Пікір жазған: Абай атындағы ҚазҰпу-нің Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Бельгия Жоғары Мектебінің Гонорар профессоры



бет17/37
Дата15.08.2023
өлшемі6,23 Mb.
#105295
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Байланысты:
80 1668400868

«Миға шабуыл»ойыны
-Құстарға арналған үй? (ұя)
-Ең үлкен 1 таңбалы сан? (9)
-1 тәулікте неше сағат бар? (24)
-1 ғасырда неше жыл бар? (100)
-Ең кіші натурал сан? (1)
-1 сағ неше минут бар (60 мин)

Санның бөлінгіштік белгілері. Сандардың жазылулары бойынша, бір санның екінші санға бөлінгіштігін анықтайтын ереже бөлінгіштік белгісі деп аталады. Алгебра бөлу амалын орындамай-ақ, берілген санның қай бөлгішке бөлінетінін, қайсысына бөлінбейтінін алдын ала анықтауға болатын белгілерді табуды едәуір жеңілдетеді. 2-ге, 3-ке, 4-ке, 5-ке, 6-ға, 8-ге, 9-ға , 10-ға және 11-ге бөлінгіштік белгілері.



  • 2- ге бөлінгіштік белгісі:

Жұп сандар 2-ге бөлінеді.

  • 3- ке бөлінгіштік белгісі:

Берілген санның цифрларының қосындысы 3- ке бөлінсе, ол сан 3-ке бөлінеді.
Мысал 1: 4211346 саны 3-ке бөлінеді. Себебі, 4+1+1+3+4+6=21, 21 саны 3-ке бөлінеді.
Мысал 2: abc-3-ке бөлінетін сан. a2b8c3 санын 3-ке бөлгенде, қандай қалдық шығады?
Шешуі: a+b+c=3k k — бүтін сан.
a+2+b+8+c+3=a+b+c+13=3k+13=3k+12+1=3(k+4)+1.

  • 4- ке бөлінгіштік белгісі:

Берілген сан 4-ке бөлінуі үшін санның соңғы екі цифрымен жазылған екі таңбалы сан 4- ке бөлінуі қажет.
Мысал 3: 364, 1508, 300, 4112 – 4- ке бөлінетін сандар. 214, 522, 417, 2575 – 4- ке бөлінбейтін сандар.

  • 5- ке бөлінгіштік белгісі:

Берілген сан 0 немесе 5 цифрларымен аяқталса, сол сан 5- ке бөлінеді.
Мысал 4: abc- үштаңбалы сан. Санды 5-ке бөлгенде, қалдықта 2 шығады. Егер abc 3- ке бөлінетін сан болса, a+b+c-ның ең үлкен мәні қанша?
Шешуі: abc-ны 5- ке бөлгенде қалдықта 2 саны шықса, онда c=2 немесе c=7 мәні үлкен болуы үшін c=7 деп аламыз. abc саны 3- ке бөлінсе, a+b+c қосындысы да 3- ке бөлінеді. a+b+7=3k a+b=17 болса ғана, a+b+c өрнегі өзінің ең үлкен мәнін қабылдайды. a+b+c=17+7=24.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет