияқты салыстырма ұғым ғана болды.
Енді мына ыдысқа қараңдар. Ыдыстың ішінде не бар? Осы ыдыстағы қантты санай аласыңдар ма? Тек қана қант емес, тағы да қандай сусымалы заттарды білесіңдер? (ұн, күріш, тұз, құм). Міне, осылардың салмағын өлшеу үшін адамдар таразыны ойлап тапты. Менің екі қолымды таразы деп есептейік. Оң қолымда – темір, сол қолымда – пластмасса.
- Қай қолым төмен түсті? Неге?
- Таразы да осылай құрастырылған: қай жағындағы зат ауыр болса, сол жағындағы табақ төмен түседі, жеңіл жағы жоғары көтеріледі.(Әр таразыға тоқталып мағлұмат беру).
- Жаңа өздерің айтқандай салмақты өлшеу үшін т, ц, кг, г өлшем бірліктерін қолданамыз. Тонна, центнер көбінесе ауыр заттарды өлшеу үшін қолданылады. Килограмм, грамм бірліктерін күнделікті дүкеннен азық - түлік алған кезде немесе адамның салмағын, ұсақ жәндіктердің, жануарлардың салмағын өлшеу барысында қолданамыз.
Масса – материяның инерциялық және гравитациялық қасиетін анықтайтын физикалық шама.
Топпен жұмыс
№2
1 - топ ----------- 2 - топ ----------- 3 - топ ---------- 4 - топ
2кг=2000г ------ 4т=4000кг ------ 1т=1000кг ----- 1000кг=1т
3ц=300кг ------- 6т=60ц ---------- 5ц=500кг ------- 4ц=400кг
50ц=5т ---------- 700кг=7ц ------- 4кг=4000г ------- 2т=2000кг
№3
1 - топ
Қораптың қайсысы бос?
2 - топ
Ұн салынған қапшық қанша тартады?
3 - топ
Қай сөмкедегі заттың салмағы 5кг
4 - топ
Қиярдың салмағы неше кг?