Ойын: «Кім шапшаң?» Балалар, мына суретте жүрегімізді жылу мен қуанышқа толтырған күн көзін бұлт басқалы тұр. Бұлт ішіндегі сұрақтарға шапшаң жауп беріп,күн көзіне жеткізбей қуып шығайық.
1.Қозғалыс жылдамдығын қалай табамыз?
2.Қашықтық дегеніміз не?
3.Уақытты қалай табамыз?
4.100-дің,1000-ның жартысы нешеге тең?
-Мінекей балалар, күннің көзі ашылып бізге күн нұрын шашып тұр.
-Берілген сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларға мен алма үлестіріп бергім келіп тұр.
-Енді осы алмаларынды өздерін жалғыз жейсіңдер ме?(көршісіне бөліп беру)
-Алманы тең ортасына бөлейік, не шықты?(жарты алма шықты ).Алма теңдей неше үлеске бөлінген?(тең екі үлеске бөлдік).
-Енді көршің екеуің өздерің ғана жейсіңдер ме?(тағы алманы тең бөлікке бөліп, үлестіріп беру).Неше бөлікке бөлдік? (Төртке).
Тапсырмалар: Суреттің неше бөлігі боялған? Бөлшек сан түрінде жазып көрсет. Бөлшекті екі натурал санның бөліндісі түрінде жаз.
«Кім зерек» ойыны. 1)Фигуралардың қандай бөлігі боялған? Жемістердің қанша бөлігі тәрелкеге слынған? Бөлшек түрінде оқушылар тақтада жазады.2/1; 4/1; 3/1: 5/2; 10/7; 14/6; 9/5.
2) Ірімшікті үш рет кесу арқылы қалай 8-тең бөлікке бөлуге болады?
1 қадам: ірімшікті тең ортасынан екі үлеске бөлу.
2 қадам: : ірімшікті тең төрт үлеске бөлу.
2 қадам:ірімшікті көлденен ортасынан бөлу.Сонда үш рет кесу арқылы 8 бө- лікке бөлуге болады.
Математикалық диктант
а) Жай бөлшек түрінде жаз: бестен үш; алтыдан бір; он бірден тоғыз; жиырмадан он тоғыз; тоқсан екіден отыз бір; жүзден тоқсан жеті
ә) Дөңгелекті тең 4 бөлікке бөлгендегі оның бір бөлігін............. деп атайды.
б) Бөлшек сызығы.......... білдіреді.
в) Бөлшек сызығының астындағы бөлігі............ деп, ал үстіндегі бөлігі............ дейді
1.Жай бөлшектің бөлімі нені білдіреді?
2. Жай бөлшектің алымы нені білдіреді?
3. Екі натурал санның бөліндісін жазу тәсілдері қандай?
4. Натурал санды жай бөлшек түрінде жазуға бола ма?
1. Жарасқа таңертең сағат 9 - да тұру керек. Сондықтан ол кешкі 6 - да сағаттың қоңырауын қосты да, ұйықтап қалды. Қоңырау неше сағат өткен соң шырылдайды?
2. 1 тышқан мен 2 бала бақаның салмағы бірдей, ал 1 бақа мен 2 бала тышқанның салмағы бірдей. Бақа ауыр ма, тышқан ауыр ма?
3. Золушкаға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп сал, екеуіне бірдей, үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма берді. Золушка бұршақтарды қалай бөледі деп ойлайсыңдар?
4. Дымбілмес бір кафеге кіріп балмұздақ алмақшы болды. Жаймадағы бағада: «Балмұздақ пен самса 7 теңге тұрады, ал 5 балмұздақ пен 2 самса 23 теңге тұрады» деп жазылған. Дымбілмес 1 балмұздақ неше теңге тұратынын есептеп шығара алмай жатыр, көмектесеміз бе?
5. Шынар 18 тұшпараны ағасы Еркін мен оның екі досына тең бөліп салып берді. Әр адамға неше тұшпарадан келеді?
6. Үш дос шахмат ойнап отыр. Олардың әрқайсысы 2 партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналған?
7. Тортты 12 бөлікке бөлген, бірақ біраз торт желінген соң қалғаны әуелгіден 6 есе аз болған. Сонда торттың нешеуі желініп, нешеуі қалды?
8. 18 метрлік бауды 3 бөлікке бөлу үшін неше рет кесуге болады?
9. Сыныпта 13 оқушы бар. Олардың барлық тістерінің саны 416. Яғни әр оқушыда неше тіс бар?
10. Екі тарелкеде 9 алма тұр. Бір тарелкеден 1 алманы алып тастағанда бұл тарелкеде екінші тарелкеге қарағанда 3 есе артық алма қалды. Әуелде әр тарелкеде қанша алмадан болған?
№2 тапсырма
1. Үйеңкі мен қайың ағашында 26 құс қонып отыр. Қайыңнан 6 құс ұшып кетті, ал 4 құс үйеңкіден қайыңға келіп қонды. Осыдан соң екі ағашта да құстар саны бірдей болды. Ең басында қай ағашта қанша құс отырды, соны табыңдар.
2. Бір оқу аптасында Имаш 28 сағат 20 минут уақытын мектепте өткізеді. Аптадағы оқу күндері алтау десек, Имаш күніне неше сағат мектепте болады?
3. Әкесі бақтан 25 алма, алмұрт және өріктерді жинап әкелді. Алма мен алмұрт 15, ал алмұрт пен өрік 16. Қайсысы қанша?
4. Шешесі ұлынан 3 есе үлкен. 15 жылдан кейін ұлынан 2 есе үлкен болады. Шешесінің жасын тап.
5. 13 жылдан кейін әкесі ұлынан 3 есе үлкен болады. Қазір ұлы 7 - де болса, әкесі нешеде?
6. Менің әкем 65 жыл өмір сүрді. Ол 5 жылын суда малтаумен өткізді. Ол неше ай суда өмірін өткізсе, сонша жыл жерде өмір сүрді. Неше ай, неше жыл екенін тап.
7. Тор ішінде 10 бас қырғауыл мен көжектер отыр. Олардың барлық аяқтарының саны 28. Қырғауыл 6 болса, көжектер нешеу?
8. Айбек пен Торғын әрқайсысы 10 жаңғақтан теріп жеді. Айбек Торғынға өзінің жаңғақтарынан 4 - ін берді. Торғынның жаңғақтары қанша болды?
9. Спорт залында арқан ілулі тұр. Бала сол арқанмен 3 м. биіктікке көтерілді. Бұл арқанның төрттен бір бөлігі деген сөз. Сонда арқанның ұзындығы неше метр болғаны?
10. Аспаз самауыр сатып алып қонақ шақырыпты. Ол шай ішуге 60 қалаш (бұрама нан) пісіріпті. Қонақтардың әрқайсысына 1 қалаш және жарты қалаштан келген, ал 3 қалаш артық қалған. Сонда қонақтардың саны қанша?
№3 тапсырма
1. Үш семіз арықтағандарын тексеру үшін өлшенуге келген екен. Олардың үшеуінің салмақтарын қосқанда 750 кг болыпты. Бірінші мен екіншісінікі – 450 кг, ал екінші мен үшіншісінікі – 550 кг. Кімнің салмағы қанша болған?
2. Егер бөшкені құммен толтырса, ол 89 кг болады. Ал сол бөшкеге су құйса құмнан 4 есе жеңіл болады. Бөшкенің өз салмағы 5 кг. Сонда су неше кг болуы мүмкін?
3. Жазушы кітап жазып баспаханаға әкелді. Артынан ол тағы 80 бет қосты да, 120 бетті алып тастады. Ақырында кітаптың 340 беті қалды. Әуелде кітапта неше бет болды?
4. Еріктің шелегінде алабұға, теңгебалық, таутан – барлығы 14 балық жатыр. Теңгебалықтан таутанның 10 - ы артық. Шелектегі балықтардың әрқайсысы қаншадан?
5. Бірнеше машинаға тең етіп 18 тонна темірді артты. Бір машина үлкен болғандықтан, оған 2 тонна артық артылды. Осыдан соң бұл машинада 5 тонна темір болды. Барлық машиналар саны қанша?
6. 5 сәбіз бен 3 қияр 84 теңге тұрады. Ал 3 қияр мен 2 сәбіз 39 теңге тұрады. Демек, бір қияр мен бір сәбіз қанша тұрады деп ойлайсыңдар?
7. Бір сазбалшықта Бақылдауық бақа мен мамасы тұрыпты. Бақылдауық бақа түскі тамаққа 16 шыбын жеді, ал шешесі 7 - і кем шыбын жеді. Кешкі тамаққа Бақылдауық бақа 15 шыбын, шешесі одан 5 - і кем шыбын жеді. Бір күнде барлығы неше шыбын қажет болғанын тап.
8. Сыныпта 36 оқушы бар. Әрбір 4 қызға 5 ұлдан келеді. Сонда неше қыз бен неше ұл бар?
Жауап береді
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау,